Ұ ұ дыбысы мен әріпі.
Мақсыты:Ұдыбысы мен әріпін таныту,сол әріп арқылы беоілген оқу мен жазуға үйрету.Ұ дыбысына байланысты сөздер ойлатып талдау.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік:Оқушыларды партада дұрыс отыруға,сауатты,қатесіз,таза,Коллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Аралас сабақ.
Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі:Суреттер,кеспе әріп,түрлі түсті бор,Ұ дыбысының баспа және жазба түрі,кадоскоп,плакат.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
А)Психологиялық дайындық.
Отан-қамқор анамыз,
Біз бақытты баламыз.
2. ойыны.
-Қазанның 25 күні ауылда ат жарыс болады.Сол жарысқа аттарды баптап дайындауға көмектесуміз керек.Әр аттың өз тапсырмасы бар,сол тапсырманы орындаумыз керек.Сода көмектескеніміз болады.
Тапсырма:1.Жауын сөзін кепе әріппен құрастыру.
Дыбыстық талдау жаса.
2.Жылқы сөзін тақтаға әр түсті бормен жазу,буынға бөлу.
3.Берілген сурет атауын атау.Сурет бойынша сөйлем құру.
Сөйлем сызбасын сызу.
3.Жаңа сабақ: Жұмбақ.
Темір құсты алып батпан,
Көк аспанда қалықтатқан.
Ағаларды кімдер дейді,
Алдымен тез тауып мақтан. (ұшқыш)
-Ұшқыш сөзі қай жыбыстан басталып тұр?
-Олай болса,біз бүгін Ұ ұ дыбысымен танысымыз.
-Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.
-Ол қандай дыбыс?
-Жуан дыбысты дыбыс.
-Оны қайдан білдіңдер?
-Созып айтуға болады.
-Қай үйге кіргісеміз?
-Қызыл үйге кіргісеміз.
4. ойыны. Ұ дыбысына сөз ойлату.
-Ойлаған сөздерді қима әріптен құрату.
Ұн,құс,ұшқыш.
-Ұдыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен.
-Сөз басында,ортасында келеді.
5.Ұйқасын тап.
Ұр-ұр-ұр Ұқ-ұқ-ұқ
Бекарыс бұрышқа тұр Басыңды төмен бұқ
6.Оқулықпен жұмыс
-Сурет бойынша сөйлем ойлату.
-Бағандағы сөздерді оқыту.Мағынасын түсіндіру.
-Тізбектей оқыту.
-Түсінгенін айтқызу.
7.Дәптермен жұмыс. Ұ,ұ әрпінің жазылу элементтерін түсіндіру.Ауаға жазып саусақтарын жаттықтыру.
8.Диктант жазу.
Ұн.ұр,ұш,құс,ұт.
9.Сабақты бекіту.
ойыны.Кадаскоп.
Тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөз құрау.
Қорытылындылау:Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
10.Бағалау.