Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Планирование  /  1 класс  /  Сынып сағаты: "Салауаттылық -салтымыз!"

Сынып сағаты: "Салауаттылық -салтымыз!"

Білімділік мақсаты:

Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру

20.05.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Салауаттылық –салтымыз»

Білімділік мақсаты:

Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру. 
Дамытушылық мақсаты:

«Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқушылардың газеттері, презентация, «Денсаулық» гүлі. 
Сабақтың барысы: 
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. 
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. 
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.

Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік. 
/Интерактивті тақтадан презентация көрсету/
1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында. 
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады. 
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. 
(«Мың бір хадистен») 
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді, салауатты өмір сүру үшін не істейтіндерінді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз. 
1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу. 
1- топ «Денсаулық» 
2- топ «Салауат» 
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық». 
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі» 
2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
І .Үй тапсырмасы:

Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды. 

1-топ. Спорт -сенің серігің

2-топ. Денсаулық –зор байлық.

ІІ. «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою. 
1- топ:

1. Д...... і (дәрі) 
2. в...та...н (витамин) 
3. ....ны.....у (шынығу) 
4. с....ау......т (салауат) 
2- топ:

1. Г...и...на (гигиена) 
2.ту...ку....ез (туберкулез) 
3. тұ......у (тұмау) 
4. д... ау.... қ (денсаулық) 
IІІ. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды. 
ІV. Шығармашылық тапсырма: 
1- топ: 
................................................баламыз, 
.................................................аламыз. 
..................................................... 
.................................................санамыз. 
2- топ: 
................................................күлеміз, 
.................................................жүреміз, 
....................................................... 
...................................................сүреміз. 

 V. Ситуациялық жағдайлардан шығу.

1-   жағдаят:

Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін « Денсаулық» жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша « Денсаулықты сатып алуға болады» деді Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол  « Денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз» деді.

-Сендер не деп айтқан болар едіңдер?

2-жағдаят:

Самат енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ, ол неден бастарын білмей қойды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.

- Саматтың ойы дұрыс па? Сендер Саматтың орнында болсаңдар күн кестесін қалай құрар едіңдер?


Сайысты қорытындылау



 Тренинг «Денсаулық» гүлі
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін, салауатты өмір салтын қолдау үшін не істейміз? Не істеуіміз керек? Оқушылар «Денсаулық» гүлінің әр күлтесіне өз ойларын жазып іледі. 
Мұғалім сөзі:

Ал, енді балалар, сендер салауатты өмір сүру үшін ең бірінші байлық денсаулықты сақтау керек екендігін жақсы түсінген боларсыңдар. «Денсаулық –зор байлық» деген нақыл сөз бар. Спортпен шұғылданыңдар, жаман әдеттен аулақ болыңдар.

«Мәңгілік еліміздің» дені сау, білімді де білікті азаматтары болып өсіңдер.




-75%
Курсы повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сынып сағаты: "Салауаттылық -салтымыз!" (40 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт