Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Практикумы  /  8 класс  /  «Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану»

«Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану»

XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1
07.02.2020

Содержимое разработки

Қ.Әбдіғұлов атындағы жалпы білім беретін шағын орталығы бар №34 орта мектеп – гимназиясы











Шеберлік сыныбы: «Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану»


















Өткізген: Жарасова Асель







2019-2020 оқу жылы

Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану

XXI ғасыр — озық технологиялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Əсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мəдениеті мен əлеуметін қатар үйренеді. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мəдениетін тезірек сезінеді. Яғни өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы жеңілдей түседі [1].

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын ғана емес, оның жеке бас тұлғасын, білім алу арқылы азамат ретінде дамуын қойып отыр. Дəстүрлі оқыту оқушыларға дайын, жаңаша оқыту технологиясы процесін ұйымдастыру, басқару жəне бақылау болып табылады. Жаңаша оқыту технологиясы — белгіленген мақсатқа нəтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, əдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тəсілі. Оқытуды жаңаша ұйымдастыруда мына міндеттерді қамтуы тиіс:

  • оқушыларды оқу үрдісін басқаруға қатыстыру;

  • ұжымдық іс-əрекетті ортақ қарым-қатынас құралы ету;

  • деңгейіне қарап саралап, ерекшелігіне қарап даралап оқыту.

Міне, осы міндеттерді қамтитын «дамыта оқыту» жүйесі даму заңдылықтарын ескере отырып, теориялық ойлауға бағытталған іс-əрекет арқылы баланың жақын даму аймағында оқытады. Нақ осы мəселелерді жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларының көпшілігі ұжымдық ой қызметі негізінде баланы өз іс-əрекетінің субъектісі етуге ұмтылады, мақсатты оқу іс-əрекеті барысында нақты оқу міндеттерін шеше отырып, даму педагогикалық ықпалдың алдын алатын іс-əрекеттік оқыту тəсілі арқылы балада ақпараттық жəне жалпы біліммен қатар, амалдар мен құндылықтар жиынтығын, біліктілігін қалыптастырады [2]. Жаңаша оқыту технологиялардың бірі — «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы — технологиялардың ішіндегі шоқтығы биік, ерекшелігі мол, құнды технология.

Бізді, ағылшын тілі пəні мұғалімдерін, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы несімен өзіне баурап алды:

  • кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен;

  • оқыту мен ұйымдастырудың тиімді əдістерінің көптігімен. Бұл бағдарламада жүзге тарта стратегия бар екені белгілі. Сол əдіс-тəсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы əр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

  • «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері;

  • сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғышарттары.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабақтарында мына мəселелерге назар аударылады:

  1. Сабақты белсенді өткізіп, əр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.

  2. Сенімділікке тəрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағаламау.

  3. Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.

  4. Əр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.

  5. Тіл байлығын дамыту үшін, қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.

  6. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.

  7. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне жағдай жасау.

  8. Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.

Негізгі үш сатының маңыздылығы. Бұл жаңаша оқыту технологиясында барлық стратегиялар үш саты бойынша қолданылады.

І-саты — баланың қызығушылығын ояту — ой шақыру, бұл əрбір сабақта қажет. Сатының мүмкіндіктері: қаралып отырған тақырып немесе проблема бойынша оқушының бар білім қорын қорыту, өзектендіру, оқып отырған тақырыпқа тұрақты қызығушылық тудыра отырып, оқушының оқу іс-əрекетін мотивациялау, сабақ үстінде оқушының белсенділігін ояту.

ІІ-саты — мағынаны ажырата білу. Бұл жердегі міндеттер мүлде бөлек. Саты оқушыға жаңа ақпарат алуға, оны ой елегінен өткізуге, өзінде бар білімдерін біріктіруге мүмкіндік береді, мəтінді жан-жақты жəне əр тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.

ІІІ-саты — ой толғаныс-рефлексия. Мұнда, негізінен, алынған ақпаратты қорыту, жалпы ой елегінен өткізу; оқушыға жаңа ақпарат, жаңа білім беру, оқып отырған материалға əрбір оқушының өзіндік қатынасын қалыптастыру т.б. мəн беріледі.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тағы бір маңыздылығы, жүйенің кейбір ерекшеліктерінде, «тек қана есте сақтауымен емес, өзінің терең ойлануымен игеріп алған білім ғана білім» — деп, əйгілі орыс жазушысы Толстой айтқандай, бұл жүйенің бір ерекшелігі, кез келген ақпараттың жан-жақты ой елегінен өткізіп барып қабылданатындығы.

Екінші бір ерекшелігі, білім көбіне, «өзгенің ақыл-ойымен шыңдалмаған білім білім емес» деп француз ғалымдары айтқандай, жеке емес, топтық не ұжымдық талқылаулар түрінде игерілетіні.

Дамыта оқыту жүйесі сияқты, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тиімділігі негізгі қағидалары мен мақсат-міндеттері дамыта-тəрбиелей отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігінде. Оқу мотивациялары мүлде өзгерді. Бұрын сəтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын, білімнің қажетін ескермейтін, құнды ақпараттарды енжар қабылдайтын оқушылар, əсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі балалар адам танымастай өзгерді. Ал озат жəне оқу екпінділерінің көпшілігі мадақталу үшін, не өзгелерден жоғары, жаксы болу үшін оқып келсе, қазір қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгелермен ой бөлісуге асығатын болды. Мұның бəрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген сауалнамаларға (шығу парақтарында) берген өз жауаптарында жұмысты жоспарлау, жағдайға бейімделу нəтижені нақты бағалау сияқты қабілеттерді, табандылық, сынға төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.

Осы бағдарламамен жұмыс істеу арқылы мынадай жетістіктерге жеттік: «Сын тұрғысынан ойлау» сабақтарында білім беріп, икем-дағды қалыптастырып қана қоймай, ұжымдық шығармашылық іс-əрекеттер арқылы бала болашағына ықпал етіп, оның өз білімін жетілдіре отырып, өзін-өзі тəрбиелеп дамытуына жағдай жасауға болады екен. Əр баланың танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың дамытушылық жəне тəрбиелік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану осы жүйені қолдану барысында ойдағыдай жүзеге асырыла бастады.

Əр жаңа технология, жобалар білім саласындағы жаңалықтардың басты мақсат, міндеттері бір- біріне жуық, мəндес болып келетіні бізге мəлім. Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі — білім сапасы. Осы жобаның пəн мұғалімдері ретінде білім сапасын көтеруге қызығушылықтарын арттыруға тигізген əсері туралы нақты мысалдар келтіріп тоқталғымыз келеді. Ағылшын тілі пəні мұғалімдері есебінде анық байқағанымыз — «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларымен өткен сабақтарда оқушының пəнге деген қызығушылығының артуы. Қызықты болған жерде белсенділік те артады. 2010–2011 оқу жылынан осы жұмыс нəтижесін байқау барысында бұл бағдарламамен 8–10-сыныптарда жүргізіп келеміз. Бұл сыныптарда стратегияларды (ассоциация, кластер құру, инсерт əдісі, Венн диаграммасы, пікірталас, ЖИГСО, эссе жазу т.б.) күнделікті сабақта қолданамыз. Бұл сыныптар ағылшын тілі сабағында екі топқа бөлініп оқылады. Стратегия қолданған топты стратегия қолданбаған топпен салыстырғанда оқушыларда төмендегі кесте бойынша мынандай өзгешелік анық байқалады:

 

 Бұл — жалпы сыныптар бойынша берілген басты сипаттар. Сабақта оқушылар мəтіннің өзімен бірнеше жұмыс жүргізе алуларына болады. Мысалы: жалпы, СТО ойлау бағдарламасында мұғалім жұмысында көбіне топтық, жеке, жұп бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім əр оқушының білім алуға бағытталған іс-əрекетін бақылауға алады. Оқушы жұмыстары жеке жинақ, папкаларда көрсетіледі. Мұғалім тек бағыттаушы ретінде қызмет жасайды, оқушылар жаңа сабақ, ақпараттарды өз бетінше меңгереді. Сыныптағы оқушылар өзгерісі — оқушылардың жаппай тілдік əрекетке түсуі, əрине, таза ағылшын тілінде сөйлемегенмен, көбіне ағылшынша сұрақтар қойып, оған жауап беруге тырысады. Оқушылардың ойлау деңгейлері əлдеқайда жоғарылайды. Белсенділік танытып қызығушылықпен жұмыс жасап жатқанда, тіпті кейде қоңыраудың соғылғанын байқамай да қалады.

Білім сапасы бұл сыныптарда көтеріліп келеді. Сабаққа нашар деген оқушылардың да көзқарасы өзгерген, оларда талпыныс, құштарлық, ынта-жігерлері қалыптасып келеді. Мұғалім ретінде қол жеткізіп жүрген жетістіктерді осы сыныптар арқылы көрсетіп жүрміз.

Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауында «Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі — бұл, ең алдымен, білім жəне денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи əдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тəуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін əлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек» делінген [3].

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев: «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады», — деп атап көрсетті. Əр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл əдіс-тəсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі — ақпараттық технология.

Ақпараттық технология — ақпараттарды жинау, сақтау жəне өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген əдістер — технологиялық құралдардың жиынтығы. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған [4]. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында шетел тілі сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады.

Мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Заман талабына сай техникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану — мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.

Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;

  • оқыту-тəрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;

  • дайын бағадарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;

  • ойлау қабілетін дамыту;

  • ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пəндік материалда меңгеруді қолдана білуге үйрету.

Осыған орай, оқытудың жаңаша əдіс-тəсілдерінің ең күрделі түрі — «Мультимедиалық кабинетте компьютер жəне интерактивті тақта арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу». Бұл оқушылардың пəнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта түседі. Сабақ барысында компьютерді қолданудың жақсы жақтары: түрлі-түсті иллюстрациялар, аннимациялар есте сақтау процесі үшін тиімді.

Ағылшын тілі сабағында оқытудың жаңа компьютерлік жүйесін пайдаланудың мынадай ұтымды жақтарын атап көрсетуге болады:

  • оқушылардың ойлану дəрежесіне, материалдық қабылдау ерекшелігіне байланысты əрбір оқушы үшін жеке-жеке компьютерда бағдарлама құрып, оқушылармен дербес жұмыс жасауға болады;

  • компьютер арқылы нашар оқитын оқушыларды оқытудың тиімділігі артады;

  • компьютерді сабақта пайдалану уақытты үнемдейді;

  • оқушының сабаққа деген қызығуын арттырады.

Əр сабақта сөз əрекетінің төрт түрі де қолданылады: тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым. Əр сабақ төмендегілерді қамтиды:

  • компьютермен үзіліссіз тілдік қарым-қатынас;

  • компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады;

  • оқушымен жекелей жұмысты іске асырады;

  • компьютер оқытудың аудио- жəне бейнеқұралдардың мүмкіндіктерін табысты байланысты- рады.

Компьютерде мəтінмен жұмыс жасау барысында тапсырмалар мынадай бөлімдерден болуы мүмкін.

  1. Берілген мəтіннің тақырыбын ашу.

  2. Мəтіндегі кейіпкер тобын ажырату.

  3. Мəтін мазмұнында кездесетін қанатты сөздерді жазу.

  4. Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.

  5. Мəтіннің əрбір бөліктеріне тақырып қою.

  6. Ұнаған тақырыбына қысқаша өз ойын жазу.

Өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізеді. Бұл жағдайда ағылшын тілі пəні мұғалімінің міндеті оқушыларға əр түрлі жаттығуларды орындауда компьютер көмегі мен мүмкіндігін көрсету өз бетімен компьютерді қолдануды үйрету болып табылады. Сондай- ақ ағылшын тілін меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор.

Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту жəне дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың əрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор. Сабақ арасында ойын элементтерін тиімді пайдалану олардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түседі, əрі баланың бойындағы қабілеттерді, ойлау мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзып, теңдік сезіледі. Ұялшақ, жасқаншақ оқушылар ойын барысында белсенді серік болуға мүмкіндік алады. Ағылшын тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі — Интернет. Интернет оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты, əрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:

  • сұраныс бойынша ақпарат алу;

  • Интернет тараптарында берілген пəн бойынша тапсырмалар мен жаттығулар орындау;

  • пəн бойынша əр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру;

  • сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу;

  • тақырыптық жобалар дайындау;

  • шетел авторларының шығармаларымен танысу;

  • электронды сөздіктерді қолдану;

  • электронды пошта арқылы шетелдіктермен хат алмасу;

  • аудио-, бейнематериалдар қолдану.

Интернет мүмкіндіктерін жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, мұғалім қазіргі кезде мазалап жүрген мəселелерді Интернеттен тауып алып, оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мəселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізген материал бойынша өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісіп немесе келіспей талқылай алады. Əр мəселе бойынша материалдар ұсынуға болады. Интернеттегі аудио-, видеобағдарламаларды оқушыларға сабақта тыңдатуға, талқылауға болады (мысалы, президенттік сайлау, əлемде болып жатқан оқиғалар, білім беру жүйесіндегі жаңалықтар т.б). Бұндай жұмыс түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Осыны айта келе, ағылшын тілі сабағында Интернетті қолдану арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады [5].

Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тəсілдерді дұрыс қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып тұр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы керек. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 29 мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде «Тілдердің үш тұғырлығы» мəселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін төмендегі сөзімен дəлелдеп берді: «Ағылшын тілі — XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, əлемдік деңгейге шығаратын тіл».

Сондықтан да ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісін қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Ағылшын тілін оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру əрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Мектептердегі ағылшын тілі пəні мұғалімдердің мақсаты — оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру — үлкен істің бастамасы.

Шетел тілін оқытуда оқушылардың танымдық қызығуын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз бетінше ізденуді арттыру жолында əр түрлі сабақтан тыс тəрбие жұмыстарының да көп көмегі бар. Мұндай тəрбиелік іс-шаралардың оқушылардың сабақ кезінде алған білімін, іскерлік дағдыларын, ой- өрісін дамытуда маңызы зор. Оқушылардың пəнге деген қызығушылығы сыныптан тыс жұмыстарды өткізуде ерекше байқалады.

Өз тəжірибемізде сабақтағы теориялық білімді сабақтан тыс шаралармен ұштастыра отырып, оның өткізілу түріне, тəрбиелік, білімділік, мазмұнына баса көңіл бөлеміз. Себебі оқушылар бойында белсенділік, мақсат көздеушілік, ұйымшылдық, намысшылдық, жауапкершілікті сезіне білу сияқты саналы көзқарас, жақсы қасиет осындай тəрбиелік іс-шараларда қалыптасатыны белгілі.

Ағылшын тілі пəнінен өткізілген апталықтар барысында «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің əдет-ғұрыптары» тақырыбында демалыс кеші «Ағылшын тілі мақал-мəтелдерде», «Полиглот» атты білім сайыстары, «Ұлы Абай» поэзия кеші, «Ағылшын грамматикасының білгіштері» сайысы кезінде оқушылар үлкен белсенділік танытып, жоғарыда аталған кештердің жəне тағы да басқа іс- шаралардың өз дəрежесінде өтуіне өзіндік үлестерін қосып келеді.

Сабақтың соңында туған ой-толғанысымыз келесідей. Сабақтың жаңа жобада өтуі оқушылардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізулеріне, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай болды. Бұндай əрекеттер сабақтың үш сатысында байқалып отырды. Оқушылар сабақтың барлық сатысында қызығушылықпен, белсенділікпен қатысып, өз ойларын, пікірлерін қызу түрде ортаға салып отырды. Шығу парағын толтыруда оқушылардың көпшілігі «не үйреніп, білдің?» деген сұраққа «мақсатқа жетуде орта жолда қалып қоймай, жету керек екенін түсіндім» деп жауап берді. Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларымызға өздерінің, бір-бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың, идеялар туындауына жол ашты. Сонымен бірге көбіне қазақтың балалары өз ойын кесіп айтудан жасқанады жəне жеткізіп айта да алмайды. Сондықтан «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламаның ұтымды жағын көре отырып, былтырғы оқу жылынан оқушылар шығармашылығын дамытумен айналыстық. Сабақ барысында СТО бағдарламасының стратегияларын қолдана отырып əр түрлі міндеттерді шешіп, проблемалық сұрақтарды талқылап, дискуссия ұйымдастырдық. Оқушылардың жазған эссесін оқығанда оқуға деген мотивациясы артып, ойлау қабілеті белсендендіріліп, креативті, сын тұрғысынан ойлауы дамыды деп айтуға болады. Оқушылардың пікірі бойынша, сабақта алынған білімдері терең бекітіліп қалды.

Қорыта келе, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын дер кезінде қолға алынған, уақыт талабына сай көтерілген іс-шара деп есептейміз.

 



-75%
Курсы повышения квалификации

Методика исследовательской работы по географии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын қолдану» (118.97 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт