Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Қызықты биология

Қызықты биология

Қызықты биология сыныптан тыс жұмыс
08.03.2022

Содержимое разработки

«№5 мектеп – лицей» КММ









«Қызықты биология» сыныптан тыс жұмыс







Апталық: жаратылыстану әдістемелік бірлестік


Cыныптар: 8 «В»


Мұғалімі: Жумадилова М.К.























Шалқар 2021-2022 оқу жылы

«Қызықты биология» интеллектуалды сайыс


Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне қызығушылығын оята отырып, білімін тиянақтау.

Міндеттері:

· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру;

· Топта жұмыла жұмыс істіеуге үйрету;

Сабақ түрі: интеллектуалды ойын

Сайыстың барысы:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Қызықты биология» атты биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын,

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын –

деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

І кезең – Кім білгір?
ІІ кезең – «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
ІІІ кезең – Терминдер аукционы
IҮ кезең – « Қызықты сұрақтар»
Ү кезең - «Қара жәшік».


Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды,

Биология пәнін сүйсен сен

Ортаға сал барыңды –

деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастайық.

1 кезең. «Кім білгір?» кезеңінде әр оқушыға 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Аз ұпай жинаған 2 сайыскермен қоштасамыз. Ендеше іске сәт.


Зоология бөлімі бойынша
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек
3. Денесінің түсі тез өзгерете алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы
4. Африка түйеқұсының саусағы: Екеу
5. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс
6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет (диафрагма)
7. Жұмыртқа салатын сүтқоректілер. Түрпі
8. Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі .Келес
9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. Құстар.
10. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. Аристотель.

Анатомия бойынша
1. Адам денесіндегі буындар саны: 230.+
2. Қанда темірдің тұрақтылығын сақтайтын без: Гипофиз
3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия
5. Қанның құрамына жасушалар кіреді: Лейкоциттер
6. Түсті ажырата алмайтын ауруды қалай атайды: Дальтонизм
7. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 - 35см
8. Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады: 27 секунд
9. Гуморальдық реттелуде негізгі рөл атқаратын заттар: Гормондар
10. Арқа омыртқаларының саны: 12

Ботаника бөлімі бойынша
1. 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен көрген: Р. Гук
2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдыр
3. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы
6. Пішіні малдың тұяғына ұқсас: Діңқұлақ
7. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы
8. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» жарық көрді: 1981 жылы
9. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым: Ботаника
10. 1920 - 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. Күдерин

Цитология бөлімі бойынша
1. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді: Қабықша
2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма
3. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро
4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид
5. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия
6. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді: Лизосома
7. Жасушадағы көпіршік, түтікше тәрізді органоид: Гольджи жиынтығы
8. Пластидтер болады: Өсімдіктерде
9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май,көмірсулар
10. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20

Биологиялық ғалымдар
1. 1870 - 1880 жылы ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді: Луи Пастер
2. Микробиологияның дамуына жол ашқан: Л. Пастер
3. 1892 жылы темекі теңбілін зерттеп, вирусты ашты: Д. И. Ивановский
4. «Вирус» терминін 1899 жылы ғылымға енгізді: М. В. Бейерник
5. Биосфера туралы ілімнің негізін салған ғалым. В. И. Вернадский
6. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды.Т. Морган
7. Ядролық сынақ өткізуге мораторий жариялаған тұлға. Н. Назарбаев.
8. Эволюциялық ілімнің негізін салған ғалым. Ч. Дарвин
9. «Зоология философиясы»атты еңбек жазған ғалым. Ж. Б. Ламарк
10. «Невада – Семей» қозғалысын басқарған. О. Сүлейменов.

Генетика бөлімі бойынша
1. Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым. Генетика
2. Генетиканың негізін салушы Г. Мендель
3. Хромосомалық теорияны жарыққа шығарды Т. Морган
4. Генотип және фенотип ұғымдарын қалыптастырды. В. Иогансен
5. Г. Мендельдің бірінші заңы. Біркелкілік
6. Г. Мендельдің екінші заңы. Белгінің ажырауы
7. Басыңқы гендер қалай атаймыз. Доминантты
8. Генетикалық зерттеулер жүргізуге қолайлы жәндік. Дрозофила шыбыны
9. Г. Мендель заңдарын екінші рет дәлелдеген ғалым. Де Фриз, К. Корренс
10. Ген деген терминді ғылымға енгізген ғалым. Т. Морган


II кезең. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» кезеңінде әр оқушыға 2 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа сенемін немесе сенбеймін деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ұпайы төмен 2 оқушымен қоштасамыз.

1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе саңырауқұлақты зерттейтін ғылымды микология деп атайды.
1. Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады.


2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең биік ағаш – шырша
2. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі.


3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе бақаның ескерткіші Франция мен Жапония елдерінде қойылған.
3. Сенесіз бе, сенбейсіз бе қазақстанда 12 қорық бар


4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе тағамдарды бүлдіретін саңырауқұлақтарға мукорды жатқызады.
4. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адамда 1 бас, 2 қол. 3 аяқ бар


5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің салмағы 150, жүректікі 250 - 300 г.
5. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ағаштар 300 - 500 жыл жасайды.


6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе картоптың отаны Қазақстан.
6. Сенесіз бе, сенбейсіз бе Канада туында емен жапырағы белгіленген


7. Сенесіз бе, сенбейсіз бе жасуша тіршіліктің ең кіші өлшем бірлігі
7. Сенесіз бе, сенбейсіз бе генетика ғылымы жануарларды зерттейді

8. Сенесіз бе, сенбейсіз бе дүниедегі ең кішкентай құс каллибрий.
8. Сенесіз бе, сенбейсіз бе ботаника өсімдіктерді зерттейтін ғылым

III кезең. Терминдер аукционы. Оқушыларға уақыт беріледі таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады. Нашар жауап берген 2 сайыскерімізбен қоштасамыз.
1. Микробиология
2. Гигиена
3. Микология
4. Бриология
5. Генетика
6. Диетология
7. Орнитология
8. Урология
9. Биология
10. Физиология
11. Экология
12. Стомология

IҮ кезең. «Қызықты сұрақтар». Әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі. 2 сайыскермен қоштасамыз.

1) Шай қайнатып шағала,
Бәрін шайға шақырды.
Келді тоғыз шағала,
Неше шағала шай ішті? (10)

2) Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр, әр мысықтың қасында 3 мысық отыр. Бөлмеде неше мысық бар? (4)

3) Жаңбыр құйып тұр. Қарлығаш қандай ағашқа қонады? (Су ағашқа)

4) 1 кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (Екеуі де тең)

Y кезең. «Қара жәшік». Екі оқушыға да ортақ сұрақ. Бірінші болып жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.
«XVI ғасырдың бас кезінде Педро Де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді. Ол мұнда жергілікті адамдардың осымен тамақтанатынын байқайды. Перуліктер оны папа деп атайды екен. Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды. Ал француздар оны жер алмасы деп, итальяндықтар әуелі тартуфоль деп атапты. Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады. Оның мұнда таруына III Петрдің еңбегі зор. Сандықшада не бар?» (Картоп)

Сөздің кезегін әділ - қазыларға береміз.

Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.

Рефлексия: Биологиялық пошта.

Сізге ойын ұнады ма,қандай әсер алдыңыз? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ұнамаса, не нәрсе көңіліңізден шықпады

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ойынның қай бөлімі сізге ерекше ұнады? Қойылған сұрақтар сіз үшін қиын болды ма?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сіз бұл ойынға қандай баға берер едіңіз?

Үй тапсырмасы.

Бағалау.


-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қызықты биология (19.09 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели