Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Мероприятия  /  5 класс  /  "Білімділер сайысы"

"Білімділер сайысы"

Білімділер сайысы.

Балаларды? ойлау ?абілетін дамыту, ал?ан білімін тере?дету, есептеу да?дыларын жетілдіру ма?сатында саба?тан тыс уа?ытта сайыстар ?ткізуге болады.

“Білімділер сайысыны?” жоспары:

1. Таныстыру.

2. Газет ?ор?ау.

3. Викториналы? с?ра?тар.

4. Білім ар?аны.

5. Ж?мба? шешу.

6. «Кім к?п біледі» /топ аралы?/

7. ?й ж?мысы.

8. С?зж?мба?. Анаграмма

9. «Кім жалау?а тез жетеді». /топ аралы? эстафета/

10. ?орытынды.

Балалар! Б?гін сендер білімділер сайысыны? ж?мба?ты да, тартымды ?лемімен танысасы?дар. Сендер б?л ?лемні? ?аншалы?ты ?ызы?ты, ?рі сан т?рлі екендігіне к?з жеткізесі?дер.

Бізді? сайысымызды? ерекшелігі – топтар арасында?ы бірден жарысты? басталуында. Сайыста сендерге ?р т?рлі ?ызы?ты с?ра?тар мен тапсырмалар ?сынылады. Сайыста же?у ?шін, сендер белсенділік танытып, берілген с?ра?тар?а ?згелерден тезірек ойланып, жауап берулері? керек ж?не тапсырмаларды орындаулары? ?ажет. ?р д?рыс жауап ?шін топ бал алады.

02.02.2017

Содержимое разработки

«К. Боранбаев атындағынегізгі мектебі» КММ






ТАҚЫРЫБЫ: «БІЛІМДІЛЕР

САЙЫСЫ»







орындаған: Танашев Б.Ж.

Молдабаева З.Ғ.





2015-16 оқу жылы


Білімділер сайысы.

Балалардың ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында сабақтан тыс уақытта сайыстар өткізуге болады.

“Білімділер сайысының” жоспары:

  1. Таныстыру.

  2. Газет қорғау.

  3. Викториналық сұрақтар.

  4. Білім арқаны.

  5. Жұмбақ шешу.

  6. «Кім көп біледі» /топ аралық/

  7. Үй жұмысы.

  8. Сөзжұмбақ. Анаграмма

  9. «Кім жалауға тез жетеді». /топ аралық эстафета/

  10. Қорытынды.


Балалар! Бүгін сендер білімділер сайысының жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Біздің сайысымыздың ерекшелігі – топтар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін топ бал алады.


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.


2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.


1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.


2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

Шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.


Әр командына ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.


  1. Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).


«Алғырлар тобы»:


Шақырып жарыстарды сан – салалы,

Алғырлар топ жарғалы зер салады !

Ту етіп достық пенен татулықты

Тапқырлар командасын қарсы алады !


Тапқырлар биіктерде қалықтасын !

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туың желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.


«Әділқазыларға сәлем»:


Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем !

Әділдікке бас иеді күллі әлем !

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл !


«Тапқырлар тобы»:


Осындай алғыр достар кез – келгенде,

Жетсін – ау, жарыстарда женгенге – не?

Қарсылас болғаныменен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге де !


Құрметпен алғырларда ой – саналы,

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыстан достарына

Қашанда тапқыр бол деп ән салады.


«Әділқазыларға сәлем»:


Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділқазым,

Еңбегін «Тапқырлардың» әділ сына.


  1. Екі топтын газеттерін бағалау.

  2. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)


1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )


ИНФОРМАТИКА


« Мақал – сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6. Білмесең, «анықтама»- дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

  1. «Білім арқаны». Тапсырма есептері. / топ аралық /


Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

44444444 = 500 (444+44+4+4+4 = 500)


  1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын қой?

333333 = 1000 (333*3+3/3 = 1000)


3. Әкемнің жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар, сонда әкемнің неше баласы болған. / сегіз баласы бар /.


4. Түзудің бойынан 4 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады, егер ұштары осы нүктелер болса? (6 кесінді)


5. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100


6. Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?

1 күн және түн 4-3=1 (м)

2 күн 1*2=2

3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)



ИНФОРМАТИКА


Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп
Келесі сайысты бастайық бұл бөлімде топтар берілген берілген сұрақтарға шапшан жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.
1 топ

1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)
4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)
6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)
8. Компьютердің маманы (программист)
9. Бүкіләлемдік желі (интернет)
10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
2 топ

1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)
3. Компьютер сымдары (кабель)
4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)
5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)
6. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)
7. Ең ұзын перне (пробел)
8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)
9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5 - сыныптан)
10. Екілік жүйенің сандары (0, 1)

5. «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.


1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

2- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын

Сыйлық бар сіздерге, қадірлі ағайын.


Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)


Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

  1. Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )


  1. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары? / 6 /


  1. Бір – бірімен жарысқан

4 аю, бір арыстан

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді / 8 /

  1. Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Оң қазықты айналды. / циркуль /.


  1. 104 түйме

11 ине / есеп шот /

  1. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. / сызғыш /


  1. Үш ұлы әке сөзін жықпайды екен,

Ақылы бір тік мінез ұқпайды екен.

Қақ жарған қара қылды 2 ұлы

Әкенің уысынан шықпайды екен. / медиана биіктігі /.


Информатика


Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер

Келесі сайыс

Кім епті, еркін ойлы?».


Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру.

Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.
І топқа: модем, веб - камера, тышқан, процессор, Enter
ІІ топқа: принтер, пернетақта, диск, компьютер, электрондық пошта



  1. Екі топтан екі оқушыдан шығып қағаз қиындыларынан фигуралар құрастырулары керек.

Кім көп біледі. Ақырғы 3 ойыншы жарысады. А . Ш. П. К. С. Әріптерінен біреуін таңдап алып математикалық сөздерді айтады.

А. Аргумент, арифметика, абцисса, аксиома, айқас.

К. Көбейту, конус, куб, кесінді, көлем, кескін.

С. Синус, сүйір, стереометрия, сектор, сәуле, сегмент, синусоида.

П. Пирамида, планиметрия, параллель, Пифагор, плюс, парабола, параллелепипед, перпендикуляр.

Ш.Шеңбер, шаршы, шар, шексіздік,



7. Үй жұмысы. Әр топ бір-біріне кезек сұрақтар қояды. Екі топ фокус көрсетеді


1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.



8.ВЕНГР АНАГРАММАСЫ (ИНФОРМАТИКАДАН)

Сөзжұмбақ « Үшбұрыш »




Ү








Ш







Б









Ұ








Р











Ы






Ш







1. Геометриялық фигуралар неден құралған?

2. Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны

3. Төбеден табанға түсірілген перпендикуляр

4. Төбелері ортақ екі сәуледен тұратын геометриялық фигура

5. Шеңбердің центрмен шеңбердің кез- келген нүктесін қосатын кесінді

6. Байырғы қазақтың ұзындық өлшемі

7. Координаталық осьтер жазықтықты неге бөледі.


9.«Кім жалауға тез жетеді». /топ аралық эстафета/


Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына,- деп
Математика мен Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).


2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

10.Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.























Кештің кейбір сәттері


-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Білімділер сайысы" (89.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели