Меню
Разработки
Разработки  /  Завучу  /  Мероприятия  /  10 класс  /  Таңқалдырған тамсандырған-25

Таңқалдырған тамсандырған-25

Та??алдыр?ан тамсандыр?ан -25 Кунназарова Улдай Алиевна
13.01.2017

Содержимое разработки

«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры

А.Б.Карекеева



«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





жайдарман ойыны

























Шамалған бекеті, 2016 ж

1 жүргізуші:

Сөз анасы – сәлем дер дана халқым

Өмір бойы сыйлап өскен ата салтын

Сәлем бердім баршаңа, көрермендер

Деніңіз сау, жүзіңіз болсын жарқын!

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.


2 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік «Тамсандырған, таң қалдырған 25» жайдарман ойынына қош келдіңіздер.


1 жүргізуші:

Әділқазы алқалары бүгінгі

Әр топты бағалай біл өнерлі

Қарсыластар баршаңызға сәттілік

Достық деген арттырайық ұғымды.


2 жүргізуші:

Бүгінгі жайдарманшыларды ортаға шақырамыз.

  1. 9 «А» сынып «Ойнап айтам»

  2. 9 «Б» сынып «Қазақтың қыздары»

  3. 9 «Б» сынып «Күлкі сарбаздары»

  4. 9 «Ә» сынып «Көңілді жігіттер»

  5. 10 «Ә» сынып « Жұлдызыды жігіттер»

  6. 8 «Б» сынып «8Б жастары»

  7. 8 «Ә» сынып «Шапалақ»

1 жүргізуші: Олай болса сайыс бөлімдерімен таныстырып өтейік.

Сайыс бөлімдері:

1-кезең Сәлемдесу (3-4 минут)

2-кезең Үй ттапсырмасы (тақырыпқа сай болу шарт, 6 минут)

3-кезең Видеоролик (бір кино немесе бір бейнебаянды алып, өз дауыстарымен жеткізу)

4-кезең Қайым айтыс (әділқазылар тақырыпқа сай өлең шумақтарының екі жолын айтады, қатысушылар жалғастырады)

5-кезең 5 жаңалық.


2 жүргізуші: Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Әр сыныптан 1 немесе 2 топтан қатысуға болады. Бір киім үлгісі және топтың аты болуы тиіс.


1 жүргізуші:

Әділқазы алқасы армысыздар!

Бейне бір жауатұғын қармысыздар

Топтарға әділ баға беретұғын

Әділеттен жаралған жанбысыздар?


2 жүргізуші: Олай болса бүгінгі жайдарман ойынына қатысатын топтарды бақылап, бағалап, әділ шешім қабылдайтын әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

  1. _______________________________________________________

  2. _______________________________________________________

  3. _______________________________________________________

1 жүргізуші:

Сөз қадірін биік қойған қазақ тіпті «Сәлем – сөздің анасы» деп баға берген. Оны әйгілі Бұқар жыраудың мына бір өлеңінен жақсы байқауға болады:

Әй, айтшы, айтсаң айт!

....Құдіретімен жаратқан,

Он сегіз мың ғаламды айт.

Ақтан сия танытқан

Дәуіт пенен қаламды айт

Сөйлеу үшін жаратқан

Сөз анасы – сәлемді айт! - демекші жайдарман ойынының 1 ші кезеңі сәлемдесу кезеңін бастаймыз. Командаларға берілетін уақыт 3-4 минут.


2 жүргізуші:

Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! – дей келе 2 ші кезең үй тапсырмасына береміз. Командаларға берілетін уақыт 6 минут.


1 жүргізуші:

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!

Осымен 3 ші кезеңіміз Видеоролик (бір кино немесе бір бейнебаянды алып, өз дауыстарымен жеткізу)

2 жүргізуші:

Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні

Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы

Шаңырағы биік болып қазақтың

Қисаймасын берік болсын уығы дей отырып жайдарман ойынының 4 ші кезеңі қайым айтысына береміз. Қайым айтыс (әділқазылар тақырыпқа сай өлең шумақтарының екі жолын айтады, қатысушылар жалғастырады)

1 жүргізуші: Әділ қазы алқаларының шешімі дайын болғанша ортада

Концерттік номер ___________________________________

(жеңімпаз командаларды марапаттау рәсімі)

2 жүргізуші:

Осымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік мерейтойына -25 ізгі іс» бағдарламасы аясында мектепішілік «Тамсандырған, таң қалдырған 25» жайдарман ойыныны өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар.







-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Таңқалдырған тамсандырған-25 (18.22 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт