Меню
Разработки
Разработки  /  Искуcство  /  Разное  /  Прочее  /  Оқушыларға кәсіби бағдар беруде, ұстаздарға артылатын жауапкершіліктің маңыздылығы

Оқушыларға кәсіби бағдар беруде, ұстаздарға артылатын жауапкершіліктің маңыздылығы

Кәсіби бағдар берудің маңыздылығы, болашақ мамандықты таңдау - болашақты таңдау.
23.10.2023

Содержимое разработки

ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУДЕ, ҰСТАЗДАРҒА АРТЫЛАТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Мамандық таңдау- адам өмірінің ең жауапты сәттерінің бірі. Әрине, мектеп қабырғасынан енді шыққан оқушы үшін болашақ мамандығын таңдау өте ауыр шешім. Дегенмен бұл сәтте жауапкершілікті оқушы бірінші кезекте өзі сезінуі қажет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан біздің болашағымыз жастардың қолында» -деп бекер айтпаған.

Елбасының жастарға қояр талабы-білікті,кәсіби маман болу.

Қазіргі экономикалық және саяси жағдай, адамның жеке психофизиологиялық сипаттамаларына жоғары талаптар қоюға мәжбүр етеді. Еңбек қатынастары түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Жұмыс орындарының қарқындылығы артып, жұмысшылардың орыны жаңа технологиялармен алмастырылуы, жұмысшылар тарапынан шиеленістің артуына, кәсіби деңгейді үнемі арттырып отыруға әкелді. Жұмысшыларға өте жоғары жан-жақты кәсіби біліктілік, мінез бен шыдамдылық керек.

Осыған байланысты мектеп жасындағы оқушыларға мақсатты түрде кәсіптік бағдар беру жұмысына көп көңіл бөлу қажет.

Қазіргі таңда мамандықтың сан алуан түрі бар, оның өзі жылдан жылға кеңейіп, өзгеріп отырады. Орташа есеппен 40 мыңға жуық мамандық болса оның жыл сайын 500 түрі жоғалып және соншасы қайта пайда болады екен. Көптеген мамандықтардың өмір сүру ұзақтығы 8-10 жыл.

Өсіп келе жатқан келесі ұрпақ ақылға қонымды, қажеттіліктен туындаған және қазіргі уақытта тапшы мамандықтарды таңдап меңгеру қоғамның талабы деп білемін. Мысалы: эпидемиологиялық жағдай енгізілгенде қаншалықты дәрігер мамандардың тапшылығын сезіндік.

Жасөспірім үшін болашақ кәсібін дұрыс таңдау оңай емес, өйткені ол өзінің болашақ өмірін анықтайды және бұл бала үшін үлкен жауапкершілік, стресс.

Зерттеулерге сәйкес ата-аналар балаларының таңдауын өздері жасайды. Ата-ана үшін жұмыстың мансаптылығы, айлық есеп көрсеткіші бірінші кезекке қойылады.Көбінесе баланың дағдылары мен жеке қасиеттері ескерілмейді. Мысалы, ата-аналардың көпшілігі кезінде өздерінің қолдары жетпеген, армандаған мамандықта балаларын көргісі келеді.Егер бұл мамандықты бала қаламаса оның болашағына балта шабумен бірдей.

Қазіргі таңда, кәсіптік бағдар беру жұмысы тек балалармен ғана емес, ересектермен де жүзеге асырылуда. Көптеген ересектер белгілі бір себептермен мамандықты өзгертуге шешім қабылдайды. Мысалы, аймақтағы немесе жалпы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты болуы мүмкін, бұрыннан бар мамандық жеке, моральдық немесе экономикалық жағынан сәйкес келмеуі. Мүмкін ол жәй ата-анасының немесе достарының өтініші бойынша оқып алынған мамандық шығар. Міне, диплом ата-ананың алдында жатыр... Ал достары өз өмір жолдарымен жылжуда. Ал мамандық сенімен бірге мәңгілікке қалары анық. Өмірде екі нәрсе таңдаудан қателеспеу керек дейдіғой ол:болашақ мамандық және болашақ жарың.

Мектепті бітіріп аттестатын қолына ұстаған бала өзінің қайда баратынын, болашақта қандай мамандықпен айналысатынын, біліп тұруы қажет деп ойлаймын. Ал баланың ондай батыл қадамға жетуі үшін ата-анасымен ұстаздары тарапынан алдын-ала үлкен жұмыс атқарылуы қажет. Ата-ана баласының кішкентайынан икемділігін, қызығушылығын бақыласа. Ұстаздары кәсіптік бағыт беру жұмысы кезінде психодиагностикалық жұмыстар жасау арқылы оқушының мақсатын жеке қасиеттерін, қабілеттерін анықтап, оларды сандық өлшеумен көрсету керек. Атап айтқанда, темпераментін, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттерін, эмпатия деңгейін, зейіннің ерекшеліктерін, ойлауын, мамандық таңдау мотивтерін және т. б.

Кәсіби бағдар беру жұмысының негізгі бағыттары-кәсіби ақпараттандыру, (радио және теледидар арқылы); кәсіби сынақтар немесе тестілеу, кәсіби кеңестер (дәрістер, сұхбаттар, пікірталастар, баяндамалар, пресс-үстел арқылы жасауға болады); кәсіби іріктеу, кәсіби таңдау.

Мектептегі кәсіби бағдар берудің маңызды бағыттарының бірі-бұл кәсіби сынақтар немесе тестілеу яғни диагностика жүргізу. Бұл кәсіби қызметтің белгілі бір түрін модельдейтін және мамандықты саналы және негізделген түрін таңдауға ықпал ететін өз күштерін тексерудің бір түрі. Оны белгілі бір мамандық бойынша жасөспірімнің өзін-өзі тексеруі немесе сынағы ретінде қабылдауға болады. Балаларды көбінде осындай тест, ойын, сынақтар көбірек қызықтырады.

Кәсіби іріктеу адамның белгілі бір мамандық бойынша оқуға және одан әрі кәсіби қызметке жарамдылығын анықтауға мүмкіндік беретін белгілі бір іс-шаралар жүйесін қамтиды. Салыстырмалы және абсолютті мамандықтарды ажыратуға болады.Салыстырмалы мамандықты кез-келген адам меңгеруі мүмкін. Ал Абсолютті мамандықтар адамның психикалық және физиологиялық қасиеттеріне жоғары талаптар қояды, сондықтан олар бәріне бірдей қол жетімді бола бермейді. Абсолютті мамандықтарға мысалы: -ұшқыштар, ғарышкерлер, су асты қайықтары мен басқарылуы қиын көліктерді жүргізу, жүйелері ауыр операторлардың күрделі жұмыстарын жатқызуға болады.

Осы орайда өнерге және спортқа бейімділі бар балаларды бөліп қарауға болады.Музыка- тізімнен таңдап ала салатын кәсіп емес. Күй өнері әбден жетілген сананың, рухани тілектің жолы және жауапкершіліктің ерекше көрінетін тұсы. Көп жағдайда баланы өнер саласына ата-анасының амбициясы,мейманасы себеп болады.

Өкінішке орай, өнер өзінің әу бастағы тәңірітекті мәртебесінен айырылып, күнделікті әдепкі кәсіпке, бәсекелестік алаңына, бедел жарыстыратын майданға айналды. Шыны керек ата-ана баласын көп жағдайда музыка мектебіне әкелгенде, «менің балам кімнен кем» деп әкеледі. Және, бәсеке заманында туған, сол рухта тәрбиеленген бала да бойындағы жылт еткен өнер ұшқынына сеніп өзін болашақ ұлы музыкатпын деп есептейді. Балалардың сахнада өзін-өзі қалай ұстайтынын кейде зер сала қарасаңыз ұрпақтың тұтастай «жұлдыз» ауыруымен ауырғанын байқау қиын емес.

Өнер деген, табиғатында, жаратылысында бәсеке емес, ат бәйгесі емес, тек қана үздіксіз рухани жетілу екенін қазіргі ұрпаққа түсіндіру қиын.

Сондықтан музыкант өткен заман сазын жаңғыртушы, бүгінгі күй өнерін жаратушы, және өресі асса- ертеңгі талғамды да қалыптастырушы. Міне сол себепті ата-ана және осы саладағы ұстаздар баланың болашағымен қоса рухани ортының болашағын ойлаған абзал.

Жақсылап жаттыққан адамның үйренбейтіні жоқ. Азаптанып жүріп қай пернеден кейін қай пернені басу керегін, қай жерде қалай қағу керегін үйренуге болады. Бірақ ол күйші емес, тартқаны күй емес. Бұл- біздің жүйенің бірінші қатесі. Ұстаз бірінші кезекте балаға кәсіби бағыт бергенде баланың қабілетіне, оның дарындылығына аса назар аудару қажет. Ол бала мүмкін ұстаздың жалған алдамшы сөзіне еріп 4 жыл өнер саласын тек жаттандылықпен оқып шығуы мүмкін. Алайда осы 4 жылда ол баладан мүмкін мықты бір IT немесе мерчендайзер, модератор,бета-тестер сияқты толып жатқан басқа заманауи мықты маман шығуы мүмкін. Сондықтан осындай адасып жүрген, болашағын таңдай алмай жүрген балаларды бағыттау ұстаздардың ең басты мақсаты болуы қажет деп санаймын.

Кәсіби іріктеудің міндеті де сол жеке ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір мамандық шеңберіндегі қызметтің жекелеген түрлеріне сәйкес келетін адамдарды анықтау. Яғни баланың техникалық мамандықтарға деген көрсеткіші басым, қабілеті мол болса оған актерлік мамандыққа кел деп қинаудың қажеті жоқ.

Мектеп ішіндегі психологтар мен оқытушылар әдетте таңдау мәселесіне оқушылардың назарын аударудың келесі формалары мен әдістерін қолданады:

-Жеке әңгімелесу-консультациялар

-Топтық тренингтер;

- Кәсіби бағыт беру ойындары мен жаттығулар;

- Арнайы ұйымдастырылған пікірталастар;

-Сауалнамалар;

-Оқытушының өз басынан өткен мысалдарын қолдану (көбінесе мұндай мысалдар мектеп оқушылары үшін қызықты және сенімді болуы мүмкін);

-Театр, табиғат аясына, обсерватория, жергілікті кәсіпорындарға т.б көптеген жерлерге ұйымдастырылған экскурсиялар;

Ақпараттық әлемнің кең дамуы кейде баланың қате таңдау жасауына да әкелуі мүмкін. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде кез-келген сұрақтың жауабын, мамандықтың түр-түрін, қайда, қаншаға, қанша уақытта оқытатындағы туралы ақпараттың барлығы қол жетімді. Тіпті ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ көптеген мамандықты игеруге болады. Бірақ оның сапасына аса назар аудармауы мүмкін, тек жарқыраған жарнамасы мен визуалына сеніп сол мамандықты немесе оқу орынын таңдап кетуі әбден мүмкін.

Бүгінгі күнде барлығымыз әлеуметтік желілерді, әр- түрлі қосымшаларды пайдаланымыз. Заман талабынан қалмай бәсекеге қабілетті болу үшін әр-бір оқу орынының әлеуметтік желілерді жүргізіп рейтингісін көтеріп отыратын PR –менеджерден бастап СММ, копперейтор,мобилограф және таргетологтар сияқты мамандар алдағы уақытта оқу орынының тұрақты жұмысшылары болары сөзсіз.

Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзреттердің Атласын көрсеңіз жоғарыда атап өткендей мамандықтар орташа 8-10 жыл өмір сүрсе әр-бір 5-6 жыл сайын мамандықты ауыстырып отыру заман талабы болары анық. Ғылыми-техникалық революция мен шаруашылықтың дамуы осыған әкелуде. Футурологтардың айтуынша адамдар оқиды, кемелденеді, дамиды, сүйікті ісімен айналысып жаңа мамандықтар ойлап табады екен.

Қанша мамандық жоғалып, қаншасы пайда болып жатса да ұстаздық, оқытушылық өнер жалғасуда және жалғаса бермек. Келесі ұрпақты дұрыс бағыттау адыстырмау, жол нұсқау біздің басты борышымыз деп білемін.


Пайдаланылған әдебиеттер:

https://stan.kz/keleshek-mamandyktary-zhumyssyz-kalma/

https://www.enbek.kz/kk/atlases-professions

Таласбек Әсемқұловтың жазбаларынан: «Күй өнерінің болашағы» (1998, «Будущее искусства кюя», З.Наурызбаеваның аудармасы),







-75%
Курсы повышения квалификации

Методики и технологии преподавания мировой художественной культуры в современной общеобразовательной школе в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Оқушыларға кәсіби бағдар беруде, ұстаздарға артылатын жауапкершіліктің маңыздылығы (24.25 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт