Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Разное  /  9 класс  /  Ырғыз Торғай мемлекеттік резерваты

Ырғыз Торғай мемлекеттік резерваты

Б?л ж?мыста аума?ты? жануарлары мен ?сімдіктері зерттеліп, сараланды. Зерттеу ж?мысында?ы ма?сатым: Ыр?ыз-Тор?ай мемлекеттік таби?и резерваты мен Тор?ай мемлекеттік таби?и ?оры?шасыны? (заказнигіні?) б?гінгі жа?дайын аны?тау.

22.11.2016

Содержимое разработки

№8 орта мектептің 8 «а» класс

оқушысы Жаумытбаев Беріктің

«Ырғыз-Торғай мемлекеттік

табиғи резерваты мен Торғай

мемлекеттік табиғи

қорықшасының (заказнигінің) бүгінгі

жағдайы» тақырыбы бойынша

орындаған ғылыми зерттеу жұмысына




ТЕЗИС

Бұл жұмыста аумақтың жануарлары мен өсімдіктері зерттеліп, сараланды. Зерттеу жұмысындағы мақсатым: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мен Торғай мемлекеттік табиғи қорықшасының (заказнигінің) бүгінгі жағдайын анықтау.


Зерттеудің міндеттері:

Табиғи қорық қорының нысандарына тоқталдым;

Ырғыз-Торғай жануарлары мен құстары, сулы батпақты жерлері, орнитологиялық аумақтарын қарастырдым.


Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Аумақтағы әлі зерттелмеген жануарлар мен өсімдіктердің кешенді түрде зерттелуі.


Зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері: Алғашқы кезеңде жалпы Ырғыз-Торғай резерватының табиғи дүниесіне шолу, одан кейін Торғай мемлекеттік табиғи заказнигі туралы. Жаманшың шатқалының табиғаты қатты қызықтырады. Кейін Жануарлары мен құстары, сулы батпақты жерлері туралы мағлұматтар іздедім.


Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты

жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады. Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай мемлекеттік табиғат заказнигі

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 2007 жылы Ырғыз ауданының

аумағында құрылды, көлемі 763 549 га.

Резерват табиғи кешендерді, мекендеу орындарын (қыстау, жайлау, мал төлдету), Бетпақдала жануары — киіктердің көшу жолдарын сақтау және қалпына келтіру, су-батпақ құстарының науқан кездерінде орын ауыстыратын Ырғыз-Торғай өзен-көл жүйесінің сулы-батпақты жерлерін сақтау, қоқиқаздың, суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстардың ұя салуын, балықтардың уылдырық шашатын орындарын сақтау мақсатында құрылды.

Резерват аумағында сүт қоректілердің 29 түрі, құстардың 250 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және балықтың 10 түрі кездеседі. . Құстар, негізінен, 109 түрі есептелген сулы-батпақты кешен өкілдерімен берілген. Ихтиофауна он түрмен берілген: сазан, алтын мөңке, бозша мөңке, аққайраң, торта, табан, оңғақ, алабұға, таутан, шортан. Арал сазаны, оңғақ, табан сырттан әкелінген және жерсіндірілген түрлер болып табылады.

Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген.

Республикалық маңыздағы Торғай мемлекеттік заказнигі 1967 жылы Ырғыз

ауданының аумағында құрылды. Қазіргі уақытта заказник көлемі 296 000 га құрайды.

Заказник Ырғыз-Торғай-Өлкейік өзендерінің арасында бағалы, сирек және

жойылып бара жатқан құстар мен аңдардың түрлерін сақтау және қалпына келтіру, Ырғыз-Торғай көлдерінің ерекше бағалы биоценоздарын қорғау мақсатында құрылды.

Жаманшың шатқалындағы кратер – Ырғыз ауданының оңтүстігіндегі көлемі 7х7

импактілі кратер. Қызылтөбе қыратындағы олигоцендік жастағы өсімдіктер таңбалары – батыс Мұғалжар маңындағы Құндызды өзенінің сол жақ жағасындағы темір құмдақтар мен алевролиттердегі олигоцендік жастағы өсімдіктер таңбаларының бай орны. Жалғызтау палеовулканы – Шалқар ауданында Мұғалжардың оңтүстігіндегі Милыаша өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан.



Ұсыныстар:

Жалпы Ырғыз-Торғай табиғи резерватының аумағын кеңейту, сол аумақтағы зерттелмеген, белгісіз жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін зерттеу, және киіктер мен құландардың санын көбейту, тек қана бұл жануарлар емес, басқа да Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің санын көбейту.




















ТАҚЫРЫП: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты мен Торғай мемлекеттік табиғи қорықшасының (заказнигінің) бүгінгі жағдайы





МАЗМҰНЫ




1. Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты...................................................3


2. Торғай мемлекеттік табиғи қорықша (заказнигі)..............................................8


3. Жаманшың шатқалы...........................................................................................11


4. Табиғи қорық қорының нысандары..................................................................14


5. Ырғыз-Торғай жануарлары мен құстары..........................................................15


6. Ырғыз-Торғай сулы батпақты жер.....................................................................16


7. Ырғыз-Торғай орнитологиялық аумақтар.........................................................17


















Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты

Қазақстанның басқа облыстарына қарағанда Ақтөбе облысы табиғи байлықты

жоғары қарқынды, масштабты және интенсивті өндіру және тасымалдау кезінде мемлекет тарапынан қорғалатын нысандары мен аумақтары жөнінен саны аз болып табылады.

Бүгінгі күні облыс аумағында республикалық маңызда ерекше қорғалатын екі

табиғи аумақ бар, олар: Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғат резерваты және Торғай мемлекеттік табиғат заказнигі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы «Мемлекеттік табиғи-қорық қоры нысандарының тізбесін бекіту туралы» Қаулысына (№ 932, 28.09.2006) сәйкес, Ақтөбе облысының аумағында республикалық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорық қорына керемет табиғи су нысандары, қазба байлық учаскелері, енді, олар ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, құнды геологиялық және геоморфологиялық нысандар болып табылады.

Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты 2007 жылы Ырғыз ауданының

аумағында құрылды, көлемі 763 549 га.

Резерват табиғи кешендерді, мекендеу орындарын (қыстау, жайлау, мал төлдету), Бетпақдала жануары — киіктердің көшу жолдарын сақтау және қалпына келтіру, су-батпақ құстарының науқан кездерінде орын ауыстыратын Ырғыз-Торғай өзен-көл жүйесінің сулы-батпақты жерлерін сақтау, қоқиқаздың, суда жүзетін және су маңын мекендейтін құстардың ұя салуын, балықтардың уылдырық шашатын орындарын сақтау мақсатында құрылды.

Қазақстанның физикалық-географиялық аудандарға бөлінуіне сәйкес, резерват

аумағы Қазақстанның жазықтарында жатыр, Каспий маңы-Тұран елдері белдеуінің жартылай шөлейтті және шөлейтті ландшафтты зонасы шегінде орналасқан. Аумақтың үлкен бөлігі Торғай-Орталық Қазақстан, Төменгі Торғай провинциясы, батыс Торғай округі, Ырғыз-Ұлқаяқ және Торғай аудандарына қарайды.

Аумақтың оңтүстік бөлігінің аз бөлігі Арал маңы-Сырдария облысына, Солтүстік Арал маңы провинциясына, Солтүстік-шығыс Арал маңы округіне, Арал маңы қарақұм ауданына кіреді. Ақтөбе облысының табиғи байлығы геологиялық жағынан аумақ Тұран тақтасына (плитасына) жатады, ерекшеленетін екі кешенді түрге ие:кембрийге дейінгі және палезой түрлері. Көлбеу жатқан мезозой-кайнозой қалдықтары білінеді, платформалы қап секілді. Жоғарғы қабаты генезисі бойынша ширектік және континентальды неоген-палеогенді құмды-сазды әртүрлі құрылымды болып келеді. Төрттік шөгінділер кең таралған және аллювиалды, көлді, көлді-аллювиалды, эолды: әртүрлі түйіршікті құм, қиыршық тас, малтатас, құмдақтар, саздақтар, саз, алевролиттер бар.

Геоморфологиялық аудандарға бөлуге сәйкес резерват аумағы Торғай құрылымдық-денудациялық жазыққа жатады, оған өзендер аралығындағы жазықтық тән. Биік жерлері 100 метрден 130 метрге дейін ауытқиды, ал Торғай өзенінің төменгі сағасында олар 80-90 метрге дейін төмендейді. Жер бедерінің

3

төмендеуінен ескі суағар жылғаларының ізімен меридианды бағытта тізбекше

тартылған тұйық көлдер қазандықтары мол.

Жазықтықта жекелеген тау жұрнақтары жиі кездеседі. Торғай өзенінің және оның салаларының жайылма үсті террасаларымен берілген аккумулятивті жазықтықтар кеңінен тараған. Ұлқаяқ өзенінің аңғарына денудациялық жазықтықтар учаскелері орайластырылған.

Резерваттың солтүстік-шығыс бөлігінде субендікті бағытта ірі тау жұрнағының қырқасы – ұзындығы 150 км Шалқарнұра тауы тартылады. Оның 190-нан 230 метрге дейінгі абсолютті биіктіктері бар оңтүстік бөлігі ең жоғарғысы болып табылады. Қырқаның батыс бөлігі биіктігі 30-50 м эрозиялық кертпешпен шектелген. Таудың оңтүстігінде биіктігі Ақтөбе облысының табиғи байлығы 120-140 м жартастар Шалқартеңіз сортаңды ойпаңына төніп тұр. Шалқартеңіз ойпаңы Торғай өзенінің және көптеген құрғақ және кеуіп қалатын салаларының суағатын орны болып табылады.

Торғай өзені мен Шалқарнұра тауы арасындағы жазықтық өзен аңғарына қарай

еңкіш болатын көптеген ағынсыз түбі жайпақ қазандықтары бар төбешікті жер бетін көрсетеді. Төбелер басы тегіс, стол тәріздес немесе күмбез тәріздес. Қазандықтар түптері батпақты шалғын өсімдіктерімен, қамыспен немесе сортаңдармен және тақырлармен тоған. Жазықтықтың батысында, Торғай өзенінің бойында жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктермен бекітілген кішігірім төбешікті құм алаптары орналасқан.

Климаты шұғыл континенталды, жауын-шашын мөлшері аз (200 мм жуық), күн радиациясы мол, құрғақ және буланы процестері қарқынды және маусымдық пен тәуліктік температуралардың ауытқуы елеулі.

Жазы бірқалыпты ыстық, ашық күндері басым. Шілдедегі басым температура күндіз +25+30С, түнде +12+18С. Барынша ыстық кездері +43-44С жетуі мүмкін. Қысы суық, ұзақ, қаңтардағы орташа айлық температура 17С. Қатты қыстары температураның –43-45С дейін төмендеуі мүмкін. Қар жабынының барынша қалыңдығы 42-44 см.

Қыста солтүстік-шығыс бағытынан соғатын желдер басым. Желдің орташа жылдық жылдамдығы – 3,8-5,1 м/с. күзде және қыста кездесетін жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары күшті желдер боран мен бұрқасын тудырады; жазда шаңды дауылмен ілеседі.

Климаттық қолайлы жағдайлар ауыспалы маусымдарда: сәуір-мамырда, қыркүйек-қазанда қалыптасады, оларды қоса алғандағы ұзақтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 43-48-ден 60-64 күнге дейін. Бұл мерзімдер демалыс үшін қолайлы. Микроклиматы жағынан аса қолайлылары өзендерге, көлдерге жақын учаскелер болып табылады. Гидрографикалық желі Торғай және Өлкейік өзендерімен берілген. Өзендер тармақтарға құйыла отырып, басым бөлігі Торғай жылғасы бойымен ағады, көптеген көлдер мен ескі арналарды құрады. Бассейндік қатыстылығы бойынша көлдер екі жүйеге:

1 – Торғай өзеніне (Қоғакөл, Жарқамыс, Келтекөл, Реңкөл және басқалары) және 2 – Өлкейік (Алакөл, Алабұғыкөл, Егінкөл, Сарықамыс және басқалары) бөлінеді.


4

Өзендер мен көлдер қарашаның басында қатады, сәуірдің алғашқы онкүндігінде ашылады, жылымдардағы мұздың қалыңдығы 1 метрге жетеді, ал суы тяаздары қатып қалады. Өзендердегі көктемгі су тасқыны 1 аптаға жуық созылады. Бұл уақытта су аңғардың төменгі жерлерін және сондағы көлдер мен ескі арналарды толтырады.

Жер асты сулары Арал-Торғай гидрогеологиялық ауданына жатады және

ылғалдың үнемі тапшылығын, нашар су алмасу және буланудың жоғарылығы жағдайында болады, бұл суларда минералданудың артуына әкеліп соғады. Минералдылығы 3-5-тен 10-15 г/л дейін болатын сортаңды және тұзды жер асты сулары басым таралған.

өзендердің аңғарларын атқаратын аллювиальды төрттік түзілістерде минералдылығы 3 г/л дейінгі және одан жоғары сортаңды су болады.

Эолалы түзілістерден құрылған ірі құмды алқаптардағы жер асты сулары іс жүзінде қызығушылық туғызады. Су сиятын түзілістер қуаты 4-тен 20 метрге дейін, орташа 10-13 м құрайды. Ұңғымалар дебиті 0,5-нан 4,5 л/с дейін өзгеріп отырады. Суларының минералдануы 0,1-0,6 г/л, тұщы, құрамы гидрокарбонаты-сульфатты натрийлі.

Топырақ жамылғысы. Аумақ сұр топырақ қосымша аймағында орналасқан.

Топырақ жамылғысының ерекшелігі күшті тұздануы болып табылады, жеңіл механикалық құрам тән және кең таралған гидроморфтық топырақтар, сортаңдар мен сорлар кеңінен таралған. Қалыпты қоңыр және жеңіл саздақты және құмайт топырақты механикалық құрам мен олардың шөлді сортаңды кешендері тән сортаңды қоңыр топырақ таралған.

Өзендер аңғарларында – шалғынды және көбінесе сортаңды және сор болатын

аллювиальды-шалғынды топырақ, сортаңдар немесе сор болатын шалғынды қоңыр сортаңды топырақ.

Өсімдік жамылғысы. Ботаникалық-географиялық жағынан аумақ Батыс-

Қазақстандық далалық провинцияға, Мұғалжар-Торғай қосымша провинциясына, Торғай флоралы ауданының нағыз дала қосымша аймағына жатады. Мұнда құмды топырақта еркек-көкжусанды дала, сазды-құмды топырақта еркек-ақжусанды шөл және эфемерлі-ақжусанды шөл таралған. Ылғалды жақсы сіңіретін бос-құм топырақта көкжусанды қоса алғанда далалық типтің шымтезекті-астық тұқымдас өсімдіктері қалыптасады.

Бекітіліңкіреген құмды топырақта өсімдік аймақтық шөлге жақындайды: басында еркек-ақжусанды, сонан соң эфемерлі-ақжусанды (баданалы қоңырбас, бозжусан) өсімдіктер.Бос ертеэолалық құмдарда бетеге, боз, еркек және жусандардың қатысуымен далалық қауымдас өсімдіктер өседі. Торғай және Өлкейік өзендерінің аңғарларындағы өсімдіктер кешені эфемерлермен, еркектермен, ақжусандармен және көкжусандармен берілген. Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген: аса ірісі жұлдызгүл тұқымдастар (64 түр) – мыңжапырақты түймешетен, бөрте жусан, көбенқұйрық, сортаңды шұбаршөб және басқалары; алабұта тұқымдастар (29 түр), қияқөлең тұқымдастар (24 түр). Жағалық-су өсімдіктерінен қамыс, қоға, түйнекқамыс, теңгебас, кербезгүл, оқжапырақ, су сарғалдағы, кірпібас, қырықбуын, мүк; нағыз су өсімдіктерінен –

тұңғиық, балықот, шылаң, егеушөп, арамот, торсылдақ, мүйізжапырақ, 5

харофиттердің 9 түрі және басым болатын кішкентай балдырлардың түрлері мен үлгілерінің 42 түрі байқалды.

Жануарлар әлемі. Қазақстанның зоогеографиялық аудандарға бөлінуіне сәйкес

резерват аумағы Орталық Азия қосымша облысына, Қазақстан-Моңғол провинциясына, Қазақстандық округке, шөлейтті аймақтың батыс бөлігінің учаскесіне жатады Резерват аумағында сүт қоректілердің 29 түрі, құстардың 250 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі, қосмекенділердің 4 түрі және балықтың 10 түрі кездеседі.

Ихтиофауна он түрмен берілген: сазан, алтын мөңке, бозша мөңке, аққайраң,

торта, табан, оңғақ, алабұға, таутан, шортан. Арал сазаны, оңғақ, табан сырттан әкелінген және жерсіндірілген түрлер болып табылады.

Қосмекенділер кәдуілгі тарбақа, көкбақа, көлбақамен және сүйріктұмсықты бақамен берілген.

Бауырымен жорғалаушылар – батпақ және орта азиялық тасбақалар, шиқылдауық кесіртке, сидамсаусақты кесірткелер, тақыр, құлақты және домалақбасты құйқылжық, жылдам және түрлі-түсті аусыл, өрнекті абжылан, оқжылан, дала сұржыланы, сужылан. Құстар, негізінен, 109 түрі есептелген сулы-батпақты кешен өкілдерімен берілген.

Маусымдық миграция және түлеу кезінде мұнда суда жүзетін және су маңы түрлерінен кемінде 2-3 млн. құстар ұшып өтеді. Торғай тұқымдастар кеңінен берілген (90 түрі), негізінен жадырақ торғай, бау және сұр сандуғаш, көк және кішкентай шыбыншы торғай, шақшақайлар (шөл дала, тазшақшақай және бишікеш). Бұталар арасында сарыторғай және сұр тағанақ кездеседі.

Ашық ландшафтарды жыртқыш құстар артық көреді: дала құладыны, дала және

кәдуілгі күйкентай, бүркіт, қарақұс, дала қыраны және басқалары, барлығы 30 түр. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан құстардың 32 түрі кездеседі: қызғылт және бұйра бірқазан, қалбағай, қарабай, кішкентай аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу, қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек, ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас өгізшағала, қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық субүркіт және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы тұйғын, үкі ұя салады.

Сүтқоректілер – аса көп таралған кеміргіштер - кішкентай саршұнақ, түз тышқаны, кәдуілгі тоқалтіс, суыр, дала тышқаны, шықылдақ, сазды жазықтықта – майқұйрық қосаяқ, тақырлар мен сортаңдарда – тікқұлақ қосаяқ, жеңіл топырақта – сары суыр және тақылдағыш қосаяқ; өзендер мен көлдер жағаларындағы таяз сулы учаскелердегі қамыстар мен қоға нуындасу тышқаны, ондатр, қабан таралған. Жыртқыштардан қарсақ, дала күзені, мекендейді, солармен бірге түлкі, кей жерлерде қасқыр таралған.

Резерваттың оңтүстік бөлігінде ареалы мен саны жағынан Қазақстандағы аса ірісі бетпақдаланың өкілі – киік мекендейді. Негізгі қыстайтын және төлдейтін жері – Торғай өзені мен Шалқарнұра тауының арасындағы жазықтық.

Қызыл кітапқа енген сирек түрлерден Бобринский маймұрыны, Қазақстандық

эндемик және Қазақстан фаунасындағы саны аз сирек кездесетін шағыл мысығы бар.

6

Қорғау объектілері мен тәртібі Табиғи резерват Торғай мемлекеттік табиғи заказнигімен (зоологиялық) бөлінген екі өңірлік – солтүстік және оңтүстік бөлімшелерден тұрады. Көлемі 89 040 га солтүстік өңірлік бөлімшеге Өлкейік көлдер тобы мен Өлкейік өзенінің аңғары кіреді.

Көлемі 674 509 га оңтүстік өңірлік бөлімшеге халықаралық маңыздағы сулы-

батпақты алқаптар, Торғай өзеніндегі көлдер жүйесі, Шалқартеңіз жазықтық ойпаты, Шалқарнұра тауы, Торғай өзенінің төменгі сағаларындағы Құрдым, Қаракөл және Бақшакөл көлдері кіреді.

Резерват аумағында қорғалынатын объектілер орналасқан:

- Табиғи ландшафтары жақсы сақталынған халықаралық маңыздағы

сулы-батпақты алқаптар;

-Маусымдық миграция мен түлеу уақытында сулы-батпақты

құстардың аса көп жиналатын жерлері;

-Өлкейік өзеніндегі көлдер тобы, мұнда ұшып өткенде суда жүзетін

және су маңы құстарының көп мөлшері мекендейді және кәсіптік балықтардың

уылдырық шашатын орны шоғырланған;

-Бетпақдала киігінің мекендейтін, қыстайтын, жайлайтын және

төлдейтін жерлері;

-Шалқартеңіз ойпатының жазық учаскелеріндегі сексеуіл алқаптары;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысымен суда жүзетін және су маңы құстарының мекендейтін және ұя

салатын бірегей табиғи сулы объектілері, кәсіптік балықтардың уылдырық

шашатын жері ретінде бекітілген және Республикалық маңыздағы мемлекеттік

табиғи-қорықтық қор Тізбесіне енгізілген Құрдым, Қулыкөл көлдері;

-Аумақтың геологиялық дамуын зерттеу үшін геоморфологиялық

объекті ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысымен бекітілген, және республикалық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорықтық қор Тізбесіне енгізілген Шалқарнұра шыңы;

-Қызыл кітапқа енгізілген құстардың - қызғылт және бұйра бірқазан,

қалбағай, қарабай, кішкентай аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу,

қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек, ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ,

жорға дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас өгізшағала,

қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық субүркіт және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы тұйғын, үкілердің мекен ететін жерлері;

-Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сүт қоректілердің – Бобринский маймұрыны, Қазақстандық эндемик және Қазақстан фаунасындағы саны аз сирек кездесетін шағыл мысығы мекен ететін жерлері.

Қорықтық және заказды қорғау тәртібімен аумақты функционалдық аймақтарға

бөлуге сәйкес экожүйелердің табиғи жағдайын бұзуға соқтыратын кез-келген қызметке тыйым салынады.

Болуы мүмкін қолайсыз факторлардан резерваттың ерекше бағалы табиғи

кешендерін қорғауды және күзетуді және табиғи кешендердің экологиялық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету үшін резерваттың айналасында барлық

7

периметр бойымен ені кемінде 2 км қорғау аймағы құрылды. Қорғау аймағы шегінде резерваттың экологиялық жүйелерінің жағдайына және қалпына келтіруге және оларда орналасқан табиғи-қорықтық

қор объектілерінекері әсер ететін кез-келген қызмет шектелінеді.

Торғай мемлекеттік табиғи заказнигі

Республикалық маңыздағы Торғай мемлекеттік заказнигі 1967 жылы Ырғыз

ауданының аумағында құрылды. Қазіргі уақытта заказник көлемі 296 000 га құрайды.

Заказник Ырғыз-Торғай-Өлкейік өзендерінің арасында бағалы, сирек және

жойылып бара жатқан құстар мен аңдардың түрлерін сақтау және қалпына келтіру, Ырғыз-Торғай көлдерінің ерекше бағалы биоценоздарын қорғау мақсатында құрылды.

Қазақстанды физикалық-географикалық аудандарға бөлуге сәйкес заказник

аумағы Қазақстан жазығына жатады және елдің Каспий маңы-Торғай, Торғай-Орталық Қазақстан облысы, Төменгі Торғай провинциясы, Батыс Торғай округі, Ырғыз-Өлкейік ауданының бірқалыпты белдеуінің шөлейтті ландшафтық аймағының шегінде орналасқан. Аумақ Оңтүстік Торғай жазықтығына жатады, оның беті генезисі бойынша әртүрлі төрттік және континенталдық неоген-палеогендік құмды-сазды құрылымдарынан тұрады. Палеозой фундаменті 1000-2000 метрге дейін тереңге кеткен. Жер бедері заказниктің негізгі құндылығы болып табылатын көптеген көлдері бар төбелі жазықтықты көрсетеді. Көптеген ағынсыз түбі жайпақ қазандықтары бар жазықтық беті өзендер аңғарларына қарай еңкіш. Төбелер шығыс және солтүстік-шығыс бағытқа тартылған. Төбелер басы тегіс, стол тәріздес немесе күмбез тәріздес Қазандықтар түптері

батпақты шалғын өсімдіктерімен, қамыспен немесе сортаңдармен және тақырлармен толған. Жазықтықтың батысында, Торғай өзенінің бойында жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктермен бекітілген кішігірім төбешікті құм алаптары орналасқан.

Климаты шұғыл континентальды. Қысы суық, қары аз, бұрқасын, қарлы боран

байқалады. Жазы құрғақ, ыстық. Жауын-шашын аз, жылына 200 мм шамасында.

Қаңтардағы орташа температура 15,5°С, төменгісі – минус 43°С. Шілдеде +25°С, жоғарғысы +44°С. Қар жабынының барынша биіктігі 42-44 см. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 3,8-5,1 м/сек, солтүстік-шығыс бағыттағы жел басым. Гидрографикалық желі Торғай, Ырғыз, Өлкейік өзендерімен берілген. Торғайдың ірі сағалары заказник аумағындағы Телқара және Сарыөзек өзендері. Өзендер көлдер жүйесін құрайтын көптеген көлдерге құяды. Торғай аңғарындағы аса ірісі көлемі 5230 га және жағалау бойымен ұзындығы 70 км асатын Байтақкөл көлі болып табылады.

Ырғыз өзенінің бассейнінде орналасқан Малайдаркөл, Тайпақкөл, Сасықкөл

көлдері көлемінің шағындығымен және тереңдігінің түрлілігімен ерекшеленеді, ұзынша түрде, өзен бойымен созылған. Аса тереңі – Малайдаркөл көлі.

Жер асты суларынан сортаңдылары және тұздылары басым, минералдылығы 3-5-тен 10-15 г/л дейін. Ұңғымалар дебиттері 0,5 л/с аз, жекелеген учаскелерде 2,5 л/с дейін артады. Сулары минералды құрамының шұбарлығымен және таралу көлемінің аздығымен

ерекшеленеді. Топырақ қабаты қоңыр топырақпен берілген. Топырақ құрайтын

8

жыныстар – жеңіл саздақтар, құмдақтар. Сортаңды сорлар немесе сортаңдар басым болатын қоңыр сортаңды топырақ таралған.

Өсімдіктері құмды топырақта еркек-көкжусанмен, сазды-құмды топырақта еркек-ақжусанды және эфемерлі-ақжусанмен берілген. Ылғал жақсы сіңетін бос-құм топырақта көкжусанның жартылай бұталарын қоса алғанда далалық типтің шымтезекті-астық тұқымдас өсімдіктері қалыптасады.

Флора 64 тұқымдастар мен 216 түрден тұратын 430 түрімен берілген: аса ірісі

жұлдызгүл тұқымдастар (64 түр) – мыңжапырақты түймешетен, бөрте жусан, көбенқұйрық, сортаңды шұбаршөб және басқалары; алабұта тұқымдастар (29 түр), қияқөлең тұқымдастар (24 түр). Сирек түрлері: сасыр, жуа, таспа.

Заказниктің жануарлар әлемі сүт қоректілердің 29 түрімен, құстардың 170 түрімен, олардың 30 ҚР Қызыл кітабына енгізілген, бауырымен жорғалаушылардың 14 түрімен, қосмекенділердің 4 түрімен және балықтың 11 түрімен берілген. Кең өскен қамыс нуының арқасында заказникте бағалы кәсіптік-аулау түрі болып табылатын қабанның саны жоғары, табиғи бөлініп орналасу есебінен жақын алқаптардағы оның санының тұрақтылығы ұсталып отыр.

Заказниктің сулы алқаптары барлық жерде орналасқан ондатр үшін қолайлы.

Құстардың ішіндегі ең көптері суда жүзетін құстар – үйректер, қаздар, қасқалдақтар. Күзгі миграция кезінде көлдер демалып жатқан және тамақтанып жатқан құстар үйірлерінің мамықтарынан көрінбей қалады. Заказник аумағында көкқаз, үйректердің барлық түрлері, қасқалдақ, тырна, құзғын, шалшықшы ұя салады (3.2.3 сурет). Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлерден: сұңқылдақ аққу, қалбағай, қарабай, бұйра бірқазан,

қарабауыр бұлдырық, ақбас тырна, жорға дуадақ, дала қыраны, аққұйрық субүркіт, балықшы тұйғын, ақбас үйрек ұя салады. Ұшып өтетін уақытта кішкентай аққу, қоқиқаз, қызылтамақ қарашақаз, дуадақ, ірі қыран және қазіргі уақытта өте сирек ақтырна тұрақты кездеседі.

Заказниктің су қоймаларының үлкен балық кәсіпшілігік маңызы бар. Кәсіпшілік түрлерінің аса маңыздылары сазан, мөңке, шортан, аққайраң болып табылады. Суда жүзетін құстарды қорғау және ұя салатын және жас ұяластарын шығару уақытында мазасыздық факторларын азайту мақсатында заказник аумағында 15 сәуірден 1 қыркүйек аралығы мерзімінде кәсіптік балық аулауға тыйым салынады. Қорғау объектілері мен тәртібі. Торғай мемлекеттік табиғи заказнигі аумағы өңірдегі экологиялық тепе-теңдікті қолдау және ортаны құрайтындарды, оның ішінде жаратылыстық табиғи кешендердің

суды қорғау функцияларын сақтау үшін табиғатты қорғаудың жоғары маңызына ие. Заказник алқаптарының маңыздылығы оның жыл құстарының басым көпшілігінің ұшып өтетін, көпшілігінің осы жерде ұя салатын, негізгі жолдарының бірінде орналасуы. Заказинк аумағында мынадай объектілер қорғалынады:

-Маусымдық миграция мен түлеу уақытында сулы-батпақты құстардың аса

көп жиналатын жерлері;

-Өлкейік өзеніндегі көлдер тобы, мұнда ұшып өткенде суда жүзетін және су

маңы құстарының көп мөлшері мекендейді және кәсіптік балықтардың уылдырық шашатын орны шоғырланған;

9

-Суда жүзетін және су маңы құстарының ұя салатын және мекендейтін

жерлері, кәсіпшілік балықтардың уылдырық шашатын жерлері ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысымен бекітілген, және республикалық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорықтық қор Тізбесіне енгізілген Байтақкөл, Қармақкөл, Қызылкөл, Малайдар көлдері;

- Қызыл кітапқа енгізілген құстардың - қызғылт және бұйра бірқазан, қалбағай,

қарабай, кішкентай аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу, қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек, ақтырна, көктырна, ақбас тырна, дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас өгізшағала, қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық субүркіт және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы тұйғын, үкілердің мекен ететін жерлері;

- Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сүт қоректілердің – Қазақстанның

эндемигі – Бобринский маймұрыны және Қазақстан фаунасындағы саны аз сирек кездесетін шағыл мысығының мекен ететін жерлері.

-Табиғи-қорықтық қор объектілері Үш ірі геологиялық құрылымдардың – Орыс платформасы, Орал қатпарлы жүйесі және Тұран ойпатының қиылысында орналасқан Ақтөбе облысы бірегей геологиялық тіліктерге бай. Геологиялық тіліктер органикалық әлемнің тасқа айналған қалдықтары бойынша жер қыртысының ұзақ уақыт даму жағдайлары мен процестерін көрсететін өткен

геологиялық дәуірлердің негізгі құжаттары болып табылады. Облыста өңірдің қалыптасу кезеңдерін және оның жер қойнауы байлығын зерттеу үшін ерекше маңызға ие флора мен фаунаның жақсы сақталынған қалдықтары бар бірегей табиғи геологиялық тіліктерге ие.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932

«Мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысы аумағында республикалық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорықтық қорға ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты көрсететін жер қойнауы учаскелері – бірегей табиғи су объектілері, геологиялық және геоморфологиялық объектілер кірді.

Республикалық және халықаралық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорықтық

қордың геологиялық объектілері 15 жер қойнауы учаскелерімен берілген:

Әулие массиві – Ембі қаласынан шығысқа қарай 20-30 км жердегі Әулие

жылғасының аңғарындағы жоғарғы девон түзілістерінің жалаңаштануы.

Объект геологиялық зерттеулер мен ғылыми экскурсиялар жүргізуде қызығушылық туғызады. Тікбұтақ жылғасындағы палеогендік және соңғы бор жасындағы өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының бай кен орны – сағасынан 3 және 8,5 шақырымдағы Тікбұтақ жылғасының оң жағалауында орналасқан. ертедегі өсімдіктер жапырақтарының таңбасынан басқа қазынды акулаларды (селяхтардың) көптеген тістері кездеседі.

Объект кәсіби геологиялық-палеонтологиялық зерттеулер үшін қызығушылық

туғызады. Ақтасты өзеніндегі төменгі пермь жасындағы цефалопод қалдықтарының бай кен орны – төменгі пермь жасындағы ассельдік, сакмарлық және артиндік жікқабаттарының цефалопод қалдықтарының бай кен орны Ақтасты өзенінен

10

шығысқа қарай 2 км жердегі Жаман Қарғалы өзенінің оң жағасында орналасқан. ұзындығы 2 км шамасында. Тілік құмдақтардың алевриттермен және аргилиттермен қабаттасып түсуімен сипатталады. Тіліктегі елеулі маңызды көптеген аммониттерге, тік наутилоидеяларға және бактритоидеяларға бай доломиттенген әктастар алады, олардың арасында брахиоподтар және аздаған фузулинидтер болады. Басаяқты ұлулар, әсіресе, төменгі Перьмнің артиндік жікқабатына ғана тән аммониттер биостратиграфикалық тұрғыдан маңызды болып табылады. Аммониттер, фузулинидтер кешендері біртұтас стратиграфикалық шкаласы және барлық Оралдың бірыңғайластырылған өңірлік стратиграфикалық сызбасы бар Ақтөбе Оралмаңын қоса алғандағы көкжиекке дейінгі жікқабаттар тіліктерін салыстыра қарауға мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 20 км жерде, Белогорск антиклиналының батыс қанатында орналасқан Ақтасты кедертасының төменгі пермь жасындағы сутекті кедертас әктастары. Кедертас әктастарының денесі меридиандағы Ақтасты өзенінің субендікті бағытының ауысу учаскесінде орналасқан, мұнда өзен кедертас денесін екі – солтүстік және оңтүстік бөлікке бөледі.

Кедертасты әктастар артиндік жікқабаттың сутекті толқынды-қабатты әктастар

көкжиегінде жатыр. Кедертас денесі эрозинді тілікте өзінің орталық бөлігінде 1 км дейін ені болатын 2,5 км меридианды бағытта созылған түзу емес линза көрінетін дене қалыбына ие.

Қазіргі уақытта кедертас денесінің солтүстік, шығыс және батыс бөліктері

сақталынған, ал оңтүстік бөлігі құрылыс материалдарының карьеріне өңделген. Әктастар күшті карсталған, көбінесе, айтарлықтай жарықшақтары бар мәрмәр тәріздес оникс денесі болады. Оникс, кейде сталактиттер мен сталагмиттер құра отырып, сазды қоңыртемір-сазды материалмен жасалған карстық жолақтарда көрінген. Карьердің жалаңаш қабырғалары кедертастық дененің ішкі құрылысын сапалы зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Бөртебай жылғасындағы әктасты-терригендік қатқабат – девон мен карбон арасындағы шекаралас қабаттардың аса толық қимасының бірі. Астрокодтар, фораминиферлер, конодонттар болатын әктасты-терригендік қатқабат Шалқар ауданы Біршоғыр станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жердегі Шуылдақ өзенінің оң саласындағы Бөртебай жылғасының аңғарында орналасқан. Объект кәсіби геологиялық-палеонтологиялық зерттеулер үшін қызығушылық тудырады.

Жаманшың шатқалындағы кратер – Ырғыз ауданының оңтүстігіндегі көлемі 7х7

импактілі кратер. Қызылтөбе қыратындағы олигоцендік жастағы өсімдіктер таңбалары – батыс Мұғалжар маңындағы Құндызды өзенінің сол жақ жағасындағы темір құмдақтар мен алевролиттердегі олигоцендік жастағы өсімдіктер таңбаларының бай орны. Жалғызтау палеовулканы – Шалқар ауданында Мұғалжардың оңтүстігіндегі Милыаша өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан вулканизмнің арал типтес шлактік конус қалдықтары бар андезитодациттердің ірі, жақсы сақталынған экструзивтік құрылымы. Көкжиде құмы – Темір өзенінің ендік бойымен оңтүстікке қарай Жем өзенінің оң жағында, Темір ауданында орналасқан тұщы судың бірегей резервуары. Көкжиде жер асты тұщы суларының кен орны геологиялық құрылымына бор, төрттік

11

және осы заманғы түзілістер қатысқан. Су сыятын түзілістер қуаты 10-12 м дейін болатын түрлі түйіршікті жақсы сіңірілетін құммен берілген. Жер асты суларының минералдануы 0,14-0,48 г/л.

Судың толығуы негізінен атмосфера ылғалының, су тасқыны кезінде су тасқынының сүзгіленуі және борлы түзілістерден жер асты суларының ағып келіп қосылуы есебінен болады.

Оңтүстік Ақтолағай үстірті – кампан, маастрихт, эоцен түзілістерінің тіректі

стратиграфикалық тілігі, Байғанин ауданы аумағындағы Ақтолағай қыратында орналасқан. Оңтүстік Жамантау руда көрінісі – жер бетіне шығып жатқан және Оңтүстік Жамантау тауының басына үйілген Шалқар ауданы Оңтүстік Жамантау тауларындағы бірегей мыс карьерлері бар мыс-магнетитті рудалардың шоғыры. Әлімбет өзеніндегі серпентиниттік деланж (девон-карбон) - Әлімбет өзенінің оң жағасын бойлай орналасқан субендікті қыраттардың оңтүстік жартастарындағы жалаңаштанған геоморфологиялық жоспардағы ордалық-силурийлік кездегі жыныстардың ашылуы. Сакмарлық құрылымдық-қалыптық аймақтың батыс бөлігіндегі тектоникалық қабыршақтардың бірін оңтүстік жағынан қоршайды және төменгі орда мен төменгі-орта

орда мен силурдің вуланогендік-тұнбалы құрылымының терригендік кешенін бөледі. Серпентиниттер қарқынды белдерге бөлінген, брекчияланған. Жыныстардың құрамы бойынша көптеген клиптер, блоктар, шойтастар бар. Көгілдір-жасыл ашылымдары бар биік құламалы жағалар көркем бейне береді және туристерге көрсету объектісі болуы мүмкін.

Домбар төбелеріндегі ертекарбондық аммонидтердің жиналған жері –

Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 55 км жердегі Домбар және Алабайтал өзендерінің аралығындағы Домбар өзенінің орта ағысындағы төменгі карбонның әктастардағы аммонидтердің бірегей және бай орны.

Цефалтәріздес фациялар жиналған жерлері жоғарғы визе мен серпуховтік жікқабат генозоны үшін типтес болып табылады. Алғаш рет Руженцев пен Богословскийлер зерттеген (1971ж.). Олар аммоноидеялар бойынша бай осы кен орнын осы топтың эволюциялық даму барысын қалпына келтірді, бұл карбонды стратиграфикалық бөлу үшін негіз болды. Конодонттардың, фораминиферлердің және көне қазбалардың фаунасын кешенді зерттеу және жинау шекара маңындағы интервал жыныстарын литологиялық және седиментологиялық талдау және шекараларының сипатын анықтау үшін үлкен маңызы бар. Боқтықарын тұзды күмбезі. Төменгі-жоғарғы Маастрихт шекарасы – деректер табылған жоқ.

Шуылдақ палеовулканды ауданы – Шалқар ауданының Арыстанбай, Дөңгелек,

Ақтоғай қыстаулары, Ысқақ жайлауы ауданындағы Шуылдақ өзені аңғарындағы

(ұзындығы 20 км) Мұғалжардың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі палеовулканды құрылыстар үзіндісі.

Түрлі морфологиядағы лавалар – жастық, құбыр тәріздес, пластты. Көлденең

сығылмалар, экструзивті-лавалық және гейзерлік құрылымдар.

Республикалық және халықаралық маңыздағы мемлекеттік табиғи-қорықтық

қордың геоморфологиялық объектілері: Айдарлыаша өзенінің аңғары, Жақсы Қарғалы өзенінің сол жағасындағы карсты ландшафт, сүтқоректілердің сүйек

12

қалдықтарының орны бар Шалқарнұра шыңы.

Айдарлыаша өзенінің аңғары – таскөмір және перм жүйесі шекарасының тірек

қимасы, аммоноидтар, фузулинидтер, конодонттар фаунасының орналасқан жері. Қима Новороссийск селосынан (Хромтау ауданы) батысқа қарай 10 км жердегі Айдарлыаша өзенінің оң жақ құламалы жағасында орналасқан. Органикалық қазба қалдықтарының бірегей орны, олар қимада біркелкі бөлінбеген. Қиманың оңтүстік бөлігінде фузулинидтер мен конодонттар басым таралған, аммоноидеялар сирек. Қиманың жалпы қуаты 988 м Аммоноидеялар – құрып кеткен басаяқты моллюскілердің қосымша тобына

жататын аммониттер. Барлық жер шары бойынша девоннан бордың аяғына дейін белгілі. 1500 жуық түрі бар. Жыртқыштар. Теңіздерде мекен еткен.

Конодонттар – жануарлардың қазба қалдықтары, олардың тұрақты қатыстылығы анықталған жоқ. Кембрийден триасты қоса алғанға шейінгі түзілістерде белгілі.

Стратиграфиялық палеозойлық түзілістер үшін маңызды.

Фузулинидтер – фораминиферлер жойылған түрі. Таскөмір және пермь

кезеңдерінде өмір сүрген. Таскөмір және пермь түзілістерінің стратиграфиялары үшін ерекше маңызы бар.

Айдарлыаша өзенінің аңғары – бірден-бір сақталынған қазбалы органикалық

қалдықтардың бірегей орны. Карбон мен Пермьнің шкаралас қабаттарының қимасы белгілі бір жер мен уақытта тірліктің даму деңгейі, климаты, тұнбаның жинақталу жағдайлары туралы ақпарат береді. Қиманың биология, геология саласындағы мамандар үшін ғылыми маңызы бар, геология және биология мамандықтарының студенттері үшін оқу тәжірибелері мен экскурсиялар өткізу орны, сол сияқты геологиялық туризм үшін объект бола алады.

Жақсы Қарғалы өзенінің сол жағасындағы карстық ландшафтар – Ақтөбе

қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан, көлемі бірнеше гектар. Карстық жер бедері төменгі Пермьнің кунгур жікқабатының гипс қатқабаттарының дамыған саласында таралған.

Пермь жүйесінің кунгур дәуірі бассейннің тұздылығының және жағалау желісі

сипатының өзгеруін қамтамасыз еткен тұнба тәріздес жаңа жағдайларымен белгілі болды. Бұл ерекшеліктер үш: теңіз жағасының сульфатты-карбонатты-терригендік, сульфатты-терригендік-галогендік және теңіз галогені басым фациялды-түрлі аймақтардыңқалыптасуына әкелді. Алғашқы аймақ Ақтөбе Аралмаңының жалаңаштанған шығыс бөлігінде таралған және хемогендік, сульфаттық және карбонаттық тұнбалардың қалыптасуымен сипатталады, олардың арасында гипс линзаларының қабаттары басым және анықтаушы рөл атқарды. Гипстер жыныстардың барлық комплекстерінің аса әлсізі

ретінде, суда ерудегі жоғары дәрежеге ие бола отырып, оңай шаыйлады және аса жоғары бөліктерден төменгі учаскелерге шығарылады, соның нәтижесінде бос кеңістіктер, қуыстар, орлар құрылады, олар жер бетіне шығатын тұнбалы қабаттарда өзіндік карстық жер бедерін қалыптастырады.

Карстық жер бедері үшін ой шұңқырлар, шұңқырлар, қазандықтар, үңгірлер тән, олар зерттеушілер үшін де, туристер үшін де қызығушылық тудырады. Мұндай табиғи объектілерді бақылаусыз пайдалану олардың тез бұзылуына және жойылуына

13

әкеліп соғады. Сүтқоректілердің сүйектері қалдықтарының орны бар Шалқарнұра шыңы – Ырғыз ауданындағы Шалқартеңіз сорының солтүстік ернеуі. Бұл олигоцен жасындағы ертедегі мүйізтұмсық-индрикотерийлердің, сол сияқты басқа да сүтқоректілердің сүйектері қалдықтарының орны. Қуаты 55-67м болатын свитаның аса толық қимасы Құрсай сайында орналасқан. мұнда үш жікқабат: төменгісі – алевритті-құмдақ, ортаңғысы – сүйек қалдықтары бар сазды-карбонатты және жоғарғысы – құмдақты қабаттар бөліп көрсетіледі. Сүйек қалдықтары бар индрикотерий свитасының сазды-карбонатты жікқабаты ырғақты қабаттар құрылысына ие. Индрикотерийлік фаунаның сүйектерінен басқа тығыз емес бақалшықты әктастардың линзалары (жұқа тұщы сулы гастроподтар), сол сияқты

жапырақтар таңбалары бар көмір қабаттары байқалады. Бірегей табиғи су объектілері Байпыкөл, Байтақкөл, Әйке, Құрдым, Тобөскен, Белқопа, Қармақкөл, Айыркөл, Қулыкөл, Қызылкөл, Малайдар.

Ырғыз-Торғай жүйесінің барлық дерлік көлдері халықаралық маңыздағы сулы-батпақты алқаптарға жатады және құрамында хлоридтер, сульфаттар және

гидрокарбонаттар бар, судың минералдануы әртүрлі дәрежедегі өзендердің қалдықты жылымдарын көрсетеді. Ауаның ылғалдылығының төмендігі, су қоймаларының күшті қызуы, су бетінің үлкен болуы және қарқынды булану айтарлықтай кеуіп қалуға, кей көлдердің толық тартылып қалуына соқтырады. Жаздың соңында Торғай және Ырғыз өзендері төменгі сағаларында оқшауланған жеке су қоймаларына ыдырайды. Көлдердің тұздылығы құрғақ уақытта кеуіп қалған қазандықтардан тұзды желдің мезгіл-мезгіл көтеріп кетуі және олардың көктемде толығуы кезінде тұщы сумен шайылуы есебінен өзгермелі болады, бұл кішігірім су қоймаларының өзінің ұзақ уақыт өмір сүруіне және жасаруына ықпал етеді.

Сулы-батпақты алқап көлемді сусыз кеңістік арасында аридті жағдайларда

орналасуына байланысты суда жүзетін және су маңы құстары үшін ерекше маңызға ие.

Көлдердің Ырғыз-Торғай жүйесін суда жүзетін құстар негізінен қайтқан және түлеген кезде және салыстырмалы түрде алғанда ұя салуға аз дәрежеде қолданады.

Суда жүзетін құстардың түлеуге жаппай жиналуы бұл өңірді халықаралық

маңыздағы алқаптар санатына қосудың басты себептерінің бірі болды. Түлеу кезіндегі суда жүзетін құстардың жалпы саны суландыру циклінің фазасына байланысты және қолайлы жылдары бірнеше ондаған, тіпті жүздеген мың (300 мыңға дейін) басқа жетуі мүмкін.

Түлеуге ұшып келген кезде Торғайдың төменгі сағасында аса көп болатыны өзен

үйректері – бізқұйрық, сүңгуір, сұр үйрек, барылдауық үйрек, сарыайдар үйрек,

жалпақтұмсық үйрек, сүңгуірлер арасында – қызылбас және қызылтұмсық сүңгуір үйректер. Түлеу кезінде сүңгуір және құрлық үйректері тән: италаүйрек, қасқалдақ, сұрқаз, қоқиқаз, сыбырлақ аққу басым болады. Күзде ақмаңдай қаз және шиқылдақ қаз сирек ұшып келеді.

Торғай және Ырғыз өзендерінің төменгі сағасы ұя салу облысы Батыс Сібірде

болатын суда жүзетін құстардың күшті көшу ағынының бірі – Арал-Есіл учаскесі шегінде жатыр.


14

Көлдердің Ырғыз-Торғай жүйесі ауданындағы ұшып келетіндердің жалпы саны

туралы мәлімет жоқ. Бірақ шектес аумақтардағы стационарлық қадағалау деректері бойынша көктемгі және күзгі ұшу уақытында Торғай жылғасында, соның ішінде сулы-батпақты алқаптар арқылы да кемінде 2-3 миллион суда жүзетін және су маңы құстары ұшып өтеді деп болжам жасауға болады.

Торғай өзенінің төменгі сағасындағы көлдер Қазақстан аумағы бойынша күзде

ұшып өтетін құстардың шоғырануының негізгі орнының бірі болып қызмет етеді: үйректер бұл жерде демалады, қоректенеді және әрі қарай – аридті кеңістік арқылы Каспий және Арал теңіздеріне ұшып кетеді. Негізгі жол Торғай жылғасының орталық бөлігінен өтеді, мұнда көлдер шоғырланған. Дегенмен, көктемде құстар шөлейттегі еріген су жайылмаларымен де кең қанат жайып ұшады.

Ұсақ, күзге қарай тартылып қалатын көлдерге зор көлемде шалшықшылар ұзақ

демалуға тоқтайды, олардың арасында қаратамақ, шалшықшы торғай, қызыл тамақ, домалақмұрын қалытқықұс, шүрілдек, күржікей, фифи басым. Қызғыш, үлкен және кішкентай шырғалақ тән, бізтұмсық, қызылсирақ балшықшы, үлкен шалшықшы, аққұйрық тарғақ сирегірек болады. Көл шағаласы көп, көкшіл және жарқырауық шағалалар тән, кішкентай шағала, көгілдір шағала және қарабас күлегеш, қара және аққанатты қарқылдақ шағала сирек. Дегелек тәріздестер – көкқұтан және үлкен құтан, әупілдек тұрақты ұшып келеді. Көктырна мен ақбас тырна көптеп ұшып келеді. Торғай өзенінің төменгі сағасындағы көлдер: Қаракөл, Құрдым және ұшу, ұя салғаннан кейінгі ұшып кету, қоректендіру, күндізгі демалыс және түнемел, ал жекелеген жылдары танымал қоқиқаздың ұя салу аумағы – Шалқартеңіз ойпаты ерекше. Қоқиқаздың көлемді ұя салу аумағының учаскесі ретінде көлдердің маңызы судың келуі жеткілікті маусымда өсе түседі.

Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың 30 сирек түрі – қызыл және бұйра бірқазан, қалбағай, қарабай, кішкентай аққұтан, қоқиқаз, кішкентай аққу, сұңқылдақ аққу, қызылтамақ қарашақаз, ақбас үйрек, ақтырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, сүйріктұмсық шалшықшы, қарабас күлегеш, қарабауыр және ақбауыр бұлдырық, қолаңтөс, лашын, ителгі, аққұйрық субүркіт және ақиық субүркіт, бүркіт, қарақұс, дала қыраны, жыланшы бүркіт, балықшы тұйғын, үкі ұя салады немесе ұшып келеді.

Қазақстанның биотүрлілікті сақтау Қауымдастығы (ҚБСҚ) құстарды қорғау жөніндегі британдық Корольдік қоғамның (PSPB) қолдауымен басты орнитологиялық аумақтар жөніндегі халықаралық бағдарламаны (Important Bird Areas, немесе IBA) орындауда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – құстар қайтқан немесе қыстаған кезде ұя салатын, демалатын орындары ретінде маңызды рөл атқаратын басты орнитологиялық аумақтарды, учаскелерді анықтау және сақтау. Басты орнитологиялық аумақтар тұтастай

алғанда биологиялық түрлілікті және экожүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылады .

Қазақстан екі маңызды: Орталық Азиялық-Индиялық және Батыс Азиялық-

Африкалық көші-қон жолының қиылысында орналасқан. Жыл сайын миллиондаған құстар оның аумағынан ұшып өте отырып, түлеу және демалу үшін тоқтайды.


15

Мысалы, Ырғыз-Торғай көлдерінің жүйесі көші-қон кезінде біржарым миллионға дейінгі суда жүзетін құстарды қабылдайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда көлемі 150 000 км2 жуық немесе ел аумағының 5,5% 121

басты орнитологиялық аумақ (ІВА) бөлінген . Ақтөбе облысының аумағында жалпы көлемі 890 мың га жуық 4 басты орнитологиялық аумақ орналасқан, бұл облыс көлемінің шамамен 3% құрайды. Олар Доңызтау шыңы, Жағабұлақ орманы, Мұғалжар және Ырғыз-Торғай көлдері.

Координаттары - 46°29' с.е., 56°38' ш.б. Теңіз деңгейінен биіктігі 13-215 м.

Облыс аумағында басты орнитологиялық аумақтың елеулі бөлігі жатыр. Бұл басым көпшілігі саздан тұратын Үстірттің аса солтүстіктегі және аса тілімделген көтеріңкі шыңы. Үстірт жақын жазықтыққа тілімделген тік жартастармен – биіктігі 200 метрге дейінгі «шыңдармен» құлайды. Үстірттің және жақын жатқан жазықтықтың үсті шамалап адырлы, еңістерде сор және кеңінен сортаңды. Су көздерінен тек қана бірнеше құдық бар.

Өсімдіктері негізінен жусанды-сораңды бірлестіктермен берілген. Шыңдар аумақтың 25% жуығын алады, қалған бөлігі – жазық учаскелер, 3% жуығы бұталармен жабылған. Аумақта бірқатар күндізгі жыртқыш құстардың, соның ішінде жаһанды қауіп төнген және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлердің ұя салуының жоғары тығыздығы

байқалады. Сирек түрлерден басқа тілеміштердің ірі ұялы топтарын атап көрсетуге болады (Buteo rufinus). Күндізгі құстардан басқа көптеген шөлді аудандарда сирек болатын үкі (Bubo bubo), безгелдек (Tetrax tetrax) және сарысағақ шүрілдек (Charadrius asiaticus) тән. Соңғысы, бірқатар ұсақ торғайлар сияқты «Европа шөлдері мен шөлейттері» биомымен шектелген. Құстардың бірнеше түрлері «Евразиялық дала» биомына тән.

Түсіндірмелер Басты түрлері Ұя салу Ұшып өту/қыстау Жаһанды қауіп төнген түрлер Қарақұс 26 жұп Ителгі 32 жұп безгелдек 30-40 жұп А3 Таралуы «Евразиялық дала» биомымен шектелген түрлер Қарақұс 26 жұп Дала қыраны 26 жұп Безгелдек 30-40 жұп А3 Таралуы «Еврапалық шөлдер мен шөлейттер» биомымен шектелген түрлер Сарысағақ шүрілдек 20-30 жұп Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер Үкі 89 жұп  Қызыл кітапқа енгізілген түрлер Басқа қауіп төнген түрлерден қарақұйрық сирек кездеседі үстірттік тау арқарының немесе муфлон саны аз .

Шаруашылық қызмет үшін аумақты пайдалану браконьерлік ителгі (Falco cherrug) аулаудан басқасы іс жүзінде жүргізілмейді.

Ырғыз-Торғай көлдері координаттары: 48°40' с.е., 62°08' ш.б. Теңіз деңгейінен биіктігі: 75-100 м Ырғыз селосынан шығысқа қарай 70 км жерде, Торғай депрессиясының оңтүстік шетінде, Торғай, Ырғыз және Өлкейік өзендерінің сағасында орналасқан және шамасы мен тұздылығы тұщы дерліктен өте ащыға дейін әрүтрлі болатын көптеген көлдердің кең жүйесін көрсетеді. Аса ірі көлдері – Қызылкөл, Көлжарма, Жайлау, Жаркөл, Бұқынкөл, Байтақкөл, Қоғакөл, Айыркөл, Шолақкөл, Қармақкөл, Майкөл, Майдаркөл, Айкөл. Сулы-батпақты алқап типтік

16



өсімдіктері бар солтүстік шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Жағалау өсімдігі – негізінен кең өскен қамыс нуы.

Ырғыз-Торғай көлдері – Қазақстан мен Орталық Азияның аса маңызды сулы-

батпақты алқаптарының бірі, оларды суда жүзетін құстар негізінен ұшып өткен және түлеген кезде және аз дәрежеде ұя салу үшін пайдаланады. Мұнда Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және жаһандық қауіп төнген, ұя салатын да, ұшып өтетін де бірқатар түрлері кездеседі.

Құстардың барлығы 234 түрі, оның ішінде сулы-батпақты кешеннің 100-ден астам түрі байқалды. Торғай және Ырғыз өзендерінің төменгі сағасы ұя салу облысы Батыс Сібірде болатын суда жүзетін құстардың күшті көшу ағынының бірі – Арал-Есіл учаскесі шегінде жатыр.

Көктемгі және күзгі ұшып өту уақытында бұл жерден кемінде 2-3 миллион суда

жүзетін және су маңы құстары ұшып өтеді. Суда жүзетін құстардың түлеуге жаппай жиналуы бұл өңірді халықаралық маңыздағы алқаптар санатына қосудың басты себептерінің бірі болды. Түлеу кезіндегі суда жүзетін құстардың жалпы саны суландыру циклінің фазасына байланысты және қолайлы жылдары бірнеше ондаған, тіпті жүздеген мың (250 мыңға дейін) басқа жетуі мүмкін.

2005 жылғы қыркүйекте 156 мыңнан астам, 2006 жылғы шілдеде – 42 мыңға жуық сулы-батпақты құстар есептелді. Бұл сыбырлауық аққудың (Cygnus olor, 2006 ж.), үлкен суқұзғынның (Phalacrocorax carbo, 475), қасқалдақтың (Fulica atra, 3115), қалбағайдың (Platalea leucorodia, 9) көп мөлшерінің ұя салатын, бірқатар түрлердің жаппай түлейтін жері. «Евразиялық дала» биомымен шектелген толық бірқатар түрінің ұя салатын немесе тұрақты кездесетін жері. Басталу маңызына жететін саны бар жаһанды қауіп төнген түрлерінің саны 12 түр құрайды. Олар бұйра бірқазан, шиқылдақ, қызылтамақ қарашақаз, ақкөз қаралаүйрек, ақбас үйрек, қарақұс, дала күйкентайы, ақтырна, дуадақ, ақсұңқар, үлкен шырғалақ, дала қаншыры.

Түсініктер Басты т үрлері Ұя салу Ұшып өту/қыстау А1 жаһандық қауіп төнген түрлер Бұйра бірқазан Pelecanus crispus* 428 (2006) Шиқылдақ Anser erythropus* Ұшып өтуі тән Қызылтамақ қарашақаз Branta ruficollis* Ұшып өтуі тән Ақкөз қаралаүйрек Aythya nyroca* сирек Ұшып өткенде 50 (2005) Ақбас үйрек Oxyura leucocephala* 29 (2006) Қарақұс Aquila heliaca* 5 (2006) Дала күйкентайы Falco naumanni Саны аз Ақтырна Grus leucogeranus* Ұшып өткенде жалғыз Ақсұңқар Vanellus gregarious* Ұшып өткенде сирек Үлкен шырғалақ Limosa Limosa 1010 (2006) Дала қаншыры Glareola nordmanni Саны аз А1 санатын қолдану үшін саны жеткіліксіз жаһандық қауіп төнген түрлер Дала құладыны Circus macrourus сирек Ұшып өткенде саны аз Дуадақ Chlamydotis undulate* жалғыз Безгелдек Tetrax tetrax* Ұшып өткенде саны аз А3»Европалық дала» биомымен таралуы шектелген түрлер Дала құладыны Circus macrourus сирек Дала қыраны Aquila nipalensis* тән Қарақұс Aquila heliaca* 5 (2006) Ақбас тырна Grus virgo* тән Дуадақ Chlamydotis undulate* жалғыз Дала қаншыры Glareola nordmanni Саны аз Қарабас өгізшағала Larus inchthyaetus* сирек Қара бозторғай Melanocorhypha yeltoniensis Саны аз Аққанатты бозторғай Melanocorhypha leucoptera тән А4i биогеографиялық танымалдығы 1% немесе одан да көп Сұқсыр үйрек Podiceps cristatus 383-624 (2006) Қызғылт бірқазан Pelecanus onocrotalus* 473 (2006) Бұйра бірқазан Pelecanus

17

crispus* 428 (2006) Үлкен құзғын Phalacrocorax carbo 1879 ұшып өткенде (2005) Қалбағай Platalea leucorodia* 403 ұшып өткенде (2005) Қызыл тұмсық сүңгуір Netta rufina 4375 (2006) Көгілдір қаралаүйрек Aythya ferina 17905 (2006) Ақбас тырна Grus virgo* 1075 ұшып өткенде (2005) Қасқалдақ Fulica atra 8630 ұшып өткенде (2005) Үлкен шырғалақ Limosa limosa 1010 (2006) А4iii 20000 астам мекен ететін суда жүзетін және су маңы құстары Суда жүзетін және су маңы құстары 42 000 бірнеше күн ішінде (2006) Ұшып өткенде 156 000 бірнеше күн ішінде (2005) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер Сұңқылдақ аққу Cygnus Cygnus 3 (2006) Қолаңтөс Syrrhaptes paradoxus 20 (2006) * Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер Аумақты пайдалану. Жер ландшафтарының 70% жуығы ауыл шаруашылығында мал жаю үшін пайдаланылады, қазір қарқындылығы жоғары емес. Көлдердің жартысында мезгіл-мезгіл жергілікті қолдану үшін балық аулау жүргізіледі. Көлдердің және тармақтардың бір бөлігі бөгеттермен реттелген. Шектеулі аң аулау жүргізіледі. Негізгі қауіптер – мазасыздық факторы, өрт. Маңызы жағынан келесісі – бөгеттердің әсері, заңсыз аң және балық аулау, тұрақсыз гидрорежим және табиғи процестер (көлдердің тартылу-толығу циклдері). ІВА аумағына 296 000 га Торғай табиғи заказнигі және 56 000 га

Ырғыз-Торғай табиғи резерваты кіреді. Ырғыз-Торғай көлдері Қазақстанның Рамсарлық алқаптары тізіміне енгізілген.

























18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әжіғали С.Е. Ертедегі «Ел-кратер»: Арал-Каспий көшпенділерінің тарихы мен мәдениеті. – Алматы, 2006. – 64 б.

2. Әжіғали С.Е., Тұрғанбаева Л.Р. Абат-Байтақ – Қазақ даласының маржаны. – Алматы, 2004. – 32 б.

3. Аристархова Л.Б. геологические критерии классификации структур, обусловленных соляной тектоникой //Вестн.МГУ.Сер.географ. 1966.Сб.5.

4. Атлас Казахской ССР. Том 1. Природные условия и ресурсы – М., 1982.

5. Афанасьев А.В. Қазақстанның зоогеографиясы (сүт қоректілердің таралуы негізінде). – Алматы: ҚазКСР ҒА баспасы, 1960.- 259 б.б.

6. Байтақ Дала. Ақтөбе облысының туристік журналы.

7. Бекенов А.Б., Грачев Ю.А.. Қазақстандағы киіктің таралу жағдайы және оларды сақтау жөніндегі шаралар, ҚР БжҒМ зоология институты, 2001.

8. Бекенов А.Б. және басқалары. Қазақстандағы киік: таралу жағдайы және қорғау проблемалары. Қазақстандағы зоологиялық зерттеулер. Алматы, 2002.

9. Ботаническая география Средней Азии и Казахстана. - С-П, 2003.

10. Брушко З.К.. Қазақстан шөлдерінің кесірткелері. «Қонжық», Алматы, 1995.

11. Быков Б.А. Вводный очерк флоры и растительности Казахстана. // Растительный покров Казахстана. Алма-Ата, 1966.

12. Веселов В.В. Қазақстанның жер асты суларының ресурстарын гидрогеологиялық аудандарға бөлу және өңірлік бағалау: (1961-2002 жж. ішіндегі зерттеулер нәтижелерін талдау). – Алматы, 2002. - 438 б.б.

13. Қазақстанның су ресурстары (жер бетіндегі және жер астындағы су, қазіргі жағдайы). – Смоляр В.А., Буров Б.В. және басқалары. Анықтама. – Алматы: «Fылым» ҒЗО, 2002.- 596 б.б.

14. Волков А.В. К концепции особо охраняемых природных территорий России //Заповедники и национальные парки. – 1999. - №28. – С. 36-47.

15. Вопросы археологии Западного Казахстана: сборник научных трудов. – Самара: Актюбинская областная Государственная инспекция историко-культурного наследия, 1996.

16. Гаврилов Э.И. «Қазақстанның фаунасы және құстардың таралуы» - Алматы. - 1999.

17. Гаврилов Э.И. «Қазақстан республикасының құстар жөніндегі анықтамасы» - Алматы. - 2000.

18. Гарецкий Р.Г., Шрайбман В.И.. Тұран тақтасының (Батыс Қазақстан) солтүстік бөлігінің қатпарлы іргетасының жату тереңдігі және құрылысы // Тр.ГИН АН СССР. 1960. 44 шығарылым.

19. Гвоздев Е.В., В.И.Капитонов және басқалары. Қазақстанның сүт қоректілері. – Қазақ КСР "Ғылым" баспасы. Алматы. - 1983.

20. Гвоздев Е.В. и др. Книга Генетического Фонда фауны Казахской ССР. - Изд-во "Наука" Казахской ССР, Алма-Ата. - 1989.

21. Гвоздецкий Н.А., Николаев В.А. Казахстан. М. Изд-во «Мысль», 1971. - 296 с.

22. География. /Ред.кол.: А.Н.Тихонов, В.А.Садовничий и др. Программа «Университеты России» – М.:Изд-во МГУ. 1993. – 300 с.

23. Геологическая карта Казахской ССР. Масштаб 1:500 000. Серия южноказахстанская. Объяснительная записка. – Алма-Ата, 1981. - 248 с.

24. Гидрогеологические условия Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1975. - 55-66 с.

25. Данилина Н.Р., Степаницкий В.Б., Ясвин В.А. Концепция работы государственных природных заповедников и национальных парков Российской Федерации по экологическому просвещению населения // Заповедники и национальные парки. – 1999. - №26. – С. 30-35.

26. Серғалиева Р.А.//Туризм және Ақтөбе облысында экотуризмді дамытудың жолдары.2009.41-80.







































Торғай-Ырғыз мемлекеттік резерваты








































-80%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ырғыз Торғай мемлекеттік резерваты (6.25 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт