Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  6 класс  /  Туыстық, отбасылық қатынас

Туыстық, отбасылық қатынас

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
08.10.2019

Содержимое разработки

Сабақ жоспары

Күні:

Қостанай облысы Жангелдин ауданы

«Жангелдин ауданы әкімдігінің Аудандық тілдерді оқыту орталағы»КММ

Қазымова Жансая Серікқызы

Оқытушы

Сабақтың тақырыбы

Туыстық, отбасылық қатынас

В2 орта деңгей

Сабақтың мақсаты

  • Туыстық қатынастың маңызы;

  • Отбасылық құндылықтар;

Сабақтың әдіс-тәсілдері

«Мозайка», «Сиқырлы қоғырау» т.б

Жұмыс түрі

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс

Жоспар

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың барысы


І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Тыңдаушылармен сәлемдесу

2.Тыңдаушылардың зейінің сабаққа аудару


ІІ. Қызығушылықты ояту



«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. Берілген суреттерді құрап, шыққан сурет арқылы топтасу.

1-топ Ата мен әже

2-топ Әке мен ана


ІІІ. Жаңа сабақ























Жазылым







Оқылым


























Жазылым










Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата - ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырдағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ

Ата мен әже – әкенің әкесі мен шешесі. Көптеген немерелер атасы мен әжесінің тәрбиесінде өседі. Ержеткенде атасы мен әжесіне қолғанат болып, көмектеседі. Әжесін немерелер тыңдап, құрметтеп, сыйлайды.
Әке мен ана – баланы дүниеге әкелуші, асырап - бағушы, тәрбиелеп - өсіруші, ең жақын қамқор адамдар.
Бала – ата - ананың ұрпағы, өмірінің жалғасы, қуанышы, үлкен үміті. Ол ата - анасының алдында шексіз қарыздар

1-тапсырма. «Қима қағаздар» әдісі арқылы шашылған сөздердің арасынан бірінші топ отбасы мүшелерін, екінші топ туыстық атауларды тауып, жаңа әліпбимен жазады.

Ата, әке, ана, бала, жиен, нағашы, қайын ата, күйеу бала, жолдас, тәте, бала т.б


2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Екі топқа берілген мәтіндегі отбасылық, туыстық атауларға мақал-мәтел айту

1-топ.Қоғамдық қарым-қатынастың бір бөлшегі - туыстық қарым-қатынас. Қазақ халқында туыстық қарым-қатынас (еркек тарапынан) жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа созылады. Жетінші ұрпақты қазақтар "немене", я "туажат'* деп атайды. Жігіттің үш жұрты болады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты" деген сөз туыстық карым-қатынастың бағытын, орнын көрсетеді. Жігіттің екінші жұрты - шешесінің елі жағынан, яғни нағашы жұрты. Нағашы жұртына қатысты туыстық-атаулар: нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы апа, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар, туажат.

2-топ.Жігіттің үшінші жұрты - әйелінің туыстары - қайын жұрты. Екі елдің арасында қыз беріп, қыз алысса құдандалық қарым- қатынас, күйеу мен қайын жұрт арасындағы қарым-қатынас пайда болады. Қайын жұрты "Пайғамбар да күйеуін сыйлапты" деп күйеуді әр уақытта сый тұтады. Алған әйеліне дұрыс қарап, жақсы адамгершілік қасиетін білдірген күйеулер қайын жұртына сыйлы, ерке болады. Қайын жұрттың әр шаңырағы күйеудің сыбағасы деп әрдайым төс сақтайды. Күйеуіне әйелінің әпкесі - қайынбике, сіңлісі - балдыз. Әй-елінің сіңлілері мен бауырларына оның күйеуі – жезде.

Мақал-мәтелдер: Жиен ел болмас, желке ас балмас. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі. Інісі бардың тынысы бар. т,б

3-тапсырма

«Оқиғалар тізбегі» әдісі бүгінгі сабақ барысындағы сөздерден комедиялық, трагедиялық оқиға құрау. Мысалы: әке, ана, ата, әже, бала, отбасы, іні т.б


Сергіту сәті.

«Q-galam» ютуб каналдан жаңа әліпбимен жазылған «Ана туралы жыр» әнін шырқау.


4-тапсырма. «Сиқырлы хат, қоңырау» әдісі. 1-топ Ата-әжесіне немесе отбасы мүшесіне, 2-топ Әке мен анасына алғыс айтып хат жазу.


КЕРІ БАЙЛАНЫС





Бағалау

«5-5-1» әдісі тыңдаушылар бүгінгі сабақ туралы жаңа әліпбимен 5 сөйлем жазады. Ол сөйлемді 5 сөзге қысқартады. Соңында 1 сөзге қысқартып жазады.


«Бас бармақ» әдісі арқылы екі топ бір-бірін бағалайды.

Үй тапсырмасы:


Отбасы мүшелеріне эссе жазу.



-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование у детей навыков безопасного участия в дорожном движении

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Туыстық, отбасылық қатынас (22.44 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт