Күні:20.04.2017. Сынып: 1 «б»сынып Сауат ашу пәні | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Әңгіме оқимын. Сөйлем. | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.5.1.Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша сұрақтарға жауап беру. 1.3.8.1.Жазу жолын жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығсны сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. | |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. | |
Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы | |
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | |
Тілдік құзыреттілік | Нан,хлеб,bread. | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | |
Сабақтың басы | -Мына менің жүрегім, -Бәрі осыдан басталған. -Мынау менің басым, -Бәрін осы басқарған. -Мынау менің оң қолым, -Мынау менің сол қолым, -Барлық істі атқарған. Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуы Жұппен жұмыс. «Бауырсақ»ертегісін рольге бөліп жалғастыру.
| |
Сабақтың ортасы
| «Тиым сөздер».Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты ашу.
1-жаттығу Мәтінді тыңда. «Тәтті тоқаш» 2-жаттығу Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жаз. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін айт. 3-жаттығу.Қаламсапты аламыз,көркем етіп жазамыз. Көркем жаз. Нан-ардақты асыл ас, Аттамас одан кәрі-жас. 4-жаттығу Бірің даяшы,екіншің тапсырыс беруші болып сөйлесіңдер. | |
Сергіту сәті 1 минут | Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) | |
Аяқталуы 16 минут
Қызықты тапсырма 8 минут
| Пицца 16-ғасырда пайда болған тағам. Ащы деген мағынаны білдіреді. 5-жаттығу Мына пиццалардың құрамы әртүрлі. Әр пиццаның қаасындағы әріптерді дұрыс орналастырсаң,олардың құрамында не бар екенін табасың.
| |
Сабақтың соңы 2 минут
Мұғалімнің сабаққа жасаған Рефлексиясы | «Кеме»суретін оқушыларға таратып беру. Сабақ ұнаса желкенді жасыл түспен,ұнамасы сары түске бояу.
|