Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Планирование  /  8 класс  /  Фотошоп құрал саймандар панельі

Фотошоп құрал саймандар панельі

фотошоп құрал саймандар панельі
24.04.2020

Содержимое разработки

Құрал-саймандар панелі

 

Құрал-саймандар панелі сызу, салу, жою және тағы басқа әрекеттерді орындау үшін орналастырылған құрал-саймандардан тұрады. Барлық құрал-саймандар төрт топқа бөлінеді:

  Белгілеу құрал-сайманы;

  Салу құрал-сайманы;

  Градиенттік толтыру мен мәтінмен жұмыс жасауға арналған арнайы құрал-саймандар;

  Бейнені көруге арналған құрал-саймандар.

 

Белгілеу құрал-сайманы

Құрал-саймандардың жоғары жағында белгілеудің құрал-саймандарының тобы орналасқан. Осы құрал-саймандар барлық бейнені немесе оның бөлігін белгілеу үшін қолданылады. Осындай құрал-саймандар үшеу:

  Marquee (Область);

  Lasso (Лассо);

  MagicWand (Волшебная палочка) (4.6-сурет).

Белгіленген аймақ экранда үзілген сызықтармен белгіленеді. Marquee және Lasso  құрал-сайманын қолдану үшін бейнені басып  және белгілегіңіз келіп тұрған аймаққа дейін алып келу керек, осыдан кейін тышқанды жіберу керек.

 

 

4.6-сурет – Marquee тобының белгілеу құрал-сайманы

 

Magic Wand (Волшебная палочка) құрал-сайманы бір түспен боялған аймақты белгілеу үшін қолданылады. Осы топтың төртінші құрал-сайманы болып Move (Перемещение) табылады. Осы құрал-сайманның көмегімен Сіз белгіленген аймақты беттің ақ жеріне қоюыңызға болады.

 

Салу құрал-сайманы

Салу құрал-сайманына жататындар: Airbrush (Аэрограф)Paint Brush (Кисть)Pencil (Карандаш) және Rubber Stamp(Штамп).

Барлық осы саймандар экранда нақтылы бейнені салу үшін қолданылады. AirbrushPencil және Paint Brush құрал-саймандары үшін бүгілу бұрышы мен қалыңдығын өзгерту керек. Line (Линия) құрал-сайманы арқылы түзу сызықтарды салуға болады.  батырмасын басу арқылы, көлденеңінен және тігінен, әрі 45° бұрышты сызықты салуға болады.

History Brush (Кисть предыдущих состояний) құрал-сайманы таңдау арқылы кейбір әрекеттерді қайта қалпына келтіру немесе қайталау үшін қолданылады.

Art History Brush (Художественная кисть предыдущих состояний) құрал-сайманы әртүрлі шығармашылық стильдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Gradient Tool (Градиентный цвет) құрал-сайманы әдетте градиентті фондық толтыруларда қолданылады (екі түсті және көп түсті сияқты).

Paint Bucket (Заливка) құрал-сайманы белгіленген аймақты нақты түстермен бояуға мүмкіндік береді.

Осыған жылжыту және бейненің айқындығын өзгертетін құрал-саймандар жатады. Олар Smudge (Палец), Blur (Размытие),Sharpen (Резкость), Dodge (Осветлитель), Burn (Затемнитель) және Sponge (Губка) құрал-саймандары.

 

Path, Type және Shape құрал-саймандары

Туре (Текст) құрал-сайманы Т әріпімен белгіленген батырмамен көрсетілген. Path (Контур) құрал-сайманының батырмасында қарындаш, контур бейнеленген. Осы сайманның көмегімен құрылған ашылған немесе тұйықталған контурды сіз кез келген контурды немесе оның бөлігін белгілеу үшін қолдана аласыз. Path  құрал-саймандарының тобымен бірге Selection (Выделить область)  құрал-сайманын қолдана аласыз.

Shape (Фигура) құрал-сайманының тобында боялған немесе мөлдір фигураларды құруға болады.

Line (Линия) құрал-сайманы Pencil (Карандаш) құрал-сайманымен біріктірілген. Олар соңғы ашылатын менюден көрсетіледі.

Line құрал-сайманы түзу сызықтарды салу үшін қолданылады. Онда  батырмасын қолдану арқылы сіз   45 және 90° бұрышты сызықтарды салуыңызға болады. 4.7-суретте Shape құрал-сайманы көрсетілген және кейбір күрделі фигуралар көрсетілген.

 

Бейнені көру құрал-сайманы

Zoom (Увеличительное стекло) құрал-сайманы бейнені үлкейту немесе кішірейту үшін қолданылады (ол үшін міндетті түрде бейнеге  батырмасын баса отырып қозғалту керек;  Hand (Рука) құрал-сайманы терезелердің аймағында орын ауыстыруға арналған.

Осы категорияға сонымен қатар,  Eyedropper (Пипетка) және Measure (Измеритель) құрал-сайманы қосылған. Eyedropperқұрал-сайманы түстің үлгісін таңдауға мүмкіндік береді, осыны баса отырып, салу кезінде қолдануға болатын түсті таңдауыңызға болады.

Measure құрал-сайманын өлшемді және бейненің бұрышын өлшеу үшін қажет. Суретті шертіп оған екі нүктені қосатын сызықты салыңыз; Info терезесінен екі нүктенің арасындағы қашықтықты білдіретін мәлімет шығады. Бұрыштың өлшемін білу үшін алдын ала өлшейтін сол сияқты сызықты беру керек, сосын көрсеткішті басынан аяғына дейін жүргізу керек.   батырмасын басу арқылы өлшенетін бұрышқа тышқанның көрсеткішін әкелу керек.

 

 

4.7-сурет - PathTypeShapeSelection құрал-сайманы

 

Құрал-саймандар параметрінің панелі

ToolOption (Параметры инструмента) панелі құрал-сайманның барлық параметрін орнатуға мүмкіндік береді. Барлық көрсетілген панельдегі элементтер таңдалып тұрған құрал-сайманға сәйкес келеді. Әр құрал-сайман өзінің реттелуімен анықталады.

 

Image менюі

Image менюінде бейненің анықтығын және түсін, мөлдірлігін көрсететін командалар жинақталған.

Егер Сізге бейненің өлшемін міндетті түрде өзгерту керек болса немесе орнының орналасуын өзгерту керек болса, онда Image,Size (ИзображениеРазмер) немесе ImageRotate Canvas (ИзображениеПовернуть холст) командаларын қолдану керек.

 

View менюі

View менюінде бейненің масштабын өзгертетін командалар жинағы жинақталған. Осы менюда Rulers (Линейки), Grid (Сетка) және Guides (Направляющие) командалары орналастырылған, олар объектінің өлшемін өлшеуге арналған және жұмыс жасау бетін нақтылы орнату үшін қолданылады.

Сызғыш бірлікпен, пикселмен, дюйммен, сантиметрмен, процентпен немесе пиктармен өлшеуге мүмкіндік береді. Сондықтан Сіз үнемі өлшеудің бастапқы бірлігін таңдай аласыз. Өлшеудің бірлігін сызғышқа орнату үшін мына командаларды қолдануға болады: FilePreferencesUnits & Rulers (ФайлУстановкиЕдиницы и линейки).

Бағыттауыштар — бейнеге мәтіндерді енгізудің нақты орны үшін немесе басқа да объектілердің бейнеге қосылуы кезінде қолданылатын  түзу сызықтар.

 

 





-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Фотошоп құрал саймандар панельі (91.41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт