Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Классные часы  /  3 класс  /  Кітап білім бұлағы

Кітап білім бұлағы

Ашық тәрбие сағат "Кітап білім бұлағы"3-сыныпқа арналған

Б

18.12.2018

Содержимое разработки

Кітап білім бұлағы.

Тақырыбы: Кітап білім бұлағы.

Мақсаты: -Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру.

Кітаптің адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

-Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

-Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.

Көрнекілігі:Кітап жайлы жазылған плакаттар,суреттер.

І.Тәрбие сағаттың жүрісі:

Балалар,ең әуелі жұмбақ шешуден бастайық.

1.Үндемес серік,ақылы берік .

2.Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.

3.Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем десең үні жоқ.

Жауабы:кітап,китоб,книга

Құрметті балалар,мен жұмбақты тегін бастап тұрған жоқпын.Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ.Кім біледі балалар! «Кітап»деген сөз қайдан шыққан.Қандай мағына береді.

Оқушы:Кітап-араптың «жазу»деген сөзі.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұнғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Авеста»,грек тілінде «Інжіл»,арап тілінде «Құран»шыққан.

Жарайсыңдар балалар!


Кітап та алма ағашы,

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін,-деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде-ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп өнеге аламыз.Оқығаның,тоқығаның көп болса жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ.Дана халқымыз «Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады»деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 2а сынып оқушылары дайындаған «Кітап білім бұлағы»атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі «Кітап білім бұлағы»атты тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсынұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер,түсіп байқап,қаралықта,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық -өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та?!

(Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді)


ІІ.Кітап қалай жасалады?

Кітап:Бәрекелді!Мың рахмет Ахмет атамызға.Балалар,мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Мен адамның досымын.Менің атым кітап.Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңірді.Алдымен адам орманнан ағаш кеседіОны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады.Содан соң оған авторлар жазады,суреттер салады.баспахана жазулар мен суреттерді басып,кітап етіп шығарады,жұмысшылар машина мен поездарға тиеп ауыл-ауылға,қала-қалаға таратады.Міне,мен енді сенің қасыңда тұрмын.Мені күтіп,жыртпай ұста.Мен сенімді досыңмын!

Қош келдіңіз,қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз.(кітапты төрге отырғызу)

Балалар,кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын,жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер?


Давлат: Кітап – таусылмайтын байлық.


Жахангир: Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.


Ергешбаев: Кітап – алтын қазына.


Муютдинова: Өнерліге нұр жауар


Сардор: Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып жатқан шырақ.

Мадина: Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.


Атаханова: Білім тозбайды,
Ақыл азбайды.


Эльнура. Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Суннат. Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.

Киязитдинова О. Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.


Азимжон: Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.

Дияна: Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің
Икром: Айдын шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің
Сарвиноз: Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітапты көрсем жаңадан
Умида: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп,надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

Самандар: Кітаптар бейне жапырақ

Жырлайтын сырын өмірдің

Оқисың кейде жаттап

Көтеріп күйін көңілдің

Тойжанова С: Айдын шалқар кейде бір

Кітапты тұнған көл дерсің

Ауадай қажет бейне бір

Таппасаң нәрін шөлдерсің

Мубина: Білім алар көп адам

Жақсы нәрсе жоқ одан

Қызыға кеп оқимын

Кітапты көрсем жаңадан

Гулноза: Кетпейді ешбір жадымнан

Мектепке бардық күз айы

Тастамай сені жанымнан

Қолтықтап жүрдім ұдайы

Зарнигор: Достарға толы маңайым

Татулық тәтті бәрінен

Ерекше сені санаймын

Құшақтап жүрмін мен әлі.


Нафиса: Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп

Бетімді менің ашады, әңімеге басады

Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды

Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.

Жаңа айтқан өлең жолдарында біз не туралы жырладық

-Әріне кітап туралы.Егер кітап болмаса,сен рухани бай болмас едің.

ІІІ.Мың бір мақал.

Дана халқымыздың көне де,көркем мәдени мұрасы мақал мен мәтел сөздер.Мен сендерге мақалдың бірінші жартысын айтамын,сендер мақалды аяқтауларың керек.

1.Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті)

2.Оқу-білім азығы (білім ырыс қазығы)

3.Оқу-инемен (құдық қазғандай)

4.Бірлік болмай (тірлік болмас)

5.Білікті бірді жығады(Білімді мыңды жығады)

6.Жақсыдан үйрен (жаманнан жирен)

Көрініс: «Науқас кітап»

Оқушы:  - Сәлеметсіз бе, дәрігер?

Дәрігер:  - Сәлеметсіз бе?

Оқушы: - Дәрігер, мен сізге кітабымды әкелдім. Ол науқас.

Дәрігер: -Жарайды, алдымен диагнозын анықтап алайық.

Мұңайма емдеп жазамыз. Кітабына су тиген, беттері

жыртылған.

Кітабыңды түптеймін, жыртылмасын.

Таза болсын беттері  кірлемесін.

Мен мынадай кеңестер айтамын, есіңе сақта.

Кітап мұқабасы бүгілмес үшін, қаптап жүр.

Кітап беттерін жыртпа.

Кітапқа сурет салма, жазба.

Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.

Кітапты жатып оқыма.

Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

Кітапты жатып оқыма.

Оқушы: - Жарайды, дәрігер кеңестеріңізді үнемі еске сақтаймын.

Дәрігер: - Сау болыңыз!

Балалар,кітаптарда ауырады екен.Сол зиянды болдырмау үшін мынадай ережелер бар екен.Есіңе сақта!

1.Кітапты ұқыпты,таза ұстау керек.Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.

2.Кітапты төсекте жатып,ас ішіп отырып оқыма,кітап оқуды үлкен ой еңбегіңмен оқу керек.

3.Кітапты қалай болса солай оқыма

4.Кітапты жыртуға ,сызуға болмайды,өйткені басқаларға кедергі келтіресін

6.Кітап бетіне сурет салма.

«Қожанасырдың» қоржынын келтіру:

(сырттан қолына қоржыны бар бір оқушы сыныпқа кіреді)

-Апай!Данышпан ата маған Қожанасырдың қоржынын беріп жіберді,ішінде тапсырмалары бар екен.Қазір өзі де келеді.Мені күтпей,қоржындағы тапсырмаларды орындай берсін деді

Қоржында ұлы адамдардың пікірлері жазылған карточкалар болады.Балалар қоржыннан алып оқиды.

-Білім біздің шамшырағымыз,кітап біздің ұстазымыз.

-Кітап –ақылды қуаттандыратын құрал.

-Өмірде ең жақсы кеңесші –кітап

-Кітапсыз үй-жансыз дене

-Кітап асып-таспайтын адал досымыз.

-Кітап ғажап дос

Кітап:-Бәрекелді балалар!Барша әлемді ұлай-ғайыр білімімен таңқалдырған ғұламалар балалық шағынан,өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.Мені басқа елдердегі жанашыр достарым күтіп жатыр.Енді соларға бет алмақпын.Балалар!Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына-кітаппен достықтарың үзілмесін.Әрқашанда жүздерің жарқын болсын,жолдарыңыз даңғыл болсын!Ал жақсы балалар.

Сау болыңыз!

Мамандық көп бұл дүниеде.

Кітаптарды таза етіп сақтаған,

Оқырманға бар білгенін ақтарған .

Аянбайды әрқашанда ел үшін

Кітапханашы ел үмітін ақтаған

«Кітап –рухани қазынамыз»деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап,қастерлеп,казіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Зухра апайға сөз береміз.

Рахмет Зухра апай

-Бұл мамандықты өз қалауыңызбен тандағанмысыз?

-Мектепте қандай оқығансыз?

-Кітап пен компьютердің айырмашылығы неде?

Кітапхана-кітаптардың ордасы.

Білсең кітап –нағыз жол басшы

Біздің ғасыр білімділер ғасыры

Деп айтқандай Нұрсұлтандай елбасы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын білімі мен білігін,рухани байлығымен еліміздің айдай әлемге паш ете білу керек»,-деген еді.Олай болса,құрметті балалар,кітаппен дос болайық.



5



-75%
Курсы повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Кітап білім бұлағы (57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели