Меню
Разработки
Разработки  /  Право  /  Подготовка к ЕГЭ  /  Прочее  /  «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәні бойынша көмекші құрал

«Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәні бойынша көмекші құрал

Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы пәні бойынша мемлекеттік емтиханға арналған көмекші құрал

09.01.2018

Содержимое разработки

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі

Әлеуметтік – гуманитарлық бөлім



























«Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәні бойынша көмекші құрал

























Дайындаған: құқықтану пәндерінің

оқытушысы Имангазиева М.К

























Атырау, 2017 ж

«Еңбек және ӘҚҚ» пәні бойынша мемлекеттік емтиханға арналған көмекші құрал

Еңбек құқығы құқық саласы ретінде, еңбек нарығын реттейтін заңдар, жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтық статусы, жеке және ұжымдық еңбек шарттары, жұмыспен қамту, еңбек дауларын қарау және шешу.

1 бөлім. Жалпы бөлім

Еңбек құқығының түсінігі, функциясы және жүйесі

Еңбек құқығы дегеніміз – тараптардың, яғни жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек шарты, ұжымдық шарт негізінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқық саласы. Еңбек құқығының мақсаттары – еңбек қатынастарын, еңбек қатынасымен байланысты өзге де қатынастарды , тараптардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. Еңбек құқығының міндеттері – еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдай жасау болып табылады. Еңбек құқығының принциптері: азаматтардың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу, еңбек бостандығы,еңбек саласындағы кемсітушілікке жол бермеу, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу, қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету, тынығу құқығын қамтамасыз ету, жұмыскердің құқықтары мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету, әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады. Еңбек құқығы конституциялық құқықпен, азаматтық құқықпен, қаржы құқығымен т.б құқық салаларымен тығыз байланысты.

Еңбек құқығының қайнар көздеріне түсінік

Еңбек құқығының негізгі қайнар көзі ҚР Конституциясы 1995 ж 30 тамызда қабылданған. Еңбек құқығының қайнар көздерінің түрлері: заң және заңға тәуелді нормативтік – құқықтық актілер. Еңбек кодексі 2015 ж 23 қарашада қабылданып, 2016 ж 1 қаңтарында заңды күшіне енді.

Еңбек құқығының субьектілері

Еңбек құқығының негізгі субьектілері жұмыскер және жұмыс беруші болып табылады. Азамат (қызметкер) еңбек құқығының субьектісі ретінде. ҚР кез келген 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс азамат еңбек құқығының субьектісі бола алады. Жұмыс беруші және жұмыскер еңбек құқығының субьектісі ретінде. Жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері. Кәсіподақтар және басқа органдар еңбек құқығының субьектісі ретінде.

Кәсіптік одақтар

ҚР кәсіптік одақтар (кәсіподақтар) – дербес тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай – ақ басқа да әлеуметтік – экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрады. Кәсіподақ қызметі ҚР Конституциясымен, 1993 ж 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР заңымен және өзге де нормативтік – құқықтық актілермен реттеледі. Кәсподақ құрылған кезде Әділет департаментіне тіркеледі. Кәсіподақтың құқық қабілеттілігі тіркелген кезде пайда болады. Кәсіподақты тіркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР заңына сәйкес жүргізіледі. Кәсіптік одақтар өндірістік – салалық қағидат бойынша құрылады. Кәсіподақ мынадай функцияларды жүзеге асырады: жұмыс беруші мен ұйым әкімшілігімен, мемлекеттік органдармен қатынастарды жүзеге асырады, өз мүшелерінің мүдделерін, еңбек жағдайларын қорғайды.

Еңбек құқық қатынастарындағы әлеуметтік әріптестік

Мемлекет атынан тиісті атқарушы органдар, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер атынан белгіленген тәртіппен уәкілеттік берілген олардың өкілдері әлеуметтік әріптестік тараптары болып табылады. Әлеуметті әріптестікті : республикалық деңгейде, салалық деңгейде, өңірлік деңгейде, ұйымдар деңгейінде қамтамасыз етеді. Республикалық, салалық, өңірлік комиссиялар тараптардың орындауы үшін міндетті тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялармен келіссөздер жүргізу арқылы әлеуметтік әріптестік тараптарының мүдделерін келісуді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін органдар болып табылады.

Жұмыспен қамтуды құқықтық реттеу және жұмысқа орналастыру

Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:

-жұмыссыздарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай – ақ жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға,

-кәсіптік – бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар туралы ақпарат беруге,

-нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді және т.б

Еңбек шарты

Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс берушіге, заңда көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге , жұмыскерге уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.

Еңбек шарты жазбаша нысанда 2 данада жасалады. Еңбек шартының мазмұны, мерзімі, еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері еңбек шартының басты элементтері.

Жұмыс уақыты және тынығу уақыты

Еңбек кодексі бойынша жұмыс уақытының үш түрі қарастырылған: қалыпты, толық емес, қысқартылған. Ауыр және денсаулыққа зиян жұмыстар толық емес жұмыс уақытымен жұмыс жасайды. Үстеме жұмыс күнделікті жұмыс уақытынан 2 сағат артық емес жұмыс, ауыр денсаулыққа зиян жұмыстар үшін күніне 1 сағаттан аспайтын жұмыс. Кәмелет жасқа толмағандардың жұмыс уақытының ерекшеліктері.

Тынығу уақытының түрлері:

-жұмыс күні ішіндегі үзілістер

-тынығуға, тамақтануға арналған үзіліс

-күнделікті тынығу

-демалыс күндері

-мереке күндері

-демалыстар болып табылады.

Демалыстың түрлері:

-жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы

-әлеуметтік демалыс (жүктілікке және бала тууға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жалақы сақталмайтын демалыс)

2 бөлім Ерекше бөлім

Еңбекке ақы төлеу. Кепілдік және өтемақылар

Жұмыскердің еңбегіне ақы төлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:

-айлық жалақының ең төменгі мөлшері

-сағаттық жалақының ең төменгі мөлшері

-үстеме жұмысқа ақы төлеу

-мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу

-түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу

-жұмыскердің жалақысынан ұстап қалудың мөлшерін шектеуді

-жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.

Жалақы есептеудің түрлері.

Кепілдіктер – қызметкерлерге әлеуметтік – еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар.

Кепілдіктің түрлері.

Өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына , жұмыскердің еңбек міндеттерін немесе ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты келтірілген шығындарды өтеу үшін ақшалай төлемдер.

Еңбек тәртібі

Еңбек тәртіптемесі қағидаларын жұмыс беруші бекітеді. Тәртіптік жазалар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс. Жұмыс беруші өзінің актісін шығару арқылы тәртіптік жаза қолданады.

Материалдық жауапкершілік

Еңбек шарты тараптарының материалдық жауаптылығы болады. Материалдық жауаптылық туралы кәмелет жасқа толмаған азаматтармен шарт жасаспайды. Материалдық жауаптылық түрлері: жұмыскерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айырғаны үшін, жұмыскердің өміріне, денсаулығына келтірілген зиян үшін, жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық жауаптылығы.

Еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:

-ҚР еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау

-ҚР еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік – құқықтық актілердің, техникалық құжаттаманы әзірлеу

-ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру

-жазатайым оқиғалардан зардап шеккен жұмыскерлердің және отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау

-ауыр денсаулыққа зиянды жұмыстарда кепілдіктер мен өтемақы төлемдерін белгілеу

Еңбек даулары

Жеке еңбек дауы жұмыс беруші мен жұмыскердің арасында еңбек шарты талаптарының сақталмауы немес бұзылуы салдарынан туындайды. Еңбек дауларын келісім комиссиясы қарауға құзырлы. Келісім комиссиясы жұмыс беруші мен жұмыскер өкілдерінің теңдей санынан құралады. Келісім комиссиясына жүгіну мерзімі, комиссияның шешім қабылдауы. Бұдан жоғары құзырлы органға жүгіну тәртібі.

Ұжымдық шарт тараптарының арасында шартта көзделген талаптар орындалмаған жағдайда немесе сақталмаған жағдайда ұжымдық дау туындайды. Ұжымдық дауды татуласу комиссиясы қарайды. Татуласу комисся мүшелерінің саны, дауды қарап шешім шығару мерзімі. Татуласу комиссисынан соң еңбек төрелігіне және сотқа жүгінеді.



























-75%
Курсы повышения квалификации

Использование технологии развития критического мышления на уроках истории и обществознания

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» пәні бойынша көмекші құрал (20.82 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт