Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Разное  /  Прочее  /  Бастауыш сыныпта көркем еңбек сабағының тиімді әдіс-тәсілдері

Бастауыш сыныпта көркем еңбек сабағының тиімді әдіс-тәсілдері

План урока
29.03.2021

Содержимое разработки

Пәні:

Технология және оқыту әдістемесі

Мұғалім: Мамыкова Гүлбану Тоқтарқызы

Тақырыбы

Бастауыш сыныпта көркем еңбек сабағының тиімді әдіс-тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес көркем еңбек сабағын ұйымдастырудың мақсат міндеттерін, мұғалімге қойылатын талаптарды айтады. Сабақтың тиімді әдіс-тәсілдерін сарамандық жұмыс барысында қолданып көрсетеді.

Сабақ мақсаттары

Бастауыш сынып сабақ барысында көркем еңбек сабағын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.

Бағалау дескрипторлары

  • Көркем еңбек сабағын ұйымдастыруда тиімді-әдіс тәсілдерді қолдануды біледі.

  • Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыра алады.

  • Жоба жасайды, оқушы моделін құрастырады.

Тілдік мақсаттар

Тындалым, айтылым, жазылым дағдыларды қалыптастыру

Құндылықтарды дарыту

Сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ынтымақтастық құндылықтарды дарыту.

Жұптық және топтық жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсету;

Пәнаралық байланыстар

Педагогика, Бейнелеу өнері, сызу

АКТ қолдану дағдылары

Презентацияны көрсету барысында АКТ-ны қолдану

Бастапқы білім

Тиімді-әдіс тәсілдерді сабақта қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

  • Топты түстерге байланысты топтарға бөлу.

  • (3-топқа бөлінеді)



Бекіту сабақ




«Галереяға саяхат »

әдісі

Тапсырма; сұрақтар бойынша қабырға газетін дайындау топтық жұмыс.

І топ; Бастауыш сыныпта көркем еңбек сабағын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері.

ІІ топ; Көркем еңбек сабағына қойылатын талаптар

(жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес)

ІІІ топ; Көркем еңбек сабағында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер.

«Галерияға сахат» әдісі 1-қадам: Қабырға газетін жасау, 2- қадам қабырға газеттері бөлме қабырғаларына ілінеді. 3-қадам: мұғалімнің белгісімен топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, талдайды, сараптайды, жапсырма қағазы арқылы пікірін не сұрағын жапсырады.

4-қадам: Галереяға саяхат аяқталған соң өз газетерін алып пікірлерді оқып сұрақтарға жауап береді.


Нормативті құжаттар беріледі.Оқу жоспары, ұзақ мерзімді,қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлар. 2-сынып оқулықтары



Мағынаны тану



Сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда, көркем еңбек сабағында қандай шығармашылық құзыреттіліктерді қалыптастырамыз?

  • Бейнелеу

  • Құрастыру

  • Тәжірибе жасау, зерттеу

Тапсырма; жоғарыда аталған тақырптар бойынша «Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармашылық құзыреттілігн қалыптастыру моделін жасаймыз.

І топ; Бейнелеу (Оқушылар жыл бойы «портрет», «пейзаж», «натюрморт» ұғымдарымен тереңірек танысып осы жанрдағы туындыларды басқа туындылардың ішінен ажыратып үйренеді, оларды талдап, кескіндеме, графика және мүсін өнері жұмыстарын орындайды )

ІІ топ; Құрастыру, әр түрлі материал және құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді меңгереді. (табиғи материалдардан әр түрлі ойыншықтар құрастырады, аппликация, оригами, коллаж жасау тәсілдерін меңгереді, бедерлі және көлемді бейнелер жасап үйренеді.)

ІІІ топ; Тәжірибе жасау, зерттеу оқулық пен жұмыс дәптерлерінде байқау, тәжірибе жасап, талдайды. Мысалы; адамның бет әлпетін зерттейді, оның ұқсастықтары мен ерекшеліктерін бақылап, пішіні қалай жасалатыны, және түспен байланысын анықтайды. Түстерді араластырып, қарапайым пішіндерден күрделі пішіндер жасау үшін тәжірибелер жүргізеді.

  • Бастауыш сынып оқулықтарын қолдану













Интерактивті тақтаны қолдану

«флипчартта» модель құрастыру.



Қағаздан модель құрастырып түсіндіреді.





Тәжірибе жасап, зерттеу тәсілін көрсетеді.(Мысалы қағаздың физикалық механикалық қасиетін)


«Кубизм» әдісі

- Кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі сөздер жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе оқушы сол қырындағы сөздерді 3 тілде айтып береді.


Сөздерді

Үш тілде айту

«Суретті аяқта» әдісі



Өз идеяларын бүгінгі тақырыпен байланыстырып

А3 формата бейнелеу









Кері байланыс

«Таңдау» әдісі. 
• 1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын. 
• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды. 
• 3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым. 
• 4. Мен пікір сайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым 
• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. 



Бағалау

Критерииалды бағалау парақтарын жинап алып, баға қою



























-75%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Бастауыш сыныпта көркем еңбек сабағының тиімді әдіс-тәсілдері (541.38 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт