Меню
Разработки
Разработки  /  Завучу  /  Практикумы  /  8 класс  /  "Ресми құжаттар"

"Ресми құжаттар"

Осы аралықта өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен, адамгерщілігімен ерекшеленді. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында информациялық-коммуикативтік технологияны кең пайдаланады. Қиналған әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Бос уақытын біріншіден өз пәні бойынша білімі төмен оқушылармен жұмысына арнайды. Білім көрсеткіштері пән бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.

19.01.2018

Содержимое разработки

16 бастауыш мектеп

(аттестаттау комиссиясының атауы)


Кощанова Мейрамгуль Мукангалиқызы
        (Педагог қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты)


қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, №16 бастауыш мектеп
        (лауазымы, жұмыс орны)

ӨТІНІШ

Мені 2018 жылы қазак тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымы бойынша
жоғары біліктілік санатына аттестаттауыңызды сұраймын.
Қазіргі кезде 2017 уақытқа дейін жарамды бірінші санатым бар.

Өтініште көрсетілген біліктілік санатына аттестаттау үшін мынадай
жұмыс нәтижелерін негіздеме ретінде санаймын:

1.«Нұрлы болашақ» республикалық қашықтық Олимпиада қазақ тілі пәнінен II орын, Карамбетова Айша,2017ж.

2.Қазақ тілі пәні бойынша жалпықазақстандық Олимпиада, 1 орын, Бимухан Сағыныш,2017ж.

3. XXVI Халықаралық мұғалімдерге арналған қашықтық Олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 1 орын,2017ж.

4.Республикалық қашықтық Олимпиада мұғалімдерге арналған « Обновленное содержание образования в РК» 1 орын,2017ж.

5.ҚР Орта білім беру мазмұнын жанарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша біліктілік арттыру курсы, Ақтау қ.2016ж.

6.Қалалық « Өзін- өзі тану» Махаббат пен шығармашылық педагогикасы онкүндігі аясында «Мейірім төгетін ана» мәнерлеп оқу сайысында IV орын, Шукурова Айнур. 2015ж.

   Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:

      Тестілеуден өтеді:
      1. пән бойынша: қазак тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
      2. тілі (қазақ, орыс):қазақ

Білімі:

Оқу орнының атауы

Оқу кезені

Диплом бойынша мамандық

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

2014-2016

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Еңбек өтілі:

Жалпы

Мамандық бойынша

Педагогикалық

Осы білім беру ұйымында

27 жыл

27 жыл

27 жыл

13 жыл

Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми дәрежесі -

      Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесімен таныстым.


2017 ж. «24 » мамыр _____________

(Қолы)

№16 бастауыш мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі М. М. Кощанова

Мұғалімнің педагогикалық қызметінің анықтамасы

Мейрамгуль Мукангалиқызы 16 бастауыш мектепте 2005 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі ретінде қызмет етеді.

2016ж. Тараз мемелекеттік педагогикалық институтты бітірді.

2015ж. Республикалық Ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастрырылған «Менің инновациялық сабағым» атты «Ұшқыр ойдын майталманы» номинациясы бойынша I орынға ие болған.

2013ж. Нұр-Отан ХДП ЖҚП белсенді араласқаны үшін «Тәрбие» бастауыш партия ұйымының ұстазы Алғыс хатпен марапатталды.

2015ж. «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Алғыс хатпен марапатталған.

Белсенді онлайн –конференцияға қатысады.

Ақтау қ. 2016ж. ҚР Орта білім беру мазмұнын жанарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша біліктілік арттыру курсын бітіріп шықты.

XXVI Халықаралық мұғалімдерге арналған қашықтық Олимпиадасында қазақ тілі пәнінен 1 орын,2017ж.алған.

Республикалық қашықтық Олимпиада мұғалімдерге арналған « Обновленное содержание образования в РК» 2017ж., Астана қ. 1 орынға ие болды.

Осы аралықта өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, жанашырлығымен, адамгерщілігімен ерекшеленді. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында информациялық-коммуикативтік технологияны кең пайдаланады. Қиналған әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Бос уақытын біріншіден өз пәні бойынша білімі төмен оқушылармен жұмысына арнайды. Білім көрсеткіштері пән бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.

Мейрамгуль Мукангалиқызы білім беру жүйесіндегі болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.



Мектеп директоры: /Ахметова Райхан Сражатдиновна/



Білім сапасы мониторингі

/ соңғы 3 жыл/

























Ата-ана пікірі

Педагогикалық еңбек өтілі 27 жыл.

Жаңаөзен қаласы №16 бастауыш мектеп

М.М.Кощанованың

жұмысы туралы пікірі



Мейрамгуль Мукангалиқызы 2016 жылдан бері қызым Карамбетова Айшаның қазақ тілі пәні мұғалімі болып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыры – сырын таба білетін мұғалім. Ашық мінезінің арқасында айналадағы адамдармен тез тіл табысып кетеді.

Ұқыптылық пен әдептілік Мейрамгуль Мукангалиқызының басты қасиеті болып келеді. Жинақталған білім тәжірибесі оқушыларға көмек беруге және әр істі тыңғылықты атқаруға жұмылдыруға жұмсалады.

Мейрамгуль Мукангалиқызы тек оқушылармен, ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата – аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бізге әр уақытта өз көмегін аямады. Мектеп ішінде өтетін тәрбие сабақтарына, ата – аналардың жиналыстарына, жарыстарға үзбей қатысып, бағыт – бағдар беріп жүреді.

Мейрамгуль Мукангалиқызының өткізген шараларының арқасында балалардың есінде жаңа мағлұматтар жақсы сақталады. Мұғалім өзінің ішкі жан дүниесін, оның байлығын оқушы алдында ашықта, анық көрсете біледі. Ол баланың адамгершілік қасиеттерін өсіретін, отанға деген рухани сүйіспеншіліктерін арттыратын мәліметтерді оқушыларға жиі беріп отырады.

Мұғалімнің сабақтары, түрлі шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді. Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймыз. Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет – ғұрпымызды мақтан ететін болады. Болашақта да көптеген жақсы жұмыстарының куәсі болып жүруімізге жазсын деймін.

Мейрамгуль Мукангалиқызы еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.



№ 16 бастауыш мектепбінің

4 А сынып ата – аналар комитеті: Данабаева А.П.





Әріптес пікірі

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Ұстаз болу – адамның асылдығы,
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. 

Мейрамгуль Мукангалиқызы– педагогикалық қызметінде өзін білімді, шығармашылығы мол ұстаз ретінде көрсетті. Мейрамгуль Мукангалиқызының педагогикалық ұстанымы – барлық тәрбие және оқу жұмыстарын адамгершілік ойларға бағындырып, талаптану.

Оқушылардың өз пәніне қызығушылығын ояту әр мұғалімнің қолынан келе бермейді. Ал, Мейрамгуль Мукангалиқызы өз пәніне оқушылардың қызығушылығын ғана емес, сонымен қатар жақсы көретін пәннің біріне айналдырғанын толық сеніммен айта аламын. М. Мукангалиқызы оқушылар ұжымын ұйымдастырып, әр балаға сүйіспеншілік пен түсінушілікпен қарайтын жан. Ол өз балаға еңбексүйгіштікке, танымдылыққа, белсенділікке тәрбиелейді. Ол сабағын жайдары, мейірімділікте, өзін байсалды ұстап өткізеді, мұнда оқушылар мемлекеттік тілде дұрыс және әдемі сөйлеуге үйренеді.

Мейрамгуль Мукангалиқызы өзіне де, оқушылардан да қатал тәртіпті талап ететін ұстаз. Ол балаларды адалдыққа, шындыққа, берілген істі жауапкершілікпен орындауға, адамгершілігі мол азамат болуға тәрбиелейді.

Оның оқушылары қазақ тілі пәні бойынша қалалық, республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Мейрамгуль Мукангалиқызы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары 2015 ж. бері  қызметін атқарып келеді– өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол, мейірімді жан. Ол оқушылар мен әріптестері алдында зор құрметке ие болуға тұрарлық ұстаз.



Мектеп әдіскері: Алишева Гульнара Саламатовна





Әріптес пікірі


Қандай қасиетті сөз!

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі күні осындай ұлы сөзге лайық шәкіртінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөлініп жүрген Кощанова Мейрамгуль Мукангалиқызы туралы жүрек жарды жақсы ниетімізді білдірмекпін. Мейрамгуль Мукангалиқызы саяси сауатты, жан-жақты білімді, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата білетін әдіскерлік шеберлігі бар мұғалім, әрі тәлімі мол –ұстаз. Оқушының, психологиялық ой-өрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай алатын сезімтал психолог.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндесуінде жас жеткіншектерге үлкен үлгі артып, олардың білімді де білікті, жалқаулыққа бой алдырмайтын, кез-келген қиындықтардан қорықпайтын қабілетті,қағылу болатынына сенім білдіреді. Ал, сол жас жеткіншектерді тәрбиелеу педагог үлесі болғандықтан, әрбір ұстаз – тиянақты білім беруге жағдай жасауда. Ол 1991 ж. Армавир мемлекеттік педагогикалық институтын тамамдап,Жаңаөзен № 16 бастауыш мектебінде 2005 жылдың еңбек етіп келеді.

Оны жақсы ұстаз ретінде жақсы білеміз. Ол әлі де сүйікті мамандығынан ажыраған емес. Қиындықта қасынан, жақсылықта жанынан табылатын жолдасымен бірге 2 баланы тәрбиелеп өсіріп келеді. Жаны жайсаң әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз. Мұғалімдік-мәртебелі мамандық. Мәртебеңіз жоғарылай берсін демеспін.

 


Әріптестері атынан: Изтлеуова А.


























Оқушылар пікірі


Ұстазым, менің ұстазым...


Мейрамгуль Мукангалиқызы бізге 2-ші сыныптан қазақ тілі пәні мұғалім болып келе жатыр. Менің мектептегі екінші анам.

Мейрамгуль Мукангалиқызы бізді өз баласындай жақсы көреді, әрі бізді тәртіпке, адамгершілікке яғни жақсы әдеттерге үйретеді. Мектелішілік, калалық іс-шараларға біз жиі қатысамыз. Егер жүлделі орынға ие бола алмасақ, өте қатты ренжиді.

Мейрамгуль Мукангалиқызы менің ғана сүйікті ұстаз емес, бүкіл сыныптың сүйікті ұстаз ретінде сыныпты аялы алақанына салып,әлдилеп келеді. Ол кісі бізге түрлі мақал-мәтелдер үйретеді. Өлең де шығарады. Кейбір іс-шараларға аяқ астынан дайындап, қатыстырады.

Біздің біліп, білмей жасаған қылықтарымызға түсінушілікпен қарап ақыл кеңесін беріп отырады.

Жанаргүл: Мен 4-ші сыныпқа жаңадан келгенде маған мейірімін төгіп, жылы шыраймен қарсы алды.Менің ұстаз өте қатал болса да, мейірімі мол, ақ көңіл, біздің жақсылығымызды асырып,жамандығымызды жасыра білетін ұстаз.

Ол кісі өз маманының шебері. Біз білімді болсын деп сабақтарын өте қызықты

өткізеді.

Айша: Мейрамгуль Мукангалиқызы жан дүниесі таза, мейірімді жан.Біз ұстазымызға сенеміз. Сізге көп-көп рахмет!



Оқушылар атынан: Карамбетова Айша






























Түйіндеме







Аты жөні

Кощанова Мейрамгуль Мукангалиқызы

Туған жылы

05.01.1968

Ұлты

қазақ

Лауазым

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Еңбек өтілі

27 жыл

Білімі

Жоғары, Тараз мемелекеттік педагогикалық институты

Мамандығы

Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Мұғалімнің жетістіктері

  1. IV Халықаралық оқытушылар сайысы «Ұшқыр ойдың майталманы», I орын, Астана,2015ж.

  2. I орын жүлдегері Республикалық ақпарат-әдістемелік Олимпиада, Астана,2017ж.

  3. XXVI Халықаралық мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен, I орын ,Ресей,2017ж.

Курстар

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту»-72 сағат, Ақтау,2014ж.

  2. Мемлекеттік тілді халықаралық стандарттар деңгейі негізінде оқыту жолдары-36 сағат, Ақтау қ, 2014ж.

  3. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша,Ақтау,2016ж.

  4. Маңғыстау облысының мектеп басшылары үшін семинар-практикум, Ақтау, 2017ж.

Марапаттар

  1. Алғыс хат «Нұр-Отан» ХДП Ұстаздар мерекесі орай

  2. Алғыс хат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша

  3. Алғыс хат Нұрлы болашақ республикалық қашықтықтан олимпиада1-4 сыныптарға арналған орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен Республикалық олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін, Астана,

2017ж.

  1. Алғыс хат Республикалық қашықтықтан өткізілетін Олимпиада жеңімпаз дайындағаны үшін


Мекен-жайы

Арай-2 ш/а 18а,50 үй

Байланыс ақпарат

+7702 407 58 88

Арай-2, 18а, 50 үй, тел-74781








« Бекітемін»

№16 бастауыш мектеп

Директор Ахметова Р.С.

«___»____2016ж.



Кощанова Мейрамгуль Мукангалиқызының

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

2016-2018жж.

Әдістемелік проблема: «Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру»

Мазмұны

Мерзімі

1

Оқу-әдістемелік жұмыс



1.Қалалық облыстық ашық сабақтар өткізу

2. Дидактикалық материалдар жинақтау

3. Әдістемелік кітапша шығаруы



2016

2

Дарынды балалармен жұмыс



1.Зерттеу, анықтау

2. Қалалық, республикалық «Зерде» жұмыс жобаға оқушыларды дайындау, қатыстыру


2016

2017

3

Баспасөздерге мақалалар жариялау



1.Білім берудегі инновациялық технологиялар: жаңа парадигмалық ізденіс халықаралық ғылыми-практикалық конференция,Ақтөбе қ,2014ж.

2. Қашықтық онлайн-конференция Методологические подходы к изучению социального интеллекта в младшем школьном возрасте, Тараз қ. 2014ж.

3. «Жаңаөзен» газеті Менің мектебім-менің мақтанышым

4. «Огни Мангистау» газеті мақала «Настоящий учитель», 2017ж.


4

Біліктілік арттыру



1. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту»-72 сағат, Ақтау,2014ж.

2.Мемлекеттік тілді халықаралық стандарттар деңгейі негізінде оқыту жолдары-36 сағат, Ақтау қ, 2014ж.

3.ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша,Ақтау,2016ж.

4.Маңғыстау облысының мектеп басшылары үшін семинар-практикум, Ақтау, 2017ж.










АТТЕСТАЦИЯЛАНУШЫ туралы мәлімет

  1. Аты , тегі: Кощанова Мейрамгуль Мукангалиқызы

  2. Білімі және диплом бойынша мамандығы:

Жоғары, Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

  1. Наградалар мен мадақтаулары:

1.Алғыс хат «Нұр-Отан» ХДП Ұстаздар мерекесі орай

2.Алғыс хат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша

3.Алғыс хат Нұрлы болашақ республикалық қашықтықтан олимпиада1-4 сыныптарға арналған орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен Республикалық олимпиадасына жүлдегер дайындағаны үшін, Астана,2017ж.

4.Алғыс хат Республикалық қашықтықтан өткізілетін Олимпиада жеңімпаз дайындағаны үшін,2017ж.

5.IV Халықаралық оқытушылар сайысы «Ұшқыр ойдың майталманы», I орын жүлдегері, Астана,2015ж.

6. Республикалық ақпарат-әдістемелік Олимпиада, I орын жүлдегері, Астана,2017ж.

XXVI Халықаралық мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен, I орын ,Ресей,2017ж.

  1. Лауазымы: Қазақ тілі пәнің мұғалімі, №16 бастауыш мектеп, Жаңаөзен қаласы.

  2. Педагогикалық өтілі: 27 жыл

  3. Категориясы: бірінші санат 09.06.2016ж. № 148нқ бұйрығы

  4. Біліктілігін арттыру:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік

құзырлықтарын дамыту»-72 сағат, Ақтау,2014ж.

  1. «Мемлекеттік тілді халықаралық стандарттар деңгейі негізінде оқыту жолдары»-36

сағат, Ақтау қ, 2014ж.

  1. ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін

мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша,Ақтау,2016ж.

  1. Маңғыстау облысының мектеп басшылары үшін семинар-практикум, Ақтау, 2017ж.

  2. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді тәсілдері»,Ақтау қ. 2013ж.

  1. Аттестациялау кезіндегі оқу-әдістемелік жұмысы:

1) 2014-2016жж.облыстық ашық семинар: «Ас атасы-нан», 2014ж

2) Халықаралық онлайн-конференция «Методические подходы к изучению социального интеллекта в младшем школьном возрасте»,2014ж.

3) Педагогикалық кеңес «Орыс мектебінде қазақ тілі сабағында қолданатын әдіс-тәсіл түрлері»,2016ж.

9. Халықаралық БАҚ-та мақалалар жариялау:

1.Білім берудегі инновациялық технологиялар: жаңа парадигмалық ізденіс халықаралық

ғылыми-практикалық конференция,Ақтөбе қ,2014ж.

2. Қашықтық онлайн-конференция Методологические подходы к изучению социального

интеллекта в младшем школьном возрасте, Тараз қ. 2014ж.

3. «Жаңаөзен» газеті Менің мектебім-менің мақтанышым

4. «Огни Мангистау» газеті мақала «Настоящий учитель», 2017ж.






Кәсіптік қызметке өзіндік талдау


Мен, Кощанова Мейрамгуль Мукангалиқызы 1991 жылдан бері педагогикалық жұмыс өтілім бар . Қазіргі таңда № 16 бастауыш мектепте қазақ тілі пәнің мұғалімімін.
2016ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мамандығы бойынша бітірдім. Жалпы педагогикалық еңбек өтілім – 27жыл. Аталған оқу мекемесіндегі жұмыс өтілім – 12 жыл. Санатым –бірінші.

Жалпы кәсіптік қызметімдегі алға қойған мақсатым мен ұстанымым: «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану жолдарын арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу»
Өзекті тақырыбым: «Қазіргі заман білім беру парадигмасының тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын және білім сапасын арттыру» . Жаңа технологияларды (Дамыта оқыту, диалогтік оқыту, СТО, АКТ, ынтымақтастық) барынша қолдана отырып сабақтың сапалы өтуін басты назарда ұстаймын. 2016 жылы бірінші санатымды растап кезекті аттестациядан өттім. Заман талабына сай ақпараттық білімім жоғары. Word, Power Point, Paint, Excel программаларымен еркін жұмыс істей аламын. 

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 12 жылдық оқыту моделі.


А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің басты қызметі - оқушы ұзақ жолды қысқарту үшін және сол жолдан қиналмай өтуі үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін балаларға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бет алысын діттеген мақсатына қарай түзеп отыру[1] . Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы жаңа өзгерістерге бет бұру үшін мынадай талаптарды ескеру керек деп ойлаймын: - Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

-Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жеткізу;

- Шығармашылық іс - әрекетіне және үнемі ізденісте болуына жағдай тудыру,

-Өзіндік жұмыс түрлерін орындай алу,

- Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық қабілеттерін қалыптастыру,

-Ақпараттық технологияларды меңгерту;

Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен сапаның дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын да дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. [3] Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. [2] Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады. 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаоану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.

Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны анық. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Оқу мен оқытудағы әр іс-әрекет мақсатқа жетуге бағытталатынын түсінді. Егер ұстаз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері

дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Яғни, «Не үшін?», «Қалай?», «Неліктен?» деген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым– қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады.



































Біліктілігін арттыру



Мазмұны

Сағат саны

Өткен жылы

1

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді тәсілдері»,Ақтау қ.



2013ж.

2

«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік және коммуникативтік құзырлықтарын дамыту» Ақтау қ


72 сағат

2014ж.

3

«Мемлекеттік тілді халықаралық стандарттар деңгейі негізінде оқыту жолдары»-, Ақтау қ


36 сағат

2014ж.

4

ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша,Ақтау қ


160 сағат

2016ж.

5

Маңғыстау облысының мектеп басшылары үшін семинар-практикум, Ақтау қ



2017ж

































Мұғалімнің жетістіктері



Мазмұны

Алған орыны

Жылы


1

«Ұрпақ тәрбиесі-ел мұраты» I-ші Республикалық сайысы Ғылыми-әдістемелік орталығы ZIAT


III

2014

2

« Менің инновациялық сабағым» атты IV Халықаралық оқытушылар сайысы


I

2015

3

XXVI Халықаралық мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен


I

2017

4

Республиканская олимпиада «Обновленное содержание образования в РК»


I

2017



























-75%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Ресми құжаттар" (54.7 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели