Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  11 класс  /  Оқу сауаттылығы24 / 1 нұсқа

Оқу сауаттылығы24 / 1 нұсқа

Avatar
13.03.2024. Тест. Родной язык и литература, 11 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
Оқу сауаттылығы бойынша берілетін тест тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

Маралтамыр, Шайжапырақ немесе Укекіре (лат. Rhaponticum) – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық көген тамырлы өсімдіктер тегі. Қазақстанның альпілік, субальпілік шалғындарында, сор, сортаң жерлерде, құрғақ өзен арнасында, тастақты өзен жағалауларында өсетін бес түрі бар.

Бұлардың биіктігі 6-100, кейде 180 см-дей болады. Сабағы бұтақтанбаған, жіңішке қырлы болып келген, жоғарғы жағы бірнеше жерден бунақталып жуандаған. Жапырақтары бүтін жиекті, кезектесіп орналасқан, кейде қауырсын тәрізді тілімделген. Гүлі қос жынысты, қан қызыл күлгін, сирек сары түсті. Гүлшоғыры себет, жеке-жеке сабақ ұшында орналасқан. Жанама тамырлары арқылы тез көбейетін арамшөп. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, тамыз айында жеміс салады. Жемісі – тұқымша.  

 Өсімдіктердің кең таралған жерлері – Солтүстік АфрикаАзия, және Еуропа. Жылтырақ шайжапырақ (R. nіtіdum) –   республика флорасындағы эндемик түрдің бірі; Маралшөп тамыры (R. carthamoіdes) – дәрілік, тағамдық және мал азықтық өсімдікөлі Қаратау шайжапырағы (R. karatavіcum) –  өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түрлер болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.   

1. Мәтін бойынша маралтамырдың гүліне тән ерекшеліктің бірі

Варианты ответов
  • Гүлі қауырсын тәрізді
  • Гүлі екі жынысты
  • Тамызда гүлдейді
  • D) Гүлі бүтін жиекті
Вопрос 2

2. Маралтамырдың тез көбеюінің себебі

Варианты ответов
  • Сулы жерлерде өседі
  • Сабағы бұтақтанбаған
  • шалғынды жерде өседі
  • Жанама тамырлары бар
Вопрос 3

2-мәтін

Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстың кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Халықтың қолөнеріне әдет-гұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік сияқты көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасады.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады.   

3. Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ  

Варианты ответов
  • Қазақ оюлары мазмұны жағынан нешеге бөлінеді?
  • Қазақ оюларын таратқан атақты шеберлер кімдер?
  • Егіншілікке қажетті қандай құралдар жасады?
  • Заттарды бейнелейтін қандай оюлар бар?
Вопрос 4

4. Мәтіннің бірінші бөлімінде көтерілген мәселе  

Варианты ответов
  • Ою-өрнек ұғымының мазмұндық мағынасы
  • Егіншілікке қажетті құралдар жасау
  • Оюдың әдісі мен түрлерінің пайда болуы
  • Қазақ халқының колөнер түрлері
Вопрос 5

5. Мәтіндегі ою-өрнек салынатын жабдықтар  

Варианты ответов
  • Бесік, таспа
  • Сырмақ, сандық
  • Алаша, кебеже
  • Қайыс, басқұр
Вопрос 6

3-мәтін

1.Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштері шоғырланған орталықтардың бірі – Отырар алқабы болды. Мұнда, Арыстың сол жақ жағалауында, 100 шаршы шақырымдай болатын біршама шағын аумақта көлемі әр түрлі жиырма шақты томпақ төбелердің қалдықтары жатыр. Солардың қатарында Пұшық- МарданҚостөбеШаштөбеСейітмантөбеАхайтөбеШөлтөбе және басқалары бар. Олардың ең ірісі ескерткіштердің кепшілігі шоғырланған алқаптың атымен Көк-Мардан деп аталады. Қираған үйінді екі бөліктен–  негізгі төмпешік пен оның қасындағы төмпешіктерден тұрады.  

2. Одан әрі бөгет қақпаларға апаратын жайпақ пандусқа ұласады. Кіреберіс екі жағынан дөңгеленген екі мұнарамен қорғалған, олардың үйінді орындары ғана сақталған. Өзен тармақтары бөліп жатқан қаланын орталық төбесіне құрылыс іздері бар аумақ жанасып жатыр. Шығыс жағынан қала учаскесі биіктігі 2,5 метрдей терт бұрышты жалпақ тебе түрінде болып, бір гектардай жерді алып жатыр. Ортадағы төбенің батысы мен солтүстік-батыс жағынан тағы да 3 гектарға жуық жер алып жатқан ертедегі құрылыс табылды. Көлемі мен орналасуына қарағанда Көк-Мардан қала орталығы болған. Солтүстігіне таман, жарты шақырымдай жерден, шөгіп қалған ондаған обалардан тұратын, биіктігі 2-2,5 м, диаметрі 15 метрге дейін жететін қалалық зират табылды. Қала орнының тек шағын учаскесі ғана ашылды. Тұрғын үйді жауын шайып, жел ұшырып әкеткен, сондықтан мүлде сақталмаған деуге болады. Оның үстіне қаланың өз өмірінің соңғы кезінде құлдырауға ұшырағаны аңғарылды. Оның құрылыстары тозып, үйлерді тұрғындары бірте-бірте тастап кеткендей.

3. Төменіректе орналасқан неғұрлым ертедегі қала кең көшелер мен шағын тұйық көшелер бөліп жатқан ауқымды үлкен махаллалардан тұрған. Үйлер, әдетге, бір бөлмелі болған, екі бөлмелілері сирек, оның үстіне екінші бөлмесі қойма болып келеді. Олар жер астында, дұрысырақ айтқанда, мәдени қабатта жатыр, сондықтан көше жақтан оларға үш-бес тепкішекті баспалдақ арқылы кірген. Есіктері үйдің бір бұрышына жақын орналастырылғаны аңғарылды. Үйлердің ішкі көрінісі негізінен бір қалыпты, археологтардың қазба жұмыстары аяқталғанға дейін-ақ ненің қайда орналасқанын сеніммен айта алғаны кездейсоқ емес. Есіктің қарсы алдында, үйдің ортасына жақын жерде тікбұрышты жерошақ болған. Ол шет жақтары балшықтан дөңестеу етіліп жерден қазылған. Бір жартысына от жағылған да, екінші жағына көмір мен күл үйілген. Үй қабырғаларының біреуінен еден деңгейінде және одан сол жоғары жерден каминге арналған сопақша кертпе шығарылған. Әдетте оған сазбалшықтан жасалған пеш орнатылған. Үй қарапайым тәсілмен жылытылған, түтін есіктен және төбедегі тесіктен шығарылған.

4. Бөлмеде қабырғаларды жағалата адам жататын аласа сәкілер орнатылған. Бұрыштарына су мен азық-түлікке арналған ыдыстар қойылған. Ыдыстар қабырғалардың жанында тұр. Әдетте олар құмандар, су таситын кұмыралар, көзелер болып келеді. Егер үй екі бөлмелі болса, екінші бөлмесі қойма болады, онда құмандар немесе күйдірілмеген балшықтан жасалған, цилиндр тәрізді сыйымды, кеспек сияқты ыдыстар тұрған. Оларда тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған. Ошақтың қасында еденде дәнүгіткіштер немесе диірмен жатты. Олар әр үйден дерлік тұтас күйінде немесе сынықтары табылды. Кейде үйлерде диірменге арналған арнаулы тұғырлар салынған. Оның төменгі жартысы — тапшаны аласа дөңгелек бөренеге мықтап бекітілген. Диірмендердің көлемі бірдей — диаметрі 25 сантиметрден 35 сантиметрге дейін. Кейбір үйлерде, әдетте үйдіңбүрыш- тарында қуыс жасалған. Олардың алдында сәл дөңестеу жер бар, кұл қабаттарына қарағанда, оған ғұрыптық от жағылса керек.

6. Мәтін мазмұнының реттілігі  

 

1. Қаланың орталығы  

2. Бөлме жиһаздары  

3. Үйлердің ішкі көрінісі  

4. Отырар-Қаратау мәдениеті  

Варианты ответов
  • 2,3,1,4
  • 2,4,1,3
  • 4,1, 3,2
  • 1,4,3,2
Вопрос 7

7. Мәтін бойынша халықтың ертеден-ақ егіншілікпен айналысқанының дәлелі  

Варианты ответов
  • Нан пештерінің болуы
  • Сулы құмыра табылуы
  • Цилиндірлі кеспектер
  • Табылған диірмендер
Вопрос 8

8. Мәтінде тұрғын үйлердің сақталмауының себебі   

Варианты ответов
  • Соғыста өртеп жіберген
  • Қатты нөсер шайып кеткен
  • Сапасыз құрылыс тозған
  • Жерге шөгіп кеткен
Вопрос 9

9. Мәтіннің мақсатты аудиториясы

Варианты ответов
  • Жұртшылық
  • Ғалымдар
  • Тарихшылар
  • Археологтер
Вопрос 10

10. Берілген мәтін үзіндісінің негізгі мәтін үзіндісінен айырмашылығы

Тарихи-мәдени ескерткіштердің жиынтығы мұражайлық заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді қамтиды. Ал, ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштер тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік (мүсін) ескерткіштер болып бөлінеді.  

Варианты ответов
  • Тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы
  • Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштері
  • Тарихи-мәдени ескерткіштердің түрлері
  • Сақталған ескерткіштердің қалдықтар
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт