Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  10 класс  /  Зерттеу тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау»

Зерттеу тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау»

Пeдaгoгикa жa?aлы?тapыны? бірі - o?ытyды? ic-т?жipибeciнe жa?a ?дic-т?ciлдi eнiізy. Б?л кypcты? дa мa?caты – м??aлiм ic-т?жipибeciне ?згерістер енгізу. Oл ?згерістер м??алімге де, о?ушы?а да о? н?тижe бepyi тиic.

03.05.2017

Содержимое разработки

Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі

Муканова Гульбану Мукашевна биология пәнінің мұғалімі

Зерттеу тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау»



Пeдaгoгикa жaңaлықтapының бірі - oқытyдың ic-тәжipибeciнe жaңa әдic-тәciлдi eнiізy. Бұл кypcтың дa мaқcaты – мұғaлiм ic-тәжipибeciне өзгерістер енгізу. Oл өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтижe бepyi тиic.Oқытyдың бapлық әдicтеpi баланы дамытуға негізделген. Қазіргі оқыту оқушы қабілеті, oны жaн-жaқты дaмытy, дaмy әрeкeттepiн ұйымдacтыpyдың қaжeттiгiн дәлeлдeп oтыp. Aл бiздiң әpeкeтiмiз–бaлaның caбaқ үcтіндeгi әpeкeтiн ұйымдacтырy, әpeкeт нәтижеciн бaйқay, қaбiлeтiмeн eркiн aтқapa aлaтын ici, coның нәтижeciндeгі тұжыpымынa көз жeткiзy. Mұғалiм aлдыңдa oтырғaн шәкiрт бiлiмдi ғaнa бoлып қoймaй, өзiнiң мeңгeргeн бiлiмiн өмipде қoлдaнa бiлyге,жaн-жaқты шығapмашыл бoлyы үшiн жaңa тeхнoлoгиялap еңгiзiлyдe.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыда ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара бұл байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.

Менің іс-әрекетті зерттеудегі таңдап алған тақырыбым «Сын тұрғысынан ойлау». Аталған тақырыпты таңдап алу себебім, оқушылардың өз ана тілінде еркін сөйлей алмауы және де өз ойларын ашық, айта алмауы және айтқысы келгендеірін жеткізе алмауы себеп болып тұр.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру мақсатында,мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.

Сол талаптардың бірі оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Әр мұғалім өзінің білімін үнемі толықтырып және жаңартып отыруы керек және мектепте немесе күнделікті өмірде де нәтижелі қарым-қатынас орната білуі дұрыс. Айналамыздағы болып жатқан өзгерістер, оқу процесіне де әсерін тигізбей қоймайды. Ал оқытудың конструктивті теориясы үйренуге және оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға ықпал етеді.

Оқытудың бірінші «бетпе-бет» кезеңінде модульдермен танысу барысында маған сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулі ұнады, себебі бұл модуль тек оқушының сыни тұрғыдан ойлауын талап етпейді, сонымен қатар мұғалімнің де сыни тұрғыдан ойлауына ықпалы мол екеніне көзім жетті. Осы модуль оқыту жүйесін қайта қарауға және мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынасты өзгертуге,топтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіншілік береді. «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»- деген Конфуцийдің нақыл сөзі осы технологияны толық сипаттайтын сияқты..

Қазіргі заманның проблемасы оқушылардың заманауи коммуникациялық құралдарымен айналысып кетуі, соның әсерінен адамға тән құндылықтарды жоғалтып бара жатқаны, өзін жеке тұлға ретінде көрсете алмауы,шығармашылық қабілеттерін аша алмауы ,соның әсерінен тілінің , коммуникативті мәдениетінің артта қалуы, өзінің іс-әрекетін мақсатына жету үшін пайдалана алмауына әкеліп соғып отыр. «Осы проблемаларды шешу мақсатында Александер(2001,2008)оқушылармен қарым-қатынастың 5жолын көрсетіп отыр: Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді,ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау.)

Декламация (тестілеу арқылы дайындалған сұрақтар немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып , жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталғанын білім мен ілімді толықтыру.) Нұсқаулық мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу сонымен бірге фактілерді ,қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру.)Талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу.)

Диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып ,таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді»тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу.»

Жоғарыда аталған стратегияларды өз сабақтарымда мүмкіндігімше жиі пайдалануға тырыстым. Атап айтқанда диалог әдісі өзіме бұрыннан таныс болған соң, осы әдісті үнемі сабағымда ұштастырып отырдым.

Осы модульдің мен үшін негізгісі неде? Ең бірінші , оқытудың жалпылай емес, жеке оқушыға бағытталуы.Оқушының ашылуына жағдай жасау, ішкі потенциалының дамуына ықпал ету. Әр оқушыны сабаққа қатыстыруға мүмкіншілік туады,сонымен қатар білімді дайын күйінде бермей ,тек оқытуда басшылық жасап, бағдар беруге бағыттайды. Оқушыны бақылауға жұмысын реттеуге мүмкіншілік туады, өз бетінше білім алуға, өз көзқарастарын білдіруге , ойларын еркін айтуға көмектеседі. Сондықтан осы модульды таңдағаннан кейін сабағымның құрылымын және тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлау технологиясына қарай сәйкестендіре құрдым. Ондағы мақсатым оқушыларда танымдық уәж бен қызығушылығын тудыру, оқушылардың белсенділігін арттыру еді.

Алғашқы сабақтарда оқушылар топқа бөліну барысында өздерінің қалағаны бойынша отырғылары келді, бірақ түрлі әдістер (гүл атаулары, өзен аттары, күн аттары т.б) арқылы бөлгендіктен оларға бұрын отырып көрмеген, сөйлескісі келмейтін балалар мен отыруға тура келгеннен кейін,олар енді үйрене бастады. Топқа бөлінуде кездескен кедергілерді жеңу үшін не істеу керек еді?

Кедергілерді жою мақсатында оқушылармен топтық ереже құрастырдық, оқытудың жаңа тәсілдерімен таныстыру арқылы топтық тапсырмалар бере бастадым. Блум таксономиясын еске түсіре отырып әр түрлі деңгейді тапсырмаларды бердім. Ондағы мақсатым балалар деңгейлеріне сай тапсырманы орындай алады ма екен деген сұраққа жауап алу үшін. Сұраққа жауап алғаннан кейін, оқушылардың деңгейлік сұрақтарға жауап бере алатындығына көзім жетті

Жүргізген жұмыстарымның нәтижесі болар, оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өз деңгейлеріне сай жақсы орындап шықты, бұрынғы білімдерімен байланыстыра білді.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратының көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететінін айтқан.

Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдады. Осыны ескере отырып, мына стратегияны қолдандым.

«Сұрақты ұстап ал! » стратегиясы бойынша оқушылармен диалог жүргізілді. осы жерде менің бақылағаным жауап бере алмай отырған балаға топ мүшелерінің жандары ашып көмекке келе бастағаны . Ал «Сұрақты » ұстаған оқушы жауапкершілік сезініп, сұраққа жауап беруге тырысты. Оқушылар арасында ынтымақтастық қасиеті қалыптаса бастағанын сездім.Сұрақтар сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін сұрақтар еді, Б.М.А.есімді оқушылар («жуас» бұрын үндемейтін ) жауаптары дұрыс болмаса д а ойларын қорықпай ашық айта бастады.Мен оларды ынталандыру мақсатында стикерлермен бағаладым.Сонымен қатар «Ферменттердің тіршілік процесіндегі рөлі» тақырыбындағы сабақта Зертханалық жұмысты жұппен орындады. Зертханалық жұмыста шикі картоппен піскен картоптегі ферменттердің рөлін ,олар сутегі пероксидіне қалай әсер ететінін білу үшін ,алдағы сабақта алған білімдерімен байланыстыра орындау керек еді. Олар бір-бірімен ақпараттарымен бөлісіп, бір-бірін тыңдау арқылы жауабын тапты , ортақ шешімге келе алды.

Сонымен қатар «Серпілген сауал» стратегиясын қолдану барысында да оқушылармен мұғалімнің арасында диалогтық қарым-қатынас орнады. Бұл стратегияның басты тиімділігі оқушылардың бір сұрақтың төңірегінде қалып қоймай оны түрлендіре отырып, өз тұжырымдарын жетік жеткізуіне қолайлы жағдай туғызады. Осы тәсіл өте тиімді болды, ендеше келесі жолдары да осы тәсілді қолдануға тырысамын деп ойлаймын. Қарым -қатынас барысында оқушы бірінің жауабын бірі тыңдау арқылы , жауаптарын ары қарай тереңдетуге тура келді, себебі мен сұрақты қойғанда «Қалай ойлайсың Б. жауабымен келісесің бе ?» немесе «Т. жауабын кеңейту үшін не айтар едің?» деген сияқты сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін сұрақтар арқылы оқушыларды жетелеп отырдым.Осында менің таңқалғаным оқушылар әп-әдемі жауап беріп отырды.Ендеше олар сыни тұрғыдан ойлай алады деп тұжырымдадым.

Жалпы диалогтық оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылға шешімдер қабылдауды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренді. Жоғарыдағы стратегияларды қолдану әсерінен тапсырмалар дұрыс орындалды. Олай болудың себебі де бар сабақтарды жоспарлауда мен оқушыларға берілетін қарапайым сұрақтар мен күрделі сұрақтарға жауап іздеу жолдарын қалай түрлендіруге болады деген сұраққа баса назар аудардым және мұның шешімін табуда оқушыларға аталған стратегияларды ұсына отырған олардың жас ерекшеліктерін де ескерген болатынмын. Яғни аталғанның барлығы менің өткізгем сабақтарымдағы мақсаттардың орындалып, алғашқы 7 модульді ықпалдастыру идеясын орындай алды.

Екінші сабағымда оқушыларды жеміс атаулары бойынша топқа бөліп тапсырмалар бердім. «Алмұрт» тобына :Судың қасиеттері , «Алма» тобына Судың қызметтері тіршілік үшін маңызы, «Өрік » тобына Минералды тұздардың қасиеттері болса,«Шие » тобына минералды тұздардың жасушадағы ,қызметтері , маңызы. «Қарақат» тобына Бейорганикалық заттардың жасуша үшін маңызы - деп оқулық материалынан танысуына тапсырмалар бердім. Оқушылар оқулық материалымен танысу кезінде өздеріне қажетті ақпаратты дәптерлеріне түртіп алып отырды. Материал толығымен қамтылғаннан кейін, алынған ақпаратты жұпта талқылады.Жұпта талқылау аяталғаннан кейін оқушылар ойларын топта талдап,бір-бірімен пікірімен алмасты.Талқылау аяқталғаннан кейін оқушылар ортақ шешімге келіп,жұмыстарын постер қағазында орындады. Алынған білімдерін қолдану арқылы оқушылар постер жасап ,сынып алдында қорғады. Мысалы оқушылар « Суды», «тұзды» сипаттаған уақытта бұрынғы төменгі сыныпта алған білімдерімен ұштастырды. Тапсырманың орындауда оқушылар өз білімдерін өмірмен ұштастырғаны мені таң қалдырды.

Оқушылар өз жұмыстарын қорғау барысында,тапсырманы орындау кезінде өздерінің сыни ойлағандарын, олардың жұмыстары мен жасаған тұжырымдарынан көрдім.

Екінші сабақтың бекіту кезеңінде топтарға «Су» және «тұз» тақырыбына «синквейн» құрастыру тапсырылды . Бұл тапсырма олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дарындылықты анықтауға арналған сыни тұрғыдан

ойлауды қажет ететін тапсырманың түрі еді.Бұл тапсырманы әр топтан бір -екі оқушыдан : Мысалы:

Су

Ағады, төгіледі

Мөлдір, таза, тұнық

Су-тіршілік көзі

Н2 О деп орындап шықты. Ендеше оқушыларға осындай тапсырмаларды беруге болады екен деген ой туды.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін, екінші сабағымда тақырыпты анықтау мақсатында тақтада сурет қолдандым , оқушылардың мақсаты суретті сөйлете отырып сабақтың тақырыбын анықтау керек еді, әр түрлі жауаптар болды ,сонда маған орташа деңгейдегі оқушы М.ның жауабы ұнады : «Су -тіршілік көзі» деді.

«Суретті сөйлету» жалпы жаман емес бірақ әлі осындай тапсырмаларға көңіл аудару керек екендігін түсіндім себебі әлі де болса оқушылардың сурет бойынша ойларының жеткіліксіз екенін түсіндім. Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағында Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Кубизм» стратегиясын қолдана отырып, жаңа сабақты топпен оқыту мақсатында , оқушылардың қаншалықты өздері топта жұмыс істей алады?, талдауға үйренді ме? Мәтіннің негізін таба алады ма деген сұрақтарға жауап алғым келді.Оқушылар мәтіннің негізін таба алды. Мысалы: Нәруыздың негізгі құрылымдық материал екендігін , нәруызсыз тіршілік жоқ екендігін, нәруыздың қорғаныш, катализаторлық, тасымалдау, энергетикалық қызметтерін анықтай білді.

Топтар тапсырмаларын орындап қана қойған жоқ, олар басқа топқа түсіндіре алды, өздерінің тапсырмаларын талдай білді,басқа топтың жұмысына баға беруді үйренді,ендеше бұл стратегияны да келешекте қолдануға болады екен деген ой келді. Мысалы: «Раушан» тобы : «Нуклеин қышқылына ДНҚ мен РНҚ жатады. Нуклеин қышқылдары деп аталу себебі,алғаш рет ядроның ішінен табылған. ДНҚның қызметі тұқымқулаушылық ,ол тек ядрода ғана кездеседі,қызметі тұқымқуалау ақпаратын сақтау, ұрпаққа жеткізу» және РНҚ мен салыстырды.

Үшінші сабағымда әр түрлі тапсырмалар дайындап әкелдім.Ондағы мақсатым оқушылардың білім сапасын түрлі әдістер арқылы тексеру еді .

Топтағы 5адамға бес түрлі тапсырманы орындауға тура келді. 5түрлі тапсырма беру себебім олар бір-біріне жақын отырғандықтан, бір-бірінен көшіру болмасын деген мақсатпен болды.Тапсырмалардың мазмұны мынадай болды: «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» , ашық тест, «Терминдерге түсінік беру», «Сәйкестендіру кестесі». Тапсырмаларым уақытқа байланысты 6-7сұрақтан тұрды.Оқушылар өз деңгейлеріне байланысты жазбаша тапсырмаларды орындап шықты.

Енді оларға тапсырманы жай ғана бөліп бермей , «Кубизм» стратегиясын қолдану арқылы бөлдім.Топтар берілген тапсырмаларын оқулықтан оқып , жұппен, топпен талқылап орындап шықты. Ой толғаныс кезеңінде оқушылар не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтады.Сабақ соңында оқушыларға жасаған жұмыстарын өзара бағалауларын ұсындым.Топтар бірін-бірі бағалады, өздерін бағалады. Келесі сабағымда оқушылардың үй тапсырмасын тексеру барысында деңгейлік тапсырмалар дайындаған болатынмын.Интерактивті тақтадағы тапсырмалар жеңіл болса, ал карточкамен берілген тапсырмалар күрделірек болды, Мысалы: «Нәруыз бен көмірсуды салыстыр», Май мен ДНҚ-ны салыстыр т.б Салыстыруды «ВЕНН» диаграммасы ретінде көрсетті,сыни тұрғыда ойлана отырып майдың ерекшеліктерімен ДНҚ-ның ерекшеліктерін анықтай білді,ортақ қасиеттерін таба алды. Сабақты бекіту мақсатында зертханалық жұмыс болғандықтан топпен жұмыс ұйымдастырылды.Зертханалық жұмысты орындау мақсатында оқушылар тәжірибе жасай отырып бір-бірімен ой бөлісті. Не себепті шикі картопке су пероксидін құйғанда ол картопте көпіршіктер пайда болды?

Неге піскен картопте осындай құбылыс байқалған жоқ деген сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарға жауап алғаннан соң, сабағымды аяқтадым.

Теориялық білімдерін зертханалық жұмыс орындау кезінде пайдалана білді. Зертханалық жұмыс және оқулық материалын игеру барысында оқушылар сабақ басында менің тарапымнан қойылған сұрақтың жауабын жан-жақты түсіндіре алды. Оқушылардың бұл әрекеті білу,түсіну және алған білімдерін өмірмен ұштастыра алуы,олардың сұраққа жауап іздеу барысында сыни ойлауларының нәтижесі деп айтуға болады.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғалту, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады немесе бұл стратегия «Миға шабуыл »деп аталады. Мысалы 9сыныптағы «Жасуша –тіршіліктің құрылыстық, құрылымдық өлшем бірлігі» атты сабағымда « Жасуша дегеніміз не?» деген сұрақ арқылы оқушылардың бұрынғы білетін білімін жаңа сабақпен ұштастыру мақсатында ойды қозғалту сұрағы қойылды.

Оқушылар аталған сұраққа төменгі сыныптағы білімдерін еске түсіре отырып толық жауап бере білді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға үйренді,бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің пікірін тыңдап, сыйлауға үйренді, ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды. Өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашты. Достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесе білді. Мен сабақта қолданып отырған технологияның жетістігінен шыққан , нәтижені осылайша салыстыруға болады. Қорыта келгенде, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының стратегияларын тек қана сабақта қолданбай,сыныптан тыс жұмыстарда да пайдаланған тиімді.

Сын тұрғысынан ойлау –өз-өзімізді дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.Қазіргі заманда білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани , азаматтық және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Қазақ халқы әрқашан да парасаттылықты пір тұтып даналыққа табынып келген халық.Ұлтымызға тән тағы бір қасиет,ол білімді біліктіліктен ажырата білу.Өз өмір ғұмырын ағартушылыққа арнаған алаш арыстарының бірі , ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ұғымында «білім біліктілікке жеткізер баспалдақ қана ,ал біліктілік дегеніміз білімнің жеткіліктілігі ғана емес,сол білімді асыра білу дағдысы».

Білім беру қашанда мәдени дәстүрлердің айрықша бөлігі. Оның қазіргі замандағы мақсаты ойлау- техникалық, сөйлеу, рефлексифті мәдениеті қалыптасқан шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізу.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.Мұның өзі мұғалімнен оқу үрдісін және ондағы мұғаліммен шәкірттің рөлін қайта қарауды,бұрыннан қалыптасқан әдістермен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ,ұтымды ұштастыруды қажет етеді.

СТО модульдері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ)пайдалану

5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

7.Оқытуда басқару және көшбасшылық.

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліне келетін болсақ, осы модуль «Қалай оқу керектігін үйрету» мен «Диалог негізінде оқыту және оқу» әдістерін ұсынады.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі оқушылармен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуды қарастырады.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті,өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін ,жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. (Мұғалімдерге арналған нұсқау )

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі бағдарламаның басқа модульдерімен тығыз байланысқан. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау модулі оқушылардың білім деңгейін анықтауға, алдағы жұмыстарды қалай жоспарлау керектігі, алға қойған мақсатқа жету алгоритмін құру керек. Сабақ беру кезінде бір модульді пайдаланғанда басқа модульдің міндетті түрде кірістірілетінін сеземіз. Екінші жағынан, кез келген модульді пайдаланғанда оның нәтижесін біліуіміз керек, яғни қаншалықты сабақ беру кезінде таңдап алынған модульді пайдаланғанымызды бағалауымыз тиіс..

«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі ,талантты және дарынды

оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілін ұсынады. (Мұғалімдерге арналған нұсқау ) Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Кез келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін алдымен бастапқы негізді біліп алған жөн. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның математикалық есептеулерді жүргізу қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісін бағамдау қажет..

«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулі бойынша түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі , балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы,әр жастағы балалардың мүмкіндігене сай беріледі.

«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулінің негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау , өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістерді іске асырылатынана негізделеді.Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.» (Мұғалімдерге арналған нұсқау, бет )

Бірінші «Бетпе –бет» кезеңінде осы жеті модульмен таныса отырып, мен мектептегі тәжірибемде оларды қолдануға тырыстым. Қолдану барысында байқағаным, бұрынғы дәстүрлі сабақтарда мұғалім жаңа материалды өзі түсіндіретін болса, енді оқушы өздігінен,топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы жаңа тақырыпты меңгеретін болды.Мұндай тәсілдер оқушылар үшін қиындықтар туғыза бастады, себебі тек тыңдауға, жазуға немесе оқулықтан мәтінді оқып, көшіріп алуға дағдыланған еді.Сондықтан мен осы модульдерді тәжірибеме енгізуге кедергілер туындамау үшін, бірінші барған бетте мектеп әкімшілігін, әріптестерімді, ата-аналарды бағдарламамен таныстырып өттім. Олардың келісімін алғаннан кейін сабақтарымда аталған модульдердің идеяларын жүзеге асырып көрдім.

Өткізген үшінші сабағымда мынадай модульдердің әдістерін қолдандым: АКТ, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқытудағы жаңа тәсілдер, ОҮБ және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, «Оқытуды басқару және көшбасшылық».

Екінші сабақтан кейінгі оқушылармен кері байланыс жүргізгенімде оқушылар бағдарламаға үйренгенін, топқа бөлініп жұмыс істеу, сергіту сәттері ол ойын емес, осы бағдарламаның әдістеріне жататынын түсінген сияқты болды. Мен оны оқушылардың жауаптарынан , іс-әрекеттерінен көрдім.

Менің сабағым әдеттегідей сергіту сәттерін орындап, топқа бөлінуден басталды.Сергіту сәттері оқушыны алдын ала болатын сабақтарға дайындайды, оқушының шаршағанын басуына көмектеседі, бірінші, не соңғы сабақтар болса қимыл арқылы ұйқысын ашуға жағдай жасайды.Дәстүрлі сабақтарда сергіту сәттері болмағандықтан менің бұл әрекетімді оқушылар таңқалып қарсы алды.Кейбір оқушылар бастапқы кезде сергіту жаттығуларын ойын ретінде түсініп орындағылары келмеді, әр сабақ сайын қайталанғындықтан және тиімді жағын көріп ұнатқандықтан барлығы да орындай бастады.(қосымша №1)

Осы бағдарламада «Жазу мен Сызу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясындағыдай топпен жұмыс әдісі жүргізіледі. Себебі, топтық тапсырмалар арқылы оқушының шеттен тыс қалып қоймауына,тапсырманы орындауға,бірінің ойын бірі тыңдауға,талдауға көмектеседі.Топтық жұмыс оқушыларды ынтымақтастырады,сыйластыққа тәрбиелейді. (қосымша №2)

Сондықтан мен сабағымды бастамас бұрын гүлдің атаулары бойынша : түймедақ, қызғалдақ, бақ-бақ, шырайгүл, нарғызгүл деп топқа бөлдім.

Балалар алғашқы сабақтардағыдай шуламай, тез және жинақы бөлініп орындарына жайғасты. Осы жерде менің байқағаным оқушылардың реттеліп келе жатқаны.

Енді үй тапсырмасын тексеру барысында мен өткен тақырыптар бойынша 5 түрлі жазбаша тапсырмалар дайындап әкелдім. Бұлай әкелу себебім, олардың сөйлеуі жақсы, ал білім сапасы қандай жағдайда екен деген мақсатта болды. Топтағы 5 адамға бес түрлі тапсырманы орындауға тура келді.Неге? Біріншіден ол тапсырмалар әр түрлі деңгейлі, екіншіден топ мүшелерінің толық реттелгенін анықтай алмағандықтан,бір-бірінен көшіреді ме деген оймен берілді.

Тапсырмалардың мазмұны мынадай болды: «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» (дайын сөздері болған жоқ), ашық тест,(жауаптары төрт нұсқамен) «Терминдерге түсінік беру», «Сәйкестендіру кестесі». Тапсырмаларым уақытқа байланысты 6-7 сұрақтан тұрды .

Тапсырмалардың ішінде «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» , және «Терминдердге түсінік беру» сияқты тапсырмалар «А» және «В» деңгейіндегі оқушыларға берілді, себебі бұл тапсырмалар сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін еді, ал «Сәйкестендіру кестесі» және ашық тест оңайырақ болғандықтан, «С» деңгейіндегі балаларға берілді.

Сыни тұрғыдан ойлау және оқытудағы жаңа тәсілдер модульдерінің идеясын ала отырып осындай тапсырмаларды берген болатынмын . Нәтижесінде менің көргенім оқушылар деңгейлік тапсырмаларды деңгейлеріне сай орындағанын байқадым,ендеше осындай тапсырмаларды ары қарай да қолданамын деп ойладым.

Өзіндік жұмыстарын қалай орындап жатқанын бақылау мақсатында топтарға жақындадым. «Қызғалдақ» тобындағы К.есімді оқушым жұмысын аяқтап қалғанын, ал С.есімді (төменгі деңгейдегі) оқушы әлі сәйкестендіре алмай отырғанын байқадым. Келесі жолы осы оқушыға тапсырманы басқа түрде (сурет, кесте) беремін деп шештім. «Түймедақ» тобының мүшелері барлығы аяқтай бастады.

«Нарғызгүл» топ мүшелерінде Ә.есімді оқушым ойын жинақтай алмай отырған болу керек, себебі үш сұраққа ғана жауап беріпті. Мен осы оқушыма жақындап келіп, бағыт бағдар бере отырып сөзбен жетеледім.Сонда ол өз деңгейіне байланысты жауап бергенін көрдім. Шырайгүл» тобында үш оқушы аяқтап қалса, «Нарғызгүл » тобындағы оқушылар барлығы тегіс аяқтады.Осы өзіндік жұмыстардан байқағаным, оқушылардың реттелгендігі.Мен оны қайдан көрдім, егер алдыңғы сабақтарда кейбір оқушылар тек бір-бірінен немесе оқулықтан көшіруге дағдыланса, мына жерде олар, көшіруге ұялып ,өз білгендерімен жазып шықты.

Жаңа сабақ кезеңіне өту үшін, Бағдарламаның « Оқытудың жаңа тәсілдері" модулінің «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тәсілін және Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінің «суретті сөйлет» стратегиясын қолдандым. Аталған стратегияларды негізге ала отырып, интерактивті тақтада құрамында органикалық заттары бар тағамдардың суреттерін көрсету арқылы мынадай сұрақ қойылды: «Мына тағамдар неден тұрады?». Оқушылар су,ұн,май деп айта бастады,нақты жауап ала алмағандықтан,сұрағымды дұрыс қоймағандығымды түсініп, «Мына тағамдардың құрамына қандай химиялық элементтер кіреді ?» - деп, сұрағымды басқаша қойдым.Жауабын нақты алған соң, «осы химиялық элементтерден қандай заттар түзіледі?»- деп ары қарай сұрақтарымды жалғастырдым.Осылай жетелей отырып «Органикалық заттар :нәруыздар, көмірсу, нуклеин қышқылдары, АТФ,липидтер»-дей отырып жаңа сабақтың тақырыбына тоқталдым .

Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін,осы тақырыппен танысу барысында алдымызға қандай мақсат қоюға болады дей отырып, сабақтың мақсатын айқындап алдым.Оқушыларым сабақтың мақсатын әп-әдемі анықтағандығынан, мен олардың реттелгенін байқадым.

«Ойлау мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Кубизм» тәсілін қолдана отырып топтарға тапсырма берілді. Тапсырмалар аталған органикалық заттардың(көмірсу, нәруыз, май, нуклеин қышқылы, АТФ) құрылысын, қызметін, маңызын анықтау болды. Осы тәсіл өте тиімді болды, ендеше келесі жолдары да осы тәсілді қолдануға тырысамын деп ойладым.

Тапсырмаларды бергендегі мақсатым бағдарламаның «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулінің, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және Дарынды және талантты балаларды оқыту идеялары , қаншалықты көрінетіндігін айқындау еді.

Содан соң тапсырманың критерийлерімен таныстыра отырып , уақыт берілді.

Тапсырманы қалай орындап жатқанын білу үшін , әр топтың қасына жақындадым. Ондағы мақсатым, топ мүшелері міндеттерін қалай бөлді, топты басқаруды кім қолына алды, қай оқушы жаңа қырынан көрініп отыр деген сұрақтарға жауап алу және әртүрлі деңгейдегі оқушылардың белсенділігін айқындау еді.

Бақылап жүргенде байқағаным менің үш деңгейлі оқушыларым 3топқа бөлініпті,«С» деңгейдегі оқушымның оқып отырғанын байқалды.

«А»деңгейдегі оқушым қандай топқа барса да, көшбасшылық қасиет көрсетіп бірінші болып тапсырманы орындауда белсенділік танытып отырады, осы жолы да ол орындап жатты.(қосымша №3)

«В» деңгейдегі оқушым мәтінді оқып отырды..(қосымша №4)

А.есімді оқушымның сурет салу қабілетінің жақсы екенін, ал Н.есімді оқушым хатшы болып отырғанын, Ә.есімді «жуас» оқушым постер жасап жатқанын көрдім. Әр топта жұмыс осылай қызу түрде жүріп жатты.Мен белсене жұмыс істеп отырған оқушыларды формативті бағаладым.

Уақыт аяқталды, оқушылар берілген уақытты үнемді пайдаланудың нәтижесінде жұмыстарын да орындап шықты,осы тұста мен алдыңғы сабақтарға қарағанда оқушыларымның пысығанын байқадым.Себебі,олар ешқандай сұрақсыз орындады,ендеше олар тапсырманы мұқият тыңдай білді,түсінді.

Топтың ендігі міндеті өзінің тапсырмасын басқа топтарға түсіндіру еді.

Түсіндіруді қандай оқушылар мойындарына алады екен деген оймен, оларды түсіндіруге жібердім, мені таңқалдырған Б.есімді оқушы еді, өйткені ол сыныпта көшбасшылық қасиет көрсетпейтін,ал осы жерде мен оның жаңа қасиетін көре алдым, себебі ол топтарға түсіндіруге кетті(.қосымша №5)

Мен олардың қалай түсіндіріп жатқанын тыңдау мақсатында топтарға жақындадым ,сол кезде олардың аса бір жауапкершілікпен түсіндіріп жүргендерін байқадым, бірақ мен басқа оқушылардың қалай қабылдап жатқаны туралы да ойладым. Осы ойымды жүзеге асыру үшін сабақты бекітер кезінде түсіндіріп жүрген оқушылардан емес, топта отырып қалған оқушылардан сұраймын деп ойладым.

Осы жерде мен бұрынғыдай оқушыларға сенімсіздік туғызып отырғанымды сездім,бірақ оқушыларға оны сездірмедім.

Топтағы оқушылар, түсіндіріп жүрген оқушыларға,аса бір сыйластықпен қарады, мұқият тыңдап отырды. Басқа сабақта жыбырлап отыратын оқушыларымның өздері де түсініп алуға тырысып отырғаны байқалды.

Барлығы түсіндіріп болған соң, топтар түсіндірген топ мүшелерін «бағдаршам» әдісі бойынша бағалады. Осы әдіс арқылы өзара бағалау оқушылар үшін де, мен үшін де өте тиімді екенін байқадым,себебі оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін де, жетістіктерін де көре алады,сыни тұрғыдан баға беруге үйренеді.

Өзара бағалау барысында , барлық топтар көк қағазды көтерді,сол арқылы тақырыпты оқушылардың түсінгенін байқадым.Осыдан түйіндегенім өз тәжірибемде осы модульдің идеясын ары қарай қолдануды жалғастырамын .

Енді сабақты бекіту кезеңіне көштік. Бекіту кезеңінде «Серпілген сауал » әдісін пайдаландым, себебі бұл әдіс оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қажет ететін еді. Сондықтан мен осы әдісті тек бекіту кезеңінде ғана емес міндетті түрде басқа кезеңдерінде де қолдануды ұйғардым. Қосымша №6)

Әдіс бойынша түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақтарды «лақтырады».

Мысалы: Неге нәруызды тіршіліктің көзі - деп атайды?.Д. жауабы туралы не айтасың?Т. жауабын кеңейту үшін не айтар едің?

Осылай оқушылар бірінің жауабын бірі тыңдай отыра ,өздерінің ойларын айтып үйренеді және тақырыпты терең түсінуге тырысады.

Осы әдіс бойынша мана топта отырып қалған оқушылардан сұрау арқылы сабақты бекітілді.

Түгел сұрақтарға жауап алынған соң, сабақты қорытындылау топтарға тапсырма ретінде ұсынылды, топтар топ мүшелерімен талқылай отырып, талдап , ортақ шешімге келіп әр топ бір сөйлеммен қорытындылады.

Мен топты аралап жүріп балаларды стикерлермен формативті бағаладым.

Оқушыларымның біраз қалыптасқанын, реттелгенін сездім,себебі дәстүрлі сабақтар кезінде ,немесе тәжірибемнің алғашқы сабағында олар қорытындылауды, ойларын толық жеткізуді білмеген еді.

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен бөлісу үшін оларға «Сенім жәшігі» арқылы кері байланыс ұйымдастырылды.Олар стикерлерге сабақ туралы ойларын жазып «,Сенім жәшігіне» салып кетті.

Сабақ мақсатына жетті , олай ойлау себебім оқушыларым тапсырмаларды жақсы орындады, бекіту кезінде сұрақтарға жақсы жауап берді, өздері қорытындылады.

Осы сабақтағы үй тапсырмасын тексеру барысындағы жазба жұмыстарының нәтижесіне келетін болсақ, «Сәйкестендіру кестесін» және тест жұмысын оқушылар өте жақсы орындаған, ал «Көп нүктенің орнына керек сөзді қою» және терминдерге түсінік беру тапсырмаларын орындауда қиналғанын байқадым. Бірақ соның ішінде 2оқушы «өте жақсы» жазса, бесеуі «жақсы ал қалғандары «орташа» жазып берген. Осы нәтижеден менің түсінгенім,оқушылармен үнемі, әр сабақта , сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін сұрақтар беру арқылы жұмыс істеу керектігін.

Сабақ аяқталған соң «Сенім жәшігінен» оқушылардың жазып кеткен «кері байланыс» стикерлерімен таныстым.Кері байланыс арқылы оқушыларға сабақ өте ұнағанын білдім.Сондағы Ә.есімді «жуас» оқушым: «Маған топпен жұмыс істеу өте ұнайды, осылай отыра берейік деп жазса», ал Т.есімді оқушы «Балалар топтық жұмысты ойын түрінде қабылдауды қойды,бүгінгі сабақ маған ұнады» -деп жазды.

Оқушылардың тілектерін оқи отыра ,осы бағдарламаның берері мол екеніне көзім жетті, Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтемін.

Жалпы осы модульдердің идеяларын сабақта қолдана отырып,олардың тиімді екенін көрдім. Себебі : «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінің идеясын қолдана отырып, мен оқушыларды стикермен, «жылы» сөздермен, өздері бірін-бірі «бағдаршам» арқылы бағалағанда,балаларға өте ұнады. Неге? Себебі, әділ баға қоюды, салыстыруды , кемшіліктермен жетістіктерді көре білуге, сыни көзбен қарауға үйренді.

Болашақта өз тәжірибемде осы модульдердің идеяларын сабақта қолданамын.

Қосымша №1 «Сергіту сәті» Қосымша №2 «Топтық жұмыс

Оқушыларды ынтымақтастырады.





Қосымша №4 «А» деңгейдегі оқушы

Қосымша №5 «В»деңгейдегі оқушы

Қосымша № 5 Топтық жұмыс кезінде көшбасшылық қасиет анықталды.

Қосымша №6 Сабақты бекіту кезінде үрмебұршақ салынған дорбашықты пайдаланып «Серпілген сауал» стратегиясын жүргізу



Өткізілген үш сабақ бойынша талдау

Білім беру жүйесіне қарағанда, қоғам тез өзгереді, сондықтан білім беру саласындағы адамдар да заман талабынан қалып қоймау үшін жұмыс жасап келе жатырмыз. ХХ ғасырдың мұғалімге қойған талаптары ескірді, ХХІ ғасыр еркін сөйлейтін, ойын еркін жеткізетін, шығармашыл адамды қалыптастыру. Қазіргі замандағы техника мен АКТ дамуына байланысты адамзат қарқынды дамуда .Соған байланысты бұрынғы, дәстүрлі сабақ беру әдіс-тәсілдері заман талабына сай емес. Жаңа технология біріншіден, ескі, дәстүрлі әдіс-тәсілдерден ерекшеленеді. Заманауи технология бойынша оқу үрдісінің бағыт-бағдары толығымен үлкен өзгерістерге ұшырады. Қазіргі заманмен аяқ басу үшін, заман талабына сай, сабақтарда жаңа технологияларды қолдану – басты шарт. Қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу, сапалы білім беріп, қазақстандық білімнің деңгейін көтеру, әлемдегі беделін арттыру.

Олай болса,мұғалім оқушылардың арасында гуманистік қарым-қатынас, бірлік орнатса ,нәтижесінде оқушы шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білсе, ол ұстаздың жетістігі.Мұғалім шығармашыл ойлап , шығармашыл жұмыс істей білу керек .

Осы тәжірибедегі рефлексия курсын өту барысында бірінші аптада байқағаным бұрынғы курстардан ерекше екен, бірақ,модульдермен танысқанға дейін не туралы оқып жатқанымды түсінбедім. «Мәдениет», «ынтымақтастық» , неге керегі бар?- деп ойладым. 30жыл дәстүрлі сабақтар беріп үйренген, сабақ үстінде оқушыға еркіндік бермеген мұғалім үшін бұл бағдарлама мен үшін бір түрлі болды.

Модульдермен таныса бастағанда осы бағдарламаның мақсатын түсіндім. Осы бағдарламамен танысқаннан кейін өзгеріп ,жаңаша көзқараспен қарадым . Курста танысқан жеті модульдің идеясын өз ойыма түйіп, оны өз сабақтарымда қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау және оқытудағы жаңа тәсілдер модульдерінің идеясын ала деңгейлік тапсырмаларды берген болатынмын. Нәтижесінде менің көргенім оқушылар деңгейлік тапсырмаларды деңгейлеріне сай орындағанын байқадым,ендеше осындай тапсырмаларды ары қарай да қолданамын деп ойладым.

Осы сабақтар биология пәнінен 9-10 сыныпта мынадай тақырыпта өткізілуге жоспарланып отыр .

  1. «Жасуша тірі организмнің құрылысының , қызметінің және дамуының негізгі бірлігі.»

  2. «Жасушаның химиялық құрамы» Ферменттердің тіршілік процесіндегі рөлі ,су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасушаның тіршілік әрекеттеріндегі рөлі»

  3. «Нуклеин қышқылдары,Олардың құрылысы,қызметі» .

Осы сабақтарымда оқушыларды жасушаның химиялық құрамымен және олардың жасуша үшін маңызымен таныстыру және олардың топпен, өздігінен, оқулықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту үшін , әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану :сұрақ-жауап, топтық жұмыс,суретті сөйлету, «синквейн», «Сұрақты ұстап ал!» т.б

Сабақтарымда Бағдарламаның 7модулін енгізуге тырысамын. Модульдерді енгізе отырып оқушылардың өздігінен оқу, білім алу,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуды көздеп отырмын.бағдарламамен танысқаннан кейін өзгеріп ,жаңаша көзқараспен келемін.

Бірінші сабағым «Жасуша тірі организмнің құрылысының , қызметінің және дамуының негізгі бірлігі. Өсімдіктер жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы» тақырыбында өтеді, бұл сабақта мен барлық жер бетіндегі тірі ағзалардың жасушасының құрамының бір екендігін түсіндіре отырып, соны дәлелдей білуге үйретуім керек.

Педагогикада қандай да болмасын қабілеттерді дамыту үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.

Әр сабақтың басында сергіту сәттерін өткізуді жоспарлап отырмын, себебі сергіту жаттығулары , оқушылардың бір орында отырғаннан шаршағанын басады деп ойлаймын.

Мысалы, топтық жұмыс әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық ,ынтымақтастық, сыйластық қабілеттерін дамытуға болады.

Әр тапсырманы орындап болған соң Оқыту үшін оқуды бағалауды ұмытпаймын, себебі оқу кезінде өзімді бағалаған маған қатты ұнады, ал оқушыларға ұнайтынына мен әбден сенімдімін.

«Сенім жәшігі» арқылы оқушылармен кері байланыс жасап отырамын, себебі кері байланыс арқылы мен өзімнің қателіктерімді, оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгенін, топтағы,сыныптағы атмосфера қандай болғандығын біліп отырамын.

Деңгейлік сұрақтарды және «синквейн» әдістерін енгізу оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады деп ойлаймын. Себебі «А» «В» «С» деңгейіндегі сұрақтары арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтап,оқушыларды ойландырады, сонымен қатар «синквейн» оқушыларды шығармашылық жағынан дамытады.

Осы уақытқа дейін оқушыларды тек мұғалім ғана бағаласа, енді оларды өзара және өздерін бағалауға мүмкіншілік бере отырып ,үйретемін. Бағалағанда санмен емес формативті бағалау түрімен таныстырамын, сөйтіп оларды оқуға ынталандырамын деп ойлаймын.

Сабақтарда АКТ-ні міндетті түрде қолданамын, интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін қолдану арқылы сабақты бекітіп отырамын немесе жаңа тақырыппен танысу кезінде суреттер қолданамын, видеороликтер көрсетемін.

Өзіндік жұмыстарын қалай орындап жатқанын бақылау мақсатында топтарға жақындадым. «Түймешетен» тобындағы К.есімді оқушым жұмысын аяқтап қалғанын, ал С.есімді (төменгі деңгейдегі) оқушы әлі сәйкестендіре алмай отырғанын байқадым. Келесі жолы осы оқушыға тапсырманы басқа түрде (сурет, кесте) беремін деп шештім. «Түймедақ» тобының мүшелері барлығы аяқтай бастады. «Нарғызгүл» топ мүшелерінде Ә.есімді оқушым ойын жинақтай алмай отырған болу керек, себебі үш сұраққа ғана жауап беріпті. Мен осы оқушыма жақындап келіп, бағыт бағдар бере отырып сөзбен жетеледім.Сонда ол өз деңгейіне байланысты жауап бергенін көрдім. Шырайгүл» тобында үш оқушы аяқтап қалса, «Нарғызгүл » тобындағы оқушылар барлығы тегіс аяқтады.Осы өзіндік жұмыстардан байқағаным, оқушылардың реттелгендігі.Мен оны қайдан көрдім, егер алдыңғы сабақтарда кейбір оқушылар тек бір-бірінен немесе оқулықтан көшіруге дағдыланса, мына жерде олар, көшіруге ұялып ,өз білгендерімен жазып шықты.

Бірінші сабағым «Жасуша тірі организмнің құрылысының , қызметінің және дамуының негізгі бірлігі» тақырыбында өтті. 1сабағымда ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Мен саған .... сыйлағым келеді» тақырыбында тренинг өткізуден бастадым..Тренинг кезінде «тұйық» оқушыларым ұялыңқырап зорға айтты. Гүл атаулары арқылы топқа бөлгенімде : «Апай, ашық сабақ бола ма?» деген сұрақтар қойды.

Топтар тапсырмаларын орындау барысында белсенділікпен постерлерін жаза бастады,себебі олар жарыс деп ойлап, тез орындауға, ашық фломастерлермен жазуға тырысты.Мұғалімнің түсіндіруіне үйренген оқушыларым тақтаға қорғауға келгенде шыққылары келмеді, кідіріңкіреп барып, көшбасшылық қабілеті бар оқушылар шықты.

Үшінші сабағымда, жаңа тақырыпты игеру кезеңіне өту үшін, Бағдарламаның « Оқытудың жаңа тәсілдері" модулінің «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тәсілін және Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту модулінің «суретті сөйлет» стратегиясын қолдандым. Аталған стратегияларды негізге ала отырып, интерактивті тақтада құрамында органикалық заттары бар тағамдардың суреттерін көрсету арқылы мынадай сұрақ қойылды: «Мына тағамдар неден тұрады?». Оқушылар су, ұн, май деп айта бастады, нақты жауап ала алмағандықтан, сұрағымды дұрыс қоймағандығымды түсініп, «Мына тағамдардың құрамына қандай химиялық элементтер кіреді ?» - деп, сұрағымды басқаша қойдым.Жауабын нақты алған соң, «осы химиялық элементтерден қандай заттар түзіледі?»- деп ары қарай сұрақтарымды жалғастырдым.Осылай жетелей отырып жаңа сабақтың тақырыбына тоқталдым .Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту үшін,осы тақырыппен танысу барысында алдымызға қандай мақсат қоюға болады дей отырып, сабақтың мақсатын айқындап алдым.Оқушыларым сабақтың мақсатын әп-әдемі анықтағандығынан, мен олардың реттелгенін, ойлау қабілетінің дамығанын, байқадым.

«Ойлау мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясының «Кубизм» тәсілін қолдана отырып топтарға тапсырма берілді. Тапсырмалар аталған органикалық заттардың(көмірсу, нәруыз, май, нуклеин қышқылы ,Атф) құрылысын, қызметін, маңызын анықтау болды. Осы тәсіл өте тиімді болды, ендеше келесі жолдары да осы тәсілді қолдануға тырысамын деп ойладым.

Тапсырмаларды бергендегі мақсатым бағдарламаның «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулінің , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және Дарынды және талантты балаларды оқыту идеялары , қаншалықты көрінетіндігін айқындау еді..

Тапсырманы қалай орындап жатқанын білу үшін , әр топтың қасына жақындадым. Ондағы мақсатым, топ мүшелері міндеттерін қалай бөлді, топты басқаруды кім қолына алды,қай оқушы жаңа қырынан көрініп отыр деген сұрақтарға жауап алу және әртүрлі деңгейдегі оқушылардың белсенділігін айқындау еді.Бақылап жүргенде байқағаным менің үш деңгейлі оқушыларым 3топқа бөлініпті,«С» деңгейдегі оқушымның оқып отырғанын байқалды«А»деңгейдегі оқушым қандай топқа барса да, көшбасшылық қасиет көрсетіп бірінші болып тапсырманы орындауда белсенділік танытып отырады, осы жолы да ол орындап жатты.«В» деңгейдегі оқушым мәтінді оқып отырды.А.есімді оқушымның сурет салу қабілетінің жақсы екенін,ал Ө.есімді оқушым хатшы болып отырғанын, Ә.есімді «жуас» оқушым постер жасап жатқанын көрдім. Дәстүрлі сабақтарда оқушыларымның осы қасиеттерін қалай байқамағанмын деп ойладым. Егер осы курсқа келмегенде оқушылардың осындай қабілеттерін білмей кететін едім деген ой келді.

Уақыт аяқталды, оқушылар берілген уақытты үнемді пайдаланудың нәтижесінде жұмыстарын да орындап шықты,осы тұста мен алдыңғы сабақтарға қарағанда оқушыларымның пысығанын байқадым.

Себебі,олар ешқандай сұрақсыз орындады,ендеше олар тапсырманы мұқият тыңдай білді,түсінді.Бірінші сабағымда оқушылар сыныптастарының алдына шығып түсіндіруге қиналса,үшінші сабағымда осы міндетті көпшілігі тамаша орындап шықты.

Мен оны осы үшінші сабағымда байқадым: топтар тапсырмасын орындап болғасын,түсіндіруді қандай оқушылар мойындарына алады екен деген оймен, оларды түсіндіруге жібердім, мені таңқалдырған Б.есімді оқушы еді, өйткені ол сыныпта көшбасшылық қасиет көрсетпейтін,ал осы жерде мен оның жаңа қасиетін көре алдым, себебі ол топтарға түсіндіруге кетті.

Мен олардың қалай түсіндіріп жатқанын тыңдау мақсатында топтарға жақындадым ,сол кезде олардың аса бір жауапкершілікпен түсіндіріп жүргендерін байқадым, бірақ мен басқа оқушылардың қалай қабылдап жатқаны туралы да ойладым. Осы ойымды жүзеге асыру үшін сабақты бекітер кезінде түсіндіріп жүрген оқушылардан емес, топта отырып қалған оқушылардан сұраймын деп ойладым.

Осы жерде мен бұрынғыдай оқушыларға сенімсіздік туғызып отырғанымды сездім,бірақ оқушыларға оны сездірмедім, өз ойымнан ұялдым. Топтағы оқушылар, түсіндіріп жүрген оқушыларға,аса бір сыйластықпен қарады, мұқият тыңдап отырды. Басқа сабақта жыбырлап отыратын оқушыларымның өздері де түсініп алуға тырысып отырғаны байқалды.

Әр сабақтың соңында кері байланыс арқылы оқушылар сабаққа,өздерінің жұмыстарына менің жұмысыма баға беріп, «Сенім жәшігіне» салып отырды

отырды. Кері байланыс арқылы оқушыларға сабақ өте ұнағанын білдім.Сондағы Ә.есімді «жуас» оқушым: «Маған топпен жұмыс істеу өте ұнайды, осылай отырып оқиық деп жазса», ал Т.есімді оқушы «Балалар топтық жұмысты ойын түрінде қабылдауды қойды,бүгінгі сабақ маған ұнады» -деп жазды.

Оқушылардың тілектерін оқи отыра ,осы бағдарламаның берері мол екеніне көзім жетті, Бұл бағдарламадан мен оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасып келе жатқанын ұқтым.Алдағы уақытта міндетті түрде осы бағдарламамен жұмыс істей беремін деп ойладым.

Сабақты бекіту мақсатында зертханалық жұмыс болғандықтан жұппен жұмыс ұйымдастырылды. Зертханалық жұмысты орындау мақсатында оқушылар тәжірибе жасай отырып бір-бірімен ой бөлісті,Не себепті шикі картопке су пероксидін құйғанда ол картопте көпіршіктер пайда болды? Неге піскен картопте осындай құбылыс байқалған жоқ?жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлануды қажет ететін сұрақтарға жауап алынды.

  1. Теориялық білімдерін зертханалық жұмыс орындау кезінде пайдалана білді. Зертханалық жұмыс және оқулық материалын игеру барысында оқушылар сабақ басында менің тарапымнан қойылған сұрақтың жауабын жан-жақты түсіндіре алды. Оқушылардың бұл әрекеті білу,түсіну және алған білімдерін өмірмен ұштастыра алуы,олардың сұраққа жауап іздеу барысында сыни ойлауларының нәтижесі деп айтуға болады.

Оқыту барысында балалар әңгімелесу ережелерімен, бір-біріне сұрақ қою, оған дұрыс жауап беруге үйренді. Әр сабақтың аясында қолданылатын әдістердің бірі-сұрақ – жауап, оқушының өз ойын анық, дәл жеткізе білу дағдысын жаттықтырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде балалардың сұрақтары мен сұраныстарының сапасы арта бастағаны байқалды. Қалай оқу керектігін тану арқасында балалар өзін-өзі реттеу үдерісімен танысты. Ол үдеріс оқушылардың тек қана сабақта емес, өмірде қолдана алатын білімдер алып, жүйелеуге үлкен көмек береді. Бұл жөнінде мен мұғалім ретінде оқушылардың пікірін ауызша сұхбат арқылы жинап, оны назарға алдым. Сабақты бекіту кезеңінде «Серпілген сауал » әдісін пайдаланып диалог жүргіздім.Осы әдіс бойынша түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылар бір-біріне сұрақтарды «лақтырады».

Мысалы: Неге нәруызды тіршіліктің көзі - деп атайды?.Д. жауабы туралы не айтасың?Т. жауабын кеңейту үшін не айтар едің?Осылай оқушылар бірінің жауабын бірі тыңдай отыра ,өздерінің ойларын айтып үйренді және тақырыпты терең түсінуге тырысты. Дәстүрлі сабақтарда оқушылар сұрақ қоюды білмеуші еді,сұрақты тек мұғалім қоятын. Ал енді балалар сұрақ қоюға аса бір жауапкершілікпен, сындарлықпен қарағанына таң қалдым. Осы курс аясында менің түсінгенім , дұрыс құрастырылған сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, жүйелі сөйлеу, өзіндік көзқарасын қалыптастырады,өз пікірін білдіру дағдысын да жаттықтырады, келешек тәжірибемде диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздедім және алдыма мақсат етіп қойып отырмын.

Осы біліктілікті арттыру курсынан алған тағы бір жаңалығым ол оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болды.Оқыту үшін бағалау дегеніміз не? Неге оқыту үшін бағалау керек? Деген сұрақтар мен үшін модульмен толық таныспағанға дейін түсініксіз болды. Себебі, осыған дейін тек оқу сапасын ғана бағалап үйренген мен үшін түсініксіз еді.

Сондықтан бірінші сабағымнан бастап сабақтың әр кезеңінен соң стикерлер арқылы бағалап отырдым,сабақтың соңында топтар бір-бірін өзара бағалап отырды.Оқушылар бағалауда белсенділік танытты. Бірінші бағалауда әділсіздіктер кездессе,келесі сабақтарда олар жойылды, оқушылар өзара және өздерін әділ бағалауға үйренді.

Алдағы уақытта бағалау үдерісін жоспарлағанда критерий жасауға оқушылардың өздерін де тартамын деп түйіндедім.Осы модуді сабақтарымда қолдану барысында да, әр түрлі жетістіктермен кедергілер кездесті. Мен осы модулдің алдынғы болатын сабақтарымда үнемі қолдануды ұйғардым,себебі: бұл оқушының нақты білімін анықтайтын, сабақтың айырылмас бір бөлігі екенін анықтадым.

Менің ойымша , бағдарлама модульдері бір-бірімен тығыз байланысты оларды айырып қарауға болмайды , өйткені бір-бірінсіз мақсаттарына жете алмайды .

Сондықтан мен әр сабағымда басқа модульдермен бірге «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін де өз сабақтарыма кіріктіріп отырдым.

Ондағы мақсатым оқушылардың осы модулдің әдістерін қалай өз білімдерінде қолданатының көргім келді. Алдынғы сабақтарымда оқушылар бұл модуль стратегияларын білгендіктен, сабақта қолдану қиындық тудырған жоқ. Осы әдістің менің сабағымда оңтайлы өзгерісі бұл «С» деңгейлі оқушының «постерді » қорғауға шыққаны, өз шамасынша қорғағаны болды.

Осы бағдарламамен танысқанға дейін менің сабақтарым бір сарынды болды, себебі тақырыпты мен түсіндіремін оқушы тек тыңдаушы, интерактивті тақтаға терминдерді жазып қоямын, сурет бойынша түсіндіремін ол тек көшіруші еді.Олар дайынды қабылдауға үйренген, жұмыс істегісі келмейтін, қалай істеу керек екенін білмейтін.

Мен Бағдарламадағы жеті модульді меңгере отырып, әр оқушыға сабақта еркіндік беріп, оның шығармашылық, ізденушілік қабілетін, жаңаны табуға деген ұмтылысын арттыруға мүмкіндік беру керектігін түсіндім.

Машықтану кезеңінде барлық модульді қамтуға тырыстым. Менің сабақтарым сергіту сәттерінен басталып, кері байланыс әдісімен аяқталып жүрді. Сыныбымызда оқущылар арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып жұмыс жасауға мүмкіншілік орнады, оқушылар бірін-бірі өзара бағалауды үйренді.

Мен өз сабақтарымда Сыни тұрғыдан ойлаудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдандым,айта кететін болсақ : «ВЕНН» диаграммасы, «синквейн» деңгейлік сұрақтар, видео мен сурет арқылы анықтама іздестіру сияқты тапсырмаларды алуды жөн көрдім, себебі бұл тапсырмалар барысында жұптық жұмыс түрі де, топтық жұмыс түрі де көрініс тауып , бала бойында белгілі ойлау қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сабақ барысында «ВЕНН» диаграммасын пайдалану арқылы, оқушылардың деңгейін анықтауға мүмкіншілік туды.

Мысалы: Нәруыз бен көмірсуды , ДНҚ пен РНҚны салыстыру кезінде салыстыру кезінде , «С»деңгейлі оқушының жауаптары арқылы сыни тұрғыдан ойлай білетіні анықталды.

«Бес жол өлең» (синквейн) құрастыру әдісін қолдану арқылы үндемей отыратын оқушылардың шығармашылық қабілеттері айқындала бастады.

Мысалы: Дәстүрлі сабақтарда белсенділік танытпайтын К.есімді оқушым тапсырма бойынша мынадай өлең шумағын шығарды.

Су

Ағады,төгіледі,

Мөлдір,таза,тұнық

Су-тіршілік көзі

Н2О

Сабақ бойында жиі қолданып жүрген стратегиямның тағы да бір түрі, берілген сурет арқылы түйін шығару немесе суретті сөйлету. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені енгізу үшін, оларға зертханалық жұмысты орындау да тапсырылды. Жалпы жұптық әңгімені дамыту үшін, жұптар төменгі деңгейлі және жоғары деңгейлі оқушылардан құрылуы керек,сондықтан мен өз тәжірибемде екі түрлі деңгейдегі оқушыларды жұппен жұмысқа тарттым. Жұптық жұмыс барысында оқушылар бір – біріне идея тастап, бір – бірінің пікірін тыңдайды

Осы тапсырма барысында оқушылар өздігінен ойлау арқылы , жұптарымен сұхбаттасу арқылы,талқылау арқылы бір шешімге келіп, тапсырманы орындады.

Келесі топ «Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» жайында таныстырылым жасады. Таныстырылымның нәтижесінде мұғалімдердің көбісі сыныптағы атмосфераны қалыптастырудың стратегияларымен таныс екенің байқадық. Жалпы тапсырманы орындауда және оны тәжірибесі барысында қолдануда мұғалімдердің арасында қиындықтар болғаны анықталды. Мысалы, бір әріптесіміздің сабағында топқа бөлу барысында оқушылар арасында келіспеушілік туындағаның айтты. Бұл мәселені мұғалім ең алдымен сауалнама, кейін мониторинг жүргізіп, бейнеролик көрсетуі арқылы шешкендігін айтты.

Мен мектептегі қашықтықтан оқыту кезеңінде «Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» үшін сабағымның алдында «Мен саған ...... сыйлар едім» атты тренингінен бастап , топпен жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырып отырдым. Ондағы мақсатым оқушыларды бір-біріне жақындастыру, үндемей қалатын, ұяң оқушыларды ашу, ұялшақтықтан арылту болатын.Себебі ынтымақтастық болған жерде сапалы білім болады деп ойлаймын.

Жалпы басқа топтардың тәжірибелерінен өзіме түйіндегенім,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сауалнама жүргізу,рөлдік ойындар, сергіту сәттері т.б маңызды рөл атқарады.

«Түсіну дәрежесін бағалау» бойынша кейіңгі топ мұғалімдерімен таныстырылым ортаға салынды. Мұғалімдер жақсы таныстырылым жасады.

Олар «Мұғалімдерге арналған оқулыққа» сүйене отырып «Қара жәшік» техникалық метафорасын қолданды.

Бірақ бағалау барысында туындайтын жағдаяттарға тоқталмаған болатын. Ал біздер сабақ барысындағы ең қиын маңызды сәттердің бірі бағалау екенің білеміз. Оған дәлел сол топ ішіндегі кейбір мұғалімдердің бағалауда қиналғандығы жөніндегі жағдаяттары. Мұғалім қанша жыл жұмыс істесе бағалауға қиналады,сондықтан біз әріптестерімізге осы бағдарлама ұсынатын формативті бағалауды да ұмытпаулары керек екендігін естеріне салдық.

Мен түсіну дәрежесін бағалау барысында: «Сенім жәшігі» атты әдісті қолдансам, кейбір әріптестерім «Кері байланыс», «Бағалау парақтары»,– тәсілдерін пайдаланғанын білдім.Осы әдістердің барлығы да оқушылардың қандай деңгейде екендігін және тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызады. Өз тәжірибемде формативті бағалау, өзара бағалау және өзін бағалау әдістері оқушыларды әділ баға беруге үйретеді.

«Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» бойынша келесі топ мұғалімдері таныстырылым жасады. Бұл таныстырылым жүйелі болды. Бірақ бұл таныстырылымда, Блум таксономиясы ашық айтылмады, себебі кейбір ұстаздар түсінбегендей болды. Сондықтан кейбір ұстаздар Блум таксономиясын болашақта ашып көрсетуді өтінді.

Мен өз тәжірибемде әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қоюға тырыстым. Мысалы: .Макроэлементтерге қандай элементтер жатады?(төменгі деңгейлі сұрақ) .Ағзаның микроэлементсіз болуы мүмкін бе? Неге? (Дәлелдеуді қажет ететін сұрақ) Неге микроэлементтердің шамадан тыс көп болуы немесе аз болуы ағзаның ауруына әкеліп соқтырады?(ойландыратын сұрақ)

Әрине бұл сұрақтар оқушыларды ойландырды,дәлелдеуді қажет ететін сұрақтарға келгенде оқушыларым үндемей қалды,бірақ бағыт –бағдар беру арқылы жетелеп отырып, жауабын табуға ықпал еттім.

Жалпы осы бағдарламаның оқушы үшін де , мұғалім үшін де тиімді екеніне көзім жетті.Себебі:мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқушының арасында жақсы қарым-қатынас орнады.Оқушылардың өзіне деген сенімділіктері арта бастады,кейбір оқушылар мектепке келуге қорықпайтын болы. Менің өзімнің де шеберлігім артты, көзқарасым өзгерді.

Ендеше осы курсқа келгеніме,модульдермен танысқаныма өте қуаныштымын. Алдағы уақытта осы игерген әдіс-тәсілімді одан әрі дамытып, жүйелеп, өзімнің іс-тәжірибемде толық түрде қолдануға тырысамын және жұмысымның нәтижелі болатынына сенімдімін.

.

















-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Зерттеу тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлау» (588.14 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт