Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Презентации  /  5 класс  /  «Ақыл- ойы кем оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығын оята білу, ән айту дағдыларын жетілдіру жолдары» (Баяндама)

«Ақыл- ойы кем оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығын оята білу, ән айту дағдыларын жетілдіру жолдары» (Баяндама)

Мектептегі музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының бір бөлігіне жатады. Білім процесіндегі музыкалық өнерге деген арнайы зейін түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық білім беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекеттері.

Музыка өнері әрбір оқушының әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды.Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.Музыка тәрбиесі ақыл- ойы кем оқушылардың өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату-басты міндет.Ұлттық өнерге ақыл- ойы кем оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады.Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін арттырады. Ұлы Абай өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б.мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырды.Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады. Осы орайда бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін, қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала –қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рөл атқарады. Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады: 1)музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы(бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларын талдауы); 2)өз бетінше қатысуы; 3)музыканы кездейсоқ тыңдауы. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді »т.б өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді.Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді. Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді.Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.

- оқушылардың туған халқының өнердегі көркемдік дәстүрлерін танып білуіне ықпал етеді.

- музыка пәніне деген қызығушылығын оятып,ән айту дағдыларын жетілуіне ықпал етеді.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған. Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылдаған.Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрестуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып, балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.

Баланы болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім.

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектебімізде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен бірталай ақсап тұрмыз. Музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе біздің мектебімізде білім алушы ақыл- ойы кем оқушылардың ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлсіз.Болашақта мектебімізде ақпараттық тенологияны әрбір сабағымызда еркін қолданатан болсақ оқушыларымыздың музыкаға деген қызығушылығы,ән айтуға деген құштарлықтары жетіле түсер еді.

Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен

тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару – біздің басты мақсат.

-музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;

– міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;

– музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті әнде орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана оқушының музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

15.02.2018

Содержимое разработки


«Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты»  КММ









«Ақыл- ойы кем оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығын оята білу, ән айту дағдыларын жетілдіру жолдары»

(Баяндама)





Музыка пәні мұғалімі:Турарбеков Қ.Т.









Сарқан қаласы

2018 жыл

«Ақыл- ойы кем оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығын оята білу,ән айту дағдыларын жетілдіру жолдары»

Мектептегі музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының бір бөлігіне жатады. Білім процесіндегі музыкалық өнерге деген арнайы зейін түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық білім беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекеттері.

Музыка өнері әрбір оқушының әлеміне үйірсек болып қана қоймай, оны қорғауға және рухани мәдени деңгейін көтеруге жағдай жасайды.Сол себепті әрбір қоғам мүшесін өнерпаздыққа тарту қоғамның обьективті қажеттілігі және заңдылығы болуы керек. Білім беру саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормаларын меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше.Музыка тәрбиесі ақыл- ойы кем оқушылардың өнер құндылықтарын жасауға қатыстыра отырып, олардың бойында белгілі адамгершілік-эстетикалық мәдениетті, көркемдік талғамды, шығармашылық қабілетті дамытады.
Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халықтық қазынаны, оның таңдаулы үлгілерін жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру, нақтырақ айтқанда, олардың көркемдік, музыкалық, эстетикалық талғамы мен мәдени деңгейін жоғарылату-басты міндет.Ұлттық өнерге ақыл- ойы кем оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дұрыс қалыптасуына мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады.Оқушылардың әсемдікті түсіне білу қабілеттерін арттырады.
Ұлы Абай  өмір шындығын дәл бейнелеу жөнінде поэзия мен музыканың рөлін былайша суреттеді: әсемдік сыры, биік мұратталғандары, көркем шарттары, шығармадағы дарындылық пен шеберлік ән мен күйді орындаудағы дәстүрлер, т.б.мәселелерді көтере келіп, эстетикалық сезімдерін дамытудың нақты жолдарын қарастырды.Абайдың түсінігінше, баланы жастайынан көркемдікке баулуды үлкендер неғұрлым ертерек ойластыруы қажет, өйткені бесіктегі нәрестенің өзі ананың әлдиі, құлағына жеткен ән-күйдің әуезді үні арқылы сұлулық пен көркемдіктен хабардар болып жатады.
Осы орайда бесік жыры оқушылардың эстетикалық мәдениетін, қалыптастырудың алғашқы сатысы болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қиял-қабілеттерінің эстетикалық сезімін, талғамы мен көзқарасының мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, айнала –қоғам және өзін қоршаған орта өміріндегі әсемдік пен сұлулықты сезініп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде музыка жанрлары орасан зор рөл атқарады.
Оқушы күнделікті өмірде музыкамен етене араласады. Мұны салыстырмалы түрде алғанда үш жүйеге бөлуге болады:
1)музыка сабағында ұжымдық тапсырмаларды орындауы(бірігіп күй тыңдауы және музыкалық шығармаларын талдауы);
2)өз бетінше қатысуы;
3)музыканы кездейсоқ тыңдауы.
Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Музыкалық идея оны жүзеге асыратындай әрекет ету қабілетінсіз іске аспайды, музыканы көп тыңдау, жаттығу түрлерін бір-бірімен салыстыру, әуенді талдау, әрбір тонның дыбыстық әсерін мұқият есептей білу арқылы музыкалық қабілетті дамытуға болатындығын айта келіп, тәрбиелеу барысында тәжірибе жинақтаудың рөлі зор екенін атап көрсетеді »т.б өзгерісін бақылап, сезінуге үйренеді.Оқушы эстетикалық сезім мен эмоциялық көңіл күй арқылы қоршаған ортаны әсерлене сезінеді.
Оқушы өз жауабын жолдастарының жауаптары мен салыстыра отырып, пікірінің дұрыстығына немесе жаңсақтығына көз жеткізеді.Сол арқылы оның музыка жөніндегі ойы мен талғамы қалыптасады.

- оқушылардың туған халқының өнердегі көркемдік дәстүрлерін танып білуіне ықпал етеді.

- музыка пәніне деген қызығушылығын оятып,ән айту дағдыларын жетілуіне ықпал етеді.

Музыкалық тәрбиенің негізін ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген.
Олардың өнері мен өмірі өнерлі жастар үшін өзіндік мектепке айналған.
Ауызекі түрде беріліп келген өнер дәстүрлі ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз ауысып, көркемдік тәрбиенің арқауы ретінде қабылдаған.Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрестуі белгілі эстетикалық талғам қалыптастырып,  балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.

Баланы болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім.

Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектебімізде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен бірталай ақсап тұрмыз. Музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе біздің мектебімізде білім алушы ақыл- ойы кем оқушылардың ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлсіз.Болашақта мектебімізде ақпараттық тенологияны әрбір сабағымызда еркін қолданатан болсақ оқушыларымыздың музыкаға деген қызығушылығы,ән айтуға деген құштарлықтары жетіле түсер еді.

Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен

тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару – біздің басты мақсат.

-музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;

– міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;

– музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті әнде орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс. Сонда ғана оқушының музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.













балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты»  КММ











«Менің сүйікті қалам»

(Жаңа сабақ)





Музыка пәні мұғалімі:Турарбеков Қ.Т.









Сарқан қаласы

2018 жыл



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Ақыл- ойы кем оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылығын оята білу, ән айту дағдыларын жетілдіру жолдары» (Баяндама) (23.86 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт