Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Кабинет  /  8 класс  /  Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

математика ақыл ойдың шынықтырады дегендей математикамен жақсы шұғылдану керек

05.06.2018

Содержимое разработки

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы

С.Есқараев атындағы № 27 мектеп

Математика пәнінің І санатты мұғалімі

Қожахметова Ләйлә Мәлікқызы





“Математиканың өз тілі бар – ол формула” .

Софья Ковалевская

Мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеріп,түрлерін жетілдіре отырып оқушыларға терең де,тиянақты білім беру.Осыған орай озық тәжрибе,жаңа технологиялардың тиімді әдістерін таңдап алып оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен қолдану - ұстаз шеберлігінің белгісі. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жеткілікті әзірленген.Сол технологиялардың бірі – «оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы», авторы профессор Ж.А.Қараев.

Оқушылардың математикалық ой өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту математикадағы басты проблеманың бірі. Әр сабақ-мұғалім ізденісінің жемісі. . Менде өз сабағымның оқушыға  ұтымды болуын алға мақсат етіп қоямын. Сабақ барысында ақпараттық, оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін қолданамын.

Мақсатым: Әр сабақтарда жаңа технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолдану, оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау.

Міндеттерім:

- оқушыны сұрақтарға нақты жауап беруге, өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге

қалыптастыру;

 - оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

-логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.

Менің қарастырып отырған сабағымның тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың құрылымы: сабақ 4 деңгейлік бөлімнен тұрады:

  1. Оқушылық деңгей

  2. Алгоритмдік деңгей

  3. Эвристикалық деңгей

  4. Шығармашылық деңгей

Сабағым жеңілден күрделіге көше  отырып, жеке тұлғаның теңдеу  формуласын есептер шығаруда қолдана білу. Оқушылар сабақта үш деңгейде есептер шығарды, атап айтар болсақ,



А деңгейі №134.

а) 2х(5х-7)=2х2-5

ә) (х+4)2=4х2+5

б) (х-5)2=3х2-х+14

в) 9х(4х-1)=3х-1

В деңгейі №136


а) (3х-1)(х+2)=20

ә) (х-4)(4х-3)+3=0

б) (х-3)2+(х+4)2-(х-5)2=17х+24

в) (х+5)2+(х-2)2-(х-7)(х+7)=11х+80


С деңгейі №141

х2+2 - 6=0


Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелуде, білімдерін нығайтуға математикалық ойындардың атқарар рөлі өте зор.

Сабағымның «Оқушылық деңгей» . Анаграмма шешілді.

  • Таиимдкисрнн

  • ңеетду

  • фэкоцинетиф

  • үртіб

«Эвристикалық деңгей». Математикалық лото ойыны арқылы есептер шығарылды.
Күтілетін нәтиже: 
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. 
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі.
-логикалық ойлау қабілеттері арқылы бір-бірімен тез тіл табысады.
-оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.


Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – сапалы, нәтижелі білім беру, яғни білім ордасы – мектеп, ал мектептің жүрегі – мұғалім екені баршамызға мәлім.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.У.Кобдикова «Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп оқыту)». 2002 жыл

  2. «Білімдегі жаңалықтар» №3. 2004 жыл.

  3. «Қазақстан мектебі» журналы №11. 2004 жыл.

  4. А.Әбілқасымова, И. Бекбоев, А.Абдиев, З.Жұмағұлова «Алгебра – 8» оқулығы. «Мектеп» баспасы, 2008 жыл

  5. Республикалық «Математика және физика» әдістемелік журналы. №6.

2013 жыл.



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Математика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (51.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт