Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Мероприятия  /  10 класс  /  Жаса, Қазақстан.

Жаса, Қазақстан.

"Жаса, ?аза?стан" мероприятие ко дню независимости Казахстана. Участвовали все класс с1 по 11 кл. Проводится в виде соревнования, вопроса.

03.12.2016

Содержимое разработки


Сайыстың барысы:


Музыка ақырын ойнап тұрады (күй)


Жүргізуші: Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,

Дәлелдеуге Қазақстан елдігін.

Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,

Елдің алды егеменді теңдігін.


Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және көпшілік қауым.

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Жаса, Қазақстан» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет атанды.Тәуелсіздік халыққа еркіндік,бостандық әкелді. Сендер тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан бақытты балаларсыңдар. Еліміздің осындай күнге жетіп, өсіп, өркендеп, гүлденуі Елбасымыз Н.А.Назарбаевтың ұшан-теңіз еңбегі деп білеміз. Қазіргі кезде Қазақстанды 100-ден аса ел танып, қанша ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тәуелсәздәк алған соң рәміздеріміз дүниеге келді, төл теңгеміз айналымға енді, Ата Заңымыз қабылданды, Астанамыз күннен-күнге көркейіп, еліміздің экономикасы қарыштап дамыды.

Олай болса еңсесі биік еліміздің құдіретті де қасиетті қазақ деген халқының сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз!!!

Әнде болсын, рәміздер күй де, болсын

Мекемеде, көшеде, үйде болсын,

Алдыменен айта біл әнұранды,

Содан кейін өзге әнді үйренесің.


Көптік етпес жырласаң оны қанша,

Мақтансың ер елтаңба қолына алса.

Өміріміз де мәндене түсер сонша,

Солар қанша өмірден орын алса. «Әнұран орындалады»

Мереке қарсаңында мектебіміздің озат оқушылары өздерінің білімін ортаға салу үшін алдарыңызға келіп тұр. Бүгін мектебімізде үлкен мереке, бұл білімділер мерекесі.

Олай болса, сайысқа қатысушыларымызды ортаға шақырайық. Екі топ кездесуде,


І топ _______________________________

ІІ топ _______________________________

/сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді. Өмірлік ұстанымдарын айтып, қарсыластарына тілектерін білдіреді/.


Сайыстың бағдарламасы:

І. Мен білетін сұрақтар

ІІ. Мен ұнататын пән

ІІІ. Жалғасын тап

ІҮ. Мен сүйетін тіл /жасырылған жұмбақтың жауабын орыс, ағылшын тілдерінде табу/.


Сайыстың қазылар алқасы:

  1. Мектеп директорының м.а : Гульзада Хасеновна Жумабекова

  2. Алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі: Даулет Нажмиденұлы Сулейменов

  3. __________________________________________________________


Ендеше сайысымызды рұқсат болса, бастайық.


І. Мен білетін сұрақтар: /әрбір топқа 10 сұрақтар қойылады/. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І топ:

  1. ҚР-ның мемлекеттік тіл қай тіл? /қазақ/

  2. 6 шілде қандай мереке? /Астана күні/

  3. Үш биді ата? /Әйтеке, Төле, Қазыбек/

  4. Алтын адам табыған жер? /Есік қорғаны/

  5. Ең үлкен екі таңбалы сан? /99/

  6. «Менің атым қожа» повесінің авторы кім? /Б. Соқпақбаев/

  7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? /наурыз көже/

  8. Елбасы Н.Назарбаевтың туған жері? /Алматы облысы, қаскелең ауданы, Шамалған ауылы/

  9. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? /Абай Құнанбаев/

  10. Әріптердің рет-ретімен тізілген тізбегі ? /Алфавит/.


ІІ топ:

  1. Қазақстанның астанасы? /Астана/

  2. Күй атасы кім? /Құрманғазы/

  3. Қасиетті кітап? /Құран/

  4. Бір ғасырда неше жыл? /100 жыл/

  5. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? /Есіл/

  6. Қазақстан шыққан алғашқы ғарышкер? /Т.Әубәкіров/

  7. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі? /карта/

  8. ҚР-ның тәуелсіздік күні? /16 желтоқсан/

  9. Адамның он екі жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі? /Мүшел жас/

  10. Қазақ халқының ұлттық тағамдары? /Бауырсақ, қазы-қарта, шұбат т.б./

ІІ. Мен ұнататын пән /топ өздеріне ұнататын пәнді таңдап, сандарды айтады 10,20 немесе 30 ұпай беріледі дұрыс жауап болса/.

Қазақ тілі

10.Заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы қалай аталады? /Сын есім/.

20. Сан есім мағынасы қарай 6 түрге бөлінеді. /Есептік, реттік, жинақтық, болжамдық, топтау, бөлшектік/.

30. «Асығы алшысынан түсті» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы? /жолы болды/.

Қазақстан тарихы

10.Батыс Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалар? /Сарматтар/

20. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада? /Түркістан/

30. Садақ пен жебе қай кезеңде ойлап табылды? /Мезолит/

Биология

10.Гүлдің құрылысы қандай бөлімдерден тұрады? /Гүл сағағы, гүл табаны, тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар/

20. Өте ұсақ заттарды бірнеше есе үлкейтіп көрсететін құрал? /Микроскоп/

30. Жер бетінің жалпы ауданы қанша, оның неше пайызын су, неше пайызын құрлық алып жатыр? /510 млн.2 , 71 %-су, 29 %-құрлық/.

География

10.Ең үлкен арал? /Гренландия/

20. Батысы тұщы, шығысы ащы көл? /Балхаш/

30. Қашқарияға барып, оны Еуропаға алғаш таныстырған ғалым? /Ш.Уәлиханов/.

Математика

10.Ең үлкен үш таңбалы сан? /999/

20. Бүтін сандарға қандай сандар жатады?/- ∞; 0 ;+ ∞/

30. Ұзындықты қандай құралмен өлшейміз? /Сызғыш/.

ІІІ. Жалғасын тап.

  1. Берсең –аларсың, .../ексең-орарсың/

  2. Өзіңе не етсең .../алдына сол келер/.

  3. Оқу инемен құдық .../қазғандай/.

  4. Еңбек етсең ерінбей,.../тояды қарның тіленбей/.

  5. Ащу дұшпан,... /ақыл дос/.

  6. Бейнетің қатты болса,... /татқаның тәтті болады/.

  7. Досы көпті жау алмайды,... /ақылы көпті дау алмайды/.

  8. Туған жердей жер болмас,... /туған елдей ел болмас/.

  9. Кітап –білім бұлағы, ... /білім –өмір шырағы/.

  10. Таспен ұрғанды,... /аспен ұр/.


ІҮ. Мен сүйетін тіл /жасырылған жұмбақтың жауабын орыс, ағылшын тілдерінде табу/.

  1. Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан /Күн, солнце, sun/


  1. Көшіп жүріп желменен,

Сеуіп шықты тамшысын.

Қыраттарға шөлдеген ./Бұлт, облака, cloudy /

  1. Ұшымен қазық тор көзді жазық.

Үстінен өттім, асыл сөз жазып. /Дәптер, тетрадь, notebook/

  1. Сәуле астында жүз ине /Кірпі, ежик, hedgehog/

  2. Көлден ұшты жеті қаз, қайтып қонды екі қаз.

Қонбады оның нешеуі .Қане, кім тез шешеді? /Бес, пять, five/

  1. Уақытты немен өлшейміз? /сағатпен, часы, clock/

  2. Сұға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. /Мұз, лед, ісе/

  3. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы. /Ит, собака,dog/

  4. Құрғақ жерде сақтайсын, менсіз тамақ татпайсың ./тұз, соль,salt/

  5. Әр адамның шағын Отаны /Отбасы, семья, family/.


«Жаса, Қазақстан» атты озат оқушылардың арасындағы білім сайысы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасына қорытынды шешімін сұраймыз.

Қазылар алқасына сөз беріледі.




-80%
Курсы повышения квалификации

Методика подготовки к ОГЭ по математике

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаса, Қазақстан. (51.04 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели