Меню
Разработки

"My favorite Toys"

Урок по английскому языку для старшей группы на тему "My favorite Toys"

12.02.2019

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Білім беру салалары: коммуникация, әлеумет

Бөлімі: ағылшын тілі.

Тақырыбы: «My favorite Toys»

Мақсаты: «My favorite Toys» тақырыбына жаңа лексикамен таныстыру.

Міндеттері: жаңа: car, doll, robot, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін беру. Сұраулы «How many?» сөз тіркесін қолдануды үйрету. «How many?» сұрағына жауап беруді үйрету, қажетті әріптен басталатын сөздерді табуды үйрету. Тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту. Ағылшын тілінде санауға баулып, тілге деген жалпы қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті қарындаштар, оқу қызметіне арналған карточкалар, аудиодиск, CD плеер.

Сөздік жұмыс: doll, boy, car, girl, robot, dragon.

Көптілділік: doll–қуыршақ–кукла, boy–ұл бала–мальчик, car–мәшине –машина, girl–қыз бала–девочка, robot– робот.

ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Педагог балалармен амандасады: Hello, children. Бүгін біз достары- мыз Батыр, Дана, Ира және Димаға қонаққа барамыз.

Жаңа a boy, a girl сөздерімен таныстыру. «boys» сөзін айтқанда ұл балалар бастарын изеуін, «girls» сөзін айтқанда қыздар тізелерін бүгіп отырады.

Педагог балалармен тағы да амандасады: Hello, boys! Hello, girls!

2. Негізгі кезең.

1-тапсырма.

Балалар ойыншықтарын көрсеткісі келетінін айтады: а car, aball, adoll, arobot.

Педагог суретке қарауды және ойыншықтарды көрсетуді сұрайды. Данада, Димада, Батырда және Ирада қандай ойыншық бар екендігін айтуды сұрайды.

– Достарымыз бізге ойыншықтар туралы ән үйреткісі келеді. Сол әнді тыңдап көрейік.

Тrack 8

Мәтін аудиожазбада.

One and two, (қыз бала ән айтады).

One and two

A doll for me,

A robot for you.

One and two, (ұл бала ән айтады).

One and two.

A car for me, A doll for you.

Педагог зат есімнің көпше түрінің жасалу ережесін түсіндіреді, көпше түрде айтылғанда s жалғауы жалғанады.

A boy – boys. A girl – girls.

2-тапсырма.

Кейіпкерлеріміз ағылшын тілінде қалай санайтынымызды естігісі келеді.

Олар бізден суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беруімізді өтінеді: How many boys?

How many girls?

How many robots?

How many dolls?

How many cars? How many balls?

Сергіту сәті.

Доп сияқты секіреміз!

A ball, ball, ball!

Қуыршақ сияқты билейміз!

A doll, doll doll!

Машина сияқты жүреміз!

A car, car, car!

Робот сияқты жүреміз!

A robot, robot, robot!

3-тапсырма. Досыңнан сұра «How many?», ал ол сенің сұрағыңа жауап берсін.

Балаларға жұптасып жұмыс жасау ұсынылады, бір бала екіншісіне сұрақ қояды, ал екіншісі сұраққа жауап береді How many…(cars/ball..etc)?

Дидактикалық ойын «Touch the picture».

Педагог балаларды екі топқа бөледі. Тақтаға алдын ала таныс заттар бейнеленген суреттерді іліп қойған жөн. Содан кейін педагог It`s a ball құрылымын қолдана отырып, сөзді атайды. Әр топтың өкілі тақтаға шығып, дұрыс суретке қолын тигізуі керек. Әрбір дұрыс жауап топқа бір ұпай әкеледі. Дұрыс жауап бермесе, топ ұпай алмайды. Педагог тақтаға тиісті топқа плюс таңбасын қойса да болады, әрі ойын соңында барлығы хормен ұпайларын санайды.

4-тапсырма.

Педагог қолдың моторикасын дамытуға арналған тапсырманы орындауды ұсынады. Үзік сызық бойынша бастырып сызу.

Жапсырмалар дәптердің соңғы бетінде.Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (8-б.)

– Достарымыз бізге ойыншықтар сыйлады. Біз сөрелер «жасап» педагогтің көрсеткен орындарына ойыншықтарды орналастыруымыз керек. (Жапсырмалар дәптердің соңғы бөлігінде). Н-р: 1. A ball. 2. A doll. 3. A robot. 2. A car.

3. Рефлексия.

Педагог оқу қызметін қорытындылайды. Достарымыз бүгін біз қандай ойыншықтармен ойнағанымызды еске түсіріп, ағылшын тілінде атап беруді ұсынады.

Кейіпкерлер балалармен қоштасады. Goodbye boy sand girls!


Күтілетін нәтижелер:

жасайды: жаңа car, doll, robot, ball, girl, boy лексикалық бірліктерін;

түсінеді: «How many?» сұрағын және оның жауабы туралы ұғымды;

қолданады: How many? сұрағына жауап беруді, қажетті әріптен басталатын сөздерді табуды, ойыншықтардың ағылшын тіліндегі атауларын.



-75%
Курсы повышения квалификации

Практическая грамматика английского языка

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"My favorite Toys" (16.73 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели